Және өткізу туралы» 2024 жылғы



Pdf көрінісі
бет6/19
Дата12.09.2024
өлшемі1 Mb.
#204200
түріКонкурс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Конкурс ережесі 2024 Күнтізбелік жоспар каз 12.04.2024

Республикалық кезең
келесі іс-шара түрлерін қамтиды:
7.2.3.1. ӨҰК белгіленген күндерде ұйымдастыру комитеті дайындаған тиісті бұлтты
шешімге (бұлтты шешімдердің саны бағыттар санына сәйкес келеді) конкурстың өңірлік
кезеңінде бірінші орын алған бейнематериалдарды орналастырады және оқу бейнесінің
атауын сол бұлтта орналасқан жиынтық тізімдемеге (4-қосымша) енгізеді. Максималды
әділдік мақсатында бұлтты шешімге жүктелген бейнеде оның қандай да бір филиалға
тиістілігін көрсететін ешқандай предикт (көрсеткіш) болмау керек; 
7.2.3.2. Ұйымдастыру комитеті 12 бағыт бөлінісінде конкурстық жұмыстардың
бірыңғай тізімін (тек бейнематериалдың атауы) қалыптастырады және Республикалық
сараптама кеңесінің мүшелеріне жібереді (5-қосымша);
7.2.3.3. Ұйымдастыру комитеті бағалау критерийлері бойынша Республикалық
сараптама кеңесінің сарапшыларына нұсқама жүргізеді және сарапшыларға бұлтты қоймаға
кіруге мүмкіндік береді (сарапшыларға конкурстық жұмыстар орналастырылған бұлтты
шешімдерге тікелей сілтемелер жібереді);
7.2.3.4. Республикалық сараптама кеңесі 12 бағыт бойынша республикалық кезеңнің
материалдарын бағалау және бағалау парақтарын толтыру бойынша жұмыс жүргізеді;
7.2.3.5. Ұйымдастыру комитеті Конкурстың республикалық кезеңінің қорытынды
нәтижелерін шығарады және жүлдегерлерінің жалпы тізімін (7-қосымша) филиалдарға
жібереді.
7.2.3.6. Ұйымдастыру
комитеті Конкурстың республикалық кезеңінің нәтижелерін
жариялайды, марапаттау құжаттарын дайындайды және республикалық кезең
жеңімпаздарына марапаттау рәсімі кезінде марапаттау құжаттарын ұсынады.
7.2.4. Конкурс қорытындысы «Өрлеу» БАҰО» АҚ сайтында орналастырылады.
8. Конкурстық жұмыстарға қойылатын техникалық талаптар
Конкурстық жұмыстардың техникалық сипаттамалары мен ұзақтығы Конкурс
Ұйымдастырушысымен бекітіледі және шешім қабылдау үшін негіз болып табылады.
8.1.
Бейнематериалдардың техникалық сипаттамалары
:
• Full HD-ден (1920x1080) 4K-қа дейінгі өлшем
• пішім *.mp4.
• бейнематериалдың уақыты 5-тен 10 минутқа дейін.
• дыбыс сипаттамалары (пішім, битрейт, т.б.) – стерео 48 кГц 16 бит.
Бейнематериал сапалы дыбыспен сүйемелденуі тиіс. Дыбыс сапасы, ақаулар,
бұрмаланулар, жиілік сипаттамасының дұрыс берілмеуі, кедергілер мен шулар бойынша
техникалық ескертулер болған жағдайда бейнематериал қабылданбайды. 
Екі немесе одан да көп көріністердің түйістері (монтаждау желімдері) ешқандай
өтпелі әсерлермен бірге жүрмеуі тиіс; видеоны қараудың табиғи сезімін қамтамасыз ету
үшін бір іріліктегі көріністерді түйістіру (монтаждау) орынсыз болады.
8.2.
Бейнероликтің жалпы графикалық және музыкалық рәсімделуі:
Графика
(бар болса) Өрлеу брендбук ұсынымдарына сәйкес орындалуы тиіс.
Музыка
(бар болса): Creative Commons (СС) лицензиясы, Royalty Free музыкасы,
№ 79 от 04.04.2024


авторлық құқық мерзімі өткен музыка. 
Экраннан тыс дикторлық мәтін
(бар болса) сценарий мен бейне тәртібімен
байланысты болуы тиіс. 
3D визуалдау
(міндетті емес): 3D визуалдау және сапа анимациялау заманауи
талаптарға сай болуы керек. Анимациялаудың ұзақтығы 30 секундтан аспауы тиіс.
Бейнероликті
 
монтаждау:
сценарийге сәйкес түсірілген бейнематериалды
(қалауынша, 3D анимациялауды, инфографиканы қолдана отырып) және дауысты (немесе
жанды сөйлеуді) қосуды қамтиды.
8.3. Аудио және бейне контент өндірушілерінің авторлық құқығын сақтау. Авторлық
құқық объектілері болып табылатын жұмыстардың фрагменттері пайдаланылған
материалдар құқық иеленушілермен келісілмей қабылданбайды.
8.4. Слайд-шоу түріндегі жұмыстар қабылданбайды.
8.5. Сілтеме жұмыс істемеген жағдайда жұмыс қабылданбайды.
8.6. Конкурсқа қатысу үшін: бұрын басқа конкурстарға қатысқан бейнероликтер;
сапасы төмен бейнероликтер; мазмұны ҚР заңнамасын бұзатын бейнероликтер,
жарнамалық сипаттағы бейнероликтер, басқа адамдардың қадір-қасиеті мен сезімін
қорлайтын және кемсітетін бейнероликтер қабылданбайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет