Және өткізу туралы» 2024 жылғы



Pdf көрінісі
бет1/19
Дата12.09.2024
өлшемі1 Mb.
#204200
түріКонкурс
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Конкурс ережесі 2024 Күнтізбелік жоспар каз 12.04.2024



«Педагогикалық идеялар панорамасы» 
Республикалық конкурсын ұйымдастыру 
және өткізу туралы» 
2024 жылғы «_
__
»
______
 №
___
 бұйрығына 
2-қосымша
Жыл сайынғы Мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарына арналған бейне-сабақтар мен бейне
дәрістердің «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық конкурсы туралы 
ЕРЕЖЕ
1. Конкурстың жалпы ережелері
Жыл сайынғы Мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарына арналған бейне-сабақтар мен бейне
дәрістердің «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық конкурсы ереже (бұдан
әрі – «Педагогикалық идеялар панорамасы» конкурсы туралы ереже) «Педагогикалық
идеялар панорамасы» (бұдан әрі – Конкурс) білім беру ұйымдарының педагогтеріне
арналған республикалық бейне-сабақтар конкурсын өткізу және оған қатысу тәртібін,
шарттарын реттейді.
Конкурс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 7 тамыздағы
№248 бұйрығымен бекітілген Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және
халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың),
орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық
жарыстардың тізбесіне сәйкес өткізіледі.
1.1. Конкурс мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдары қызметкерлерінің құралдық
және пәндік
сауаттылықты дамыту саласындағы заманауи білім беру технология мен әдістемелерін
пайдалану жөніндегі озық педагогикалық идеяларын ұсыну және тарату нысандарының бірі
болып табылады. 
1.2. Конкурсты өткізу пәнаралық негізде білім алушылардың ерте/ функционалдық
сауаттылығын дамыту саласында педагогтардың озық педагогикалық тәжірибесі мен өзара
іс-қимылының үздік тәжірибелерін анықтауға және таратуға ықпал етеді.
1.3. Конкурсты ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту
Министрлігінің қолдауымен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Акционерлік
қоғамы (бұдан әрі – «Өрлеу «БАҰО» АҚ) болып табылады.
1.4.
Конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін құрамын «Өрлеу «БАҰО» АҚ
Басқармасы айқындайтын Орталық ұйымдастыру комитеті, (бұдан әрі – Ұйымдастыру
комитеті) және «Өрлеу «БАҰО» АҚ әрбір филиалының базасында өңірлік және
республикалық кезеңдерде конкурсты ұйымдастыруға және өткізуге жауапты Өңірлік
ұйымдастыру комитеттері (бұдан әрі – ӨҰК) құрылады.
1.5. Өрлеу «БАҰО» АҚ филиал директорлары ӨҰК төрағалары болып табылады.
1.6. Қабылданған бейнематериалдарды бағалау мақсатында әр өңірде Сараптама
кеңесі құрылады, ол Өрлеу филиалдарының ПОҚ қатарынан қалыптастырылады және оны
ӨҰК төрағасы бекітеді (1-қосымша). Сараптама кеңестердің төрағалары «Өрлеу» БАҰО»
АҚ филиал директорларының орынбасарлары/өкілдік басшылары болып табылады.
Филиал/өкілдік қызметкерлері Сараптама кеңесінің мүшелері бола алады. Сараптама
кеңесінің мүшелері филиал/ өкілдік қызметкерлері бола алады. ӨҰК Ұйымдастыру
комитеті әзірлеген Конкурсты дайындау және өткізу жөніндегі бірыңғай іс-шаралар
жоспарына сәйкес жұмыс істеп, Өңірлік сараптама кеңесінің жұмысын қамтамасыз етеді. 
1.7. Республикалық кезеңнің бейнематериалдарын бағалау мақсатында
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиал директорлары/өкілдік басшылары арасынан аталған бағыттар
бойынша сыртқы сарапшыларды қатыстыра отырып, Республикалық сараптама кеңесі
құрылады. Ұйымдастыру және өткізу жөніндегі жұмыс тобының жетекшілері
Республикалық сараптама кеңесінің төрағалары болып табылады.
№ 79 от 04.04.2024




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет