Жер дауы Қазыбек пен қОҢтажы



бет15/16
Дата18.02.2023
өлшемі66,37 Kb.
#169233
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Шешендік сөздер (1)

САРЫ ШУАШТЫҢ ТОСЫЛУЫ

Сары шуаш ел ішінде бір іспен арғын Қаракесекке барып елдің шетінде
кездескен бір адамына қонып-түстенуге жөн сұрапты.
— Бұл қай ел? — дейді Шуаш.
— Бұл кесіп алса қан шықпас, аузына жылан қарағы жұқпастың елі,— дейді анау.
— Анау кімнің үйі?
— Ол түлкі іздеп, ін қазып, ештеңе шығара алмағанның үйі.
— Анау кімнің үйі?
— Ол түлкі іздеп, ін қазып, бір-екі түлкі алғанның үйі.
— Мынау кімнің үйі, оған қонуға бола ма?
— Бұл нағыз құнсыздың үйі, ренжімесеңіз қонуға болады.
Шуаш мұның жұмбақ сөздеріне түсінбей, неде болса байқайын деп әлгі үйге қоныпты.
Жылдың күзгі мезгілі болса керек, тоңазып келген жолаушы оттың басына жақындап отырыпты. Сол кезде үй иесі әйеліне: «Мына қонақтардың сыбағасын сал»,— депті. Әйел отқа бір құшақ отын әкеп салыпты. От қызып, келгендер жылынып, кейін шегініп отырыпты. Сол кезде шай келіпті. Шайдың майы, қанты жоқ, сылдыр болыпты. Үй иесі отырып: «Қонағым, осы үйде жылан көзі болса бұйырмасын»,— депті. Шуаш сыр бермей аттанып кетіпті. Басқа жерге барып қонып отырып:
— Бір үйге қонып едім, ол мені жұмбақ сөзбен аттандырды,— деп оның айтқандарын айтып, жөнін сұрапты. Сонда үй иесі айтыпты:
— Ол — Шаншардың қуы екен ғой. Бірақ ол өтірік айтпапты, шынын айтқан екен, сіз түсінбепсіз. Оның айтқандары:
— Біз Қаракесекпіз, Қаракесекте май бола ма?—дегені.
Екіншісі, ол үйдің баласы жоқ еді, бала көрем бе деп төрт әйел алды, бірақ бала көрмей отыр, соны айтқаны.
Үшіншісі — о да баласыз еді, кейінгі алғаннан екі қыз көріп отыр,— соны айтқаны.
«Құнсыздың үйі» дегені — үйімде құт береке жоқ, шайға салып берерлік май жоқ дегені, «қонақтың сыбағасы» дегені асқа тоймасаң да отқа жылын дегені ғой,— депті.
— Ол осы елдің білгіші ме, қандай адамы? — деп сұрапты Шуаш.
— Жоқ, ол кісі елдің ең момыны, көпке түсер сөзі жоқ,— депті үй иесі.
— Япыр-ай, еліңнің момыны мынау болса, бұл елдің адамын сөзбен жеңіп болмас,— деп аттанып кетіпті Шуаш.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет