Жер құқығының қайнар көздері көзі болып жер қатынастарын реттейтін нормативтік актілер табылады. Мұндай нормативтік құқықтық актілер келесідей белгілерге жауап беруі тиіс: алдымен, аталған актілер мемлекеттік биліктің тасушысы болуы қажет, екіншіден, бұл актілер нормативтік сипатта, яғни бірнеше рет қолданатын сипатта болуы қажет, үшіншіден, бұл актілер бірнеше субъектілерге бағытталған болуы тиіс және барлық субъектілер орындауы тиіс.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 9-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы біртұтас мемлекет болып табылады, сол себептен жер заңдары да Республиканың барлық аймағы үшін бірдей болып табылады.
Жергілікті органдар жер заңдарына жататын нормативтік- актілер шығаруға құқылы жән еолар барлық әкімшілік бөліністерінде бірдей күшке ие болады. Бұл жер құқығы субъектілерінің құқықтық дәрежесі, басқа аумақта орналасқан жер құқығы субъектісінің құқықтық дәрежесіне тек Республикалық заңдарда көрсетілген жағдайларда ғана ерекшеленуін білдіреді. Жалпы құқықтың қайнар көздері мемлекеттің құқық шығармашылық қызметінің сыртқы нысаны болып табылады. Мемлекеттің еркі құқықтың қайнар көздері арқылы барлығына бірдей сипатқа ие бола алады.
Жер құқығының-қайнар көздері дегеніміз- өз құзыреті шегінде мемлекеттік билік органдарымен қабылданған жер құқығы қатынастарын реттеуге бағытталған нормативтік- құқықтық актілердің, халықаралық келісімшарттың жиынтығы болып табылады. Бұлардың негізгі мақсат- мемлекеттің жер саясатын білдіре отырып оны жүзеге асыру. Бұл жерде сот прецендеттерінің әдет-ғұрып ережелері есепке алынбайды. Белгілері:
Жер қатынастары саласындағы мемлекеттің саясатын жүргізуді қамтамасыз етуге бағытталған;
Жер қатынастарын реттеуге бағытталған;
Бірнеше рет қолданылады;
Жер құқық қатынастары субъектілерімен орындалуға міндетті болып табылады.
2.Жер құқығының қайнар көздері мен жер заңнамасының арақатынасы.
Жер құқық теориясында жер құқығының қайнар көздері мен жер заңнамасы деген ұғымды ажырата білген дұрыс. Себебі жер құқығының қайнар көздері кең мағынада қарастырылатын ұғым болса, жер заңдары тар мағынада қарастырылады. Жер құқығының қайнар көздері ретінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, Азаматтық кодексі т.б жер құқық қатынастарын реттеу барысында қолданылады. Мәселен, Жер кодексі, шаруа (фермер) қожалығы туралы заң т.б Жер құқығының қайнар көздеріне қарамас бұрын, жер заңдарының мақсаты мен міндетін анықтап алу қажет. Қазақстан Республикасының қолданыстағы жер заңын саралай отырып, келесі жайттарды бөліп алуға болады. Жер құқығы заңдарының міндеттері мен мақсаттары заң актілерінде айтылғанымен, ғылыми зерттеулерде және оқулықтарда арнайы зерттелмеген. Осы ұғымдардың анықтамасы мен мәнін ашу ғылым үшін де, білім үшін де, өзекті мәселе болып саналады.
Жер заңнамасының мақсаты мен міндеттері. Қазақстан Республикасы жер заңнамасының теориялық тұрғыдан зерделей отыоып, жер заңнамасының келесідей мақсаттары мен міндеттерін бөліп қарастыруға болады. Жер заңдарының мақсатына мыналар жатады:
өндірістің экологиялық қауіпсіз технологияларын ынталандыру және басқа да іс-шараларды жүргізу арқылы тозуы мен бүлінуін, шаруашылық қызметін басқа да қолайсыз зардаптарын болдырмау;
тозған немесе бүлінген жерді жақсарту мен қалпына келтіруді қамтамасыз ету;
жерді оңтайлы пайдаланудың экологиялық-нормативтерін тәжірибеге енгізу болып табылады.
Қазақстан Республикасы жер заңдарының міндеттері:
Жер учаскесіне меншік құқығы мен жер пайдалану құқығы туындауының өзгертілуі мен тоқтатылуының негіздерін, шарттары мен шектерін;
Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқытары мен міндеттерін жүзеге асыру тәртібін белгілеу;
Жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды, топырақ құнарлығын ұдайы қалпына келтіріп отыруды, табиғи ортаны сақтау мен жақсатруды қамтамасыз ету мақсатында дер қатынастарын реттеу;
Шаруашылық жүргізудің барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшін жағдайлар жасау;
Жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттін жерге құқықтарын қорғау;
Жылжымайтын мүлік рыногын жасау мен дамыту;
Жер қатынастары саласында заңдылықты нығайту болып табылады;
3.Жер құқығы қайнар көздерінің жіктелуі ( заң күші бойынша: құқықтық, қатынастары реттеу шеңбері бойынша; актіні қабылдаған орган бойынша)
Жалпы жер құқығы нормалары олардың көпшілікпен қабылдануы үшін ерекше жазбаша мәтінде болуы керек.. Оған құзыретті органдармен қабылданған нормативтік құқытық актілер жатады. Жер құқығының көпшілік нормалары, нормативтік құжаттарда жазбаша бекітіледі: заңдар, Президент жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары және т.б. Нормаларды былайша жеткізу құжатпен мүдделі тұлғалардың немесе орындаушы органдардың толық танысуына мүмкіндік жасайды. Бұл нормалардың негізгі жүзеге асыру құралы болып және оны сақтауды қамтамасыз етуге қызмет жасайды. Өйткені жазбаша мәтін құқықтық норманың мазмұнын анықтап ашып береді және кез келген мүдделі тұлға нормасының нақты мазмұнымен танысуын жеңілдетеді. Сондай-ақ мұндай көрсету нысаны әртүрлі нормаларды қарама-қайшылықтарды салыстыра отырып, жоғары деңгейде кемшіліктерін түзетуге мүмкіндік береді. Туынды нормативтік құқықтық актілердің түрлеріне регламент, ереже, қағида, нұсқаулар жатады. Туынды түрдегі нормативтік құқықтық актілер негізгі түрлердегі нормативтік-құқықтық актілер арқылы қабылданады немесе бекіиіледі немесе олармен біртұтастық құрайды. Туынды түрдегі нормативтік-құқықтық актінің нормативтік-құқықтық актілер сатысында алатын орны негізгі түрдегі актінің деңгейімен анықталады. ( нормативтік –құқықтық актілер туралы заңның 3-бабы).
Жер заңдарының жүйесі де осы ережелерге бағынады. Жіктеу негіздері бойынша:
Заң күші бойынша;
Қолданылатын аумақтық кеңістік бойынша;
Реттелетін қатынастардың түріне байланысты;ж
Заң күшіне байланысты заңдар және заңға негізделген актілер болып бөлінеді.
Заңнама, заңдар – мемлекеттегі өкілетті заң шығарушы органдар қабылдаған нормативтік актілер (көбінесе, заңдар) кешені; сол мемлекеттегі саяси, әлеуметтік, экономикалық, рухани, отбасылық, т.б. қарым-қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Кейде сол нормалардың бір түрі де заңнама деп аталады. Заңнама мемлекеттік билікті жүзеге асыру әдістерінің негізгісі болып табылады. Заңнама бөліктері өзара байланысты, әрі бір-біріне бағынышты бірегей жүйені құрайды. Заңнаманы құрайтын бөліктер оны қабылдаған мемлекеттік басқару құрылымындағы тиісті заң шығарушы органның мәртебесіне қарай белгілі бір тармақтарға (жоғары билік органдары қабылдаған заңдарға, үкімет қаулыларына, министрліктер мен идаралардың нормативтік актілеріне, т.б.), сондай-ақ, олар қоғамдағы қарым-қатынастардың қандай саласын реттеуге бағытталғанына қарай арнаулы салаларға (азаматтық заңнамаға, қылмыстық заңнамаға, әкімшілік заңнамаға, т.б.) бөлінеді.
Заңнама жүйесінде мемлекеттің КонституциясыНегізгі Заң немесе Ата Заң болып табылады. Ол жоғары заңи күшке ие: мемлекеттік органдардың бүкіл заңдары мен басқа да нормативтік актілері Конституцияның негізінде және соған сәйкес шығарылуға тиіс. Қазақстан заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясын, конституциялық заңдарды, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын қамтиды. Олар мемлекеттегі қарым-қатынастардың қандай саласын реттеуге арналғанына байланысты бірнеше топқа бөлінеді.
Заңнама түрлері:
|