Адамгершілік сезімдер қоғам талабына орай адамның өз мінезінің лайық не лайық еместігін сезінген көңіл – күйін білдіреді. Адамгершілік сезім моральдық сезім деп те айтылады. Мораль сөзінің мағынасы адамгершілік. Адамгершілік сезім қоғамның тарихи дамуына байланысты. Адамгершілік сезім кісінің өткен өміріндегі елестеріне, мақсат – міндеттеріне жүзеге асыруы мен идеаларына және дүниетанымдық көзқарасы мен қоғамдық іс - әрекет түрлеріне байланысты болып келеді.
Адамның жоғары деңгейдегі сезімдерінің қалыптасып, дамып отыруы ең алдымен өзінің жеке басына деген жауапкершілікті сезінуінде жатыр. Екіншіден, ол отбасындағы тағылым – тәрбиеге, мектеп пен қоғамдық ұйымдардың қамқорлығына орай өрістейді.
Сезім түрлері
Адам сезімінің көріністері әрқилы: қарқынды да ұзаққа созылған,созылыңқы,бірақ әлсіз(қайғы);күшті,бірақ қысқа мерзімді(қуаныш) – болуы мүмкін.Сонымен бірге,сезімдер тереңдігі,саналылығы,тектілігі,пайда болу және сөну шарттары,денеге әсері,даму желісі,бағыты,көріну тәсілі т.б. жағынан әрқилы сипатты келеді.Сезімнің ішкі жайылу аймағы мен сыртқы әрекеті де бірдей емес.
Субъектив толғаныстарға байланысты сезімдер екі топқа бөлінеді:тіршілік қажеттіліктерді қанағаттандырып,рахатқа бөлеуші ұнамды сезімдер;тіршілік қажеттіліктердің орындалмауынан қанағаттанбау кейпіне түсіретін жағымсыз сезімдір.Орындалып жатқан адам қажеттіліктердің деңгейіне орай сезімдер қарапайым және күрделі келеді.Қарапайымдар- ашу,қорқыныш,уайым,
қызғаныш,күндеушілік т.б.;күрделілері – моральдық,эстетикалық және отан сүйгіштік.
Көріну әлпетіне орай барша эмоцияналдық қалыптар келесідей түрлерге жіктеледі:көңіл- күй,кейіп,эмоция,аффект,стресс,
фрустрация,құмарлық,жоғары сезімдер.
Көңіл - субъектіге қандай да эмоцияналды реңкі сақтап қалуға не жоюға ықпал жасаушы психикалық процестің ерекше сигналдық түрі:кейбір түр – түс,дыбыстар,иістер өздерінің негізгі мәніне байланыссыз біздің есімізге түсуден жағымды не жағымсыз сезімдер тудырады.Мысалы,жақсы ән,тәтті тағамның өзі де ұнамай қалуы мүмкін.Мұның бәрі біздің сол сәттегі көңілімізге байланысты.Егер көңіл тұрақты жиіркенушілікпен ұштасса, бұл идиосинкразия сыртқының белгісі.
Көңілді қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың жиі кездесетін пайдалы не зиянды тараптарының жалпыланған бейнесі қалыптасады.Осының арқасында көңіл күтілген әсер жөнінде оны бұрыңғы естегі ақпараттармен салыстырып отырмастан,күні ілгері шалт шешім қабылдауға тигізеді.Көңіл көбіне субъектив сипатқа ие:қызықты кітап,сыпайы сұхбаттас т.б. бір адамда жақсы сезім тудырса,екінші тұлғаға тіпті жақпай қалуы әдеттегі құбылыс.Көңіл сипаты іс - әрекеттің желісіне байланысты.Қажетті,басатуында ұнаған іс,бірақ өзінің ұзаққа созылғандығынан адамды жалықтырып,көңілсіз күйге түсіретіні белгілі.Сырттай байқала бермейтін адам көңілін танып,оны орнымен пайдаланса,жеке не қоғамдық еңбек,оқу жемісті нәтижесін береді.
Кейіп - біраз уақыт бойы адамның көңілін билеп,мінез – құлыққа әсер ететін жалпы эмоциялық күй.Өмір тіршілігінде адамның сезімі бір объектіге бағытталып,оған қуанады не күйзеледі,біреуді сүйеді,бір нәрседен шошиды.Адам кейпінің көрініс белгілі сезімге,себептерге байланысты.Мысалы,ұнамсыз хабар естіген адамның көңілі түсіңкі болып,реттеле бастаса, оның көңілі тасиды,шаттық лебізі ұзаққа созылады.
Адам кейпі тіршілік жағдайына байланысты құбылмалы болып отырады.Егер адам шаршап – шалдығып,ауырып жүрсе,оның кейпі солғын болады.Ал дені сау,ұйқысы қанық,көңілі көтеріңкі болса,адам мәз болып,жадырай түседі.Адамның кейпіне табиғат көрінісі,жыл маусымдары, ауа райысияқты құбылыстар да айтарлықтай әсер етеді.Рухани байлығы мол,мақсат – міндеті айқын адам ауыр жағдайларға да мойын ұсынбай,өмір сүріп,жұмыс істей алады,өз кепін меңгеріп,оған иелік етеді.
Эмоция (сезім шарпуы) - сезімнің тікелей қатынастығы уақытша көрінісі.Іс -әрекетте ықпал жасау тұрғысынан эмоциялар стеникалық және астеникалық болып бөлінеді.Стеникалық эмоциялар адамға қуат беріп,іс-әрекетке ынталандырады.Бұл жағдайда адам «тау қопаруға» дайын тұрады.Керісінше,кейде толғаныстан адамның аяқ алысы байланады,енжарлық басады – бұл астеникалық эмоция көрінісі.
Осыдан,жағдайға,дара ерекшеліктерге орай эмоция адам қылығына әртүрлі ықпал жасауы мүмкін.Мысалы,қорқыныш сезімінің саналы болуынан адам өзін жинақтап,қатерге қатерге қарсы шабуылға шығады.Ал сол қорқыныш адамды шідерлеп, «тізесі қалдырайтын» дәрежеге де келтіреді.
Қуаныш – орындалуы күмәнді болып тұрған қажеттіліктің толық қанағаттандырылуына байланысты туындайтын ұнамды эмоцияналды күй.
Таңдану – күтілмеген оқиғаға байланысты пайда болатын эмоциялық белгі.Таңдану бұрыннан бар сезімдерді тежейді.Осыдан кейін толығымен таңдануға себеп болған нысанға ауысады,кейін ол қызығушылық ниетке жол ашады.
Қасірет – алғашында аз да болса сенім күттірген маңызды өмір қажеттілігінің орындалмауы не оның орындалмайтыны жөнінде ақпарат алудан болатын жағымсыз эмоциялық күй.
Қаһар – субъектте өте маңызды қажеттіліктің күшті кедергіге ұшырап,орындалу мүмкіндігінің кенеттен жойылуына байланысты пайда болып,дүлей көрініс беретін ұнмсыз эмоциялық қалып.
Жиіркену – тікелей қатынаста болған объектердің (заттар,адамдар,құбылыстар,оқиғалар т.б.) жеке адам идеологиясына,адамгершілік не эстетикалық талғамына ымырасыз қарама – қарсылықты болуынан туындайтын ұнамсыз сезім түрі.
Жек көру – адам аралық қатынастарда субъектінің көзқарас,өмірлік салты мен сезім объекті қылықтарының бір – біріне сәйкес келмеуінен жүз беретін ұнамсыз көңіл күй.
Қорқыныш – субъектте өз тіршілігіне шын немесе болуы мүмкін қатер жөнінде ақпарат алумен бірге пайда болатын сезімдік құбылыс.
Ұят – субъектінің өз қылық әрекеттері, ниеттері және сырт келбетінің басқалар күткендей не өз принциптеріне орайлас болмағанын түсінуден келіп шығатын ұнамсыз сезім түрі.
Достарыңызбен бөлісу: |