Және Ғылым министрлігі Е. А. Бӛкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік


Екпін алып ҧзындыққа секіру техникасын оқыту әдістемесі



бет62/65
Дата13.10.2023
өлшемі427,06 Kb.
#185252
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65
Байланысты:
Abdrahmanov

Екпін алып ҧзындыққа секіру техникасын оқыту әдістемесі.


Ұзындыққа секіру техникасын оқытуға кӛшпес бұрын, жақсы спринтерлік және секіру дайындығынан ӛту қажет, ол екпін алудың тұрақтылығын және мықты, әрі тез үйренуді қалыптастырады.



  1. міндет. Ұзындыққа екпін алып секіру техникасымен таныстыру.

Бұл міндет секіру техникасы жайлы әңгімелеуден, фотосуреттерді қарау мен түсіндіру, кинограмма, видеофильмдер, плакаттар кӛрсетіп, ұзындыққа екпін алып секіру техникасын кӛрсету арқылы шешімін табады.

  1. міндет. Итерілу техникасын үйрету.

Итерілуге үйрету кезінде әртүрлі жаттығулар рет – ретімен қолданылады:

    • бӛксені алға шығарып, белсенді түрде орнында тұрып аяқ қимылын имитациялау, итерілу аяқталған кезде – серпілетін аяқтың тізесін кӛтері;

    • аяқтың ӛкшесін еденге тіреп жатып, бӛксені жоғары кӛтеріп жерге ӛкшемен тұруды имитациялау;

    • итерілу кезінде қол мен аяқтың қозғалысының сәйкестік имитациясы. Бұл кезде бос аяқтың серпілуі кезінде қолымыз алға – жоғары кӛтерілуі керек, итеретін аяқта жоғары кӛтеріледі, ол серпілген аяқтың бӛксесін кӛтеріп тепе – теңдік сақтауға кӛмектеседі;

    • дәл осы жаттығулар, бірақ бірінші қадамда итерілу;

    • серпілген аяқ бӛксесімен затқа жету, содан кейін итерілу имитациясы;

    • қадам арқылы итерілетін аяқпен итеріліп, содан соң үш қадам сайын секіру;

    • 40-60 см биіктіктегі планкадан үш екпін алып, қадам жасап секіру;

    • 3,5 қадамдардан екпін алып «қадам» жағдайында секіру («ат», тӛсеніштер, және т.б. спорттық снарядтар);

Кӛрсетілген жаттығуларды орындау барысында, итерілетін аяқтың түзу ұсталуы және келесі аяқпен тез серпіліп жоғары кӛтерілуін қамтамасыз ету керек. Итерілу кезінде қол, серпілетін аяққа қарама-қарсы болып, ұшуды түзусызықты қалыпта ұстап тұру үшін қолды жоғары, ішке, алға белсенді түрде қозғап отыру керек.



  1. міндет. Итерілумен сәйкес екпін алу техникасына үйрету.

Бұл міндетті шешудің құрылғылары болып;
-серпілетін аяқпен жерге түсуге және қозғалыстың әртүрлі жылдамдығында «қадам» арқылы секіріс жасау;

    • 2-5 қадамда екпін алып жылдамдықта және итерілу орнына итерілген аяқты белсенді қою арқылы секіру жасау;

    • екпін алудың 6-10 қадамында итерілу мақсатымен екпін жасап жүгіру;

    • екпін алудың 5-6 қадамында гимнастикалық мосттан секіру;

    • екпін алудың 5-6 қадамында тӛмен орналасқан планка арқылы секіру;

    • қысқа және орташа ұзындыққа екпін алып секіру;

Үйретіліп отырған жаттығулар техникасын меңгеру кезінде екпін алудың соңғы қадамдарында ырғақты үдету, ал соңғы қадамның ұзындығы алдыңғы қадамдарға қарағанда сәл қысқа болуы керек.

  1. міндет. Жерге түсу техникасын үйрету.

Жерге түсуге үйрену кезінде, ең алдымен, орнында тұрып секіруді қайталап отыру керек. Бірақ басты назарды тізені алға- жоғары созып, жерге түскенде аяқты белсенді алға жіберуге аударған жӛн. Аяқты алға жақсылап шығару үшін сол жерге лентамен белгі жасап қойған жӛн және сол белгіден аяқты асыра жерге түсуге тапсырма беріледі.
Екпін алып жерге түсуге үйрету кезінде келесідей жаттығуларды ұсынуға болады:



    • тізені алға – жоғары белсенді созып, ұзындыққа орнында секіру және қолды тӛмен түсіру керек;

    • екі аяқпен итеріле орнында тұрып ұзындыққа немесе жерге түсуге аяқты созып, құмға немесе паралон салынған шұңқырға секіру;

    • 20-50 см биіктікке орналастырылған планка арқылы қысқа екпін алып ұзындыққа секіру;

    • ілінген гимнастикалық қабырғадан алға серпіліп бір рет секіріп, гимнасикалық тӛсенішке екі аяқпен түсу;

    • қысқа екпін алып жіп немесе резеңке лента арқылы ұзындыққа секіру;

  1. міндет. Ұшу кезіндегі қозғалыс техникасын үйрету.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет