Жер дауы Қазыбек пен қОҢтажы



бет16/16
Дата18.02.2023
өлшемі66,37 Kb.
#169233
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Шешендік сөздер (1)
Ата Заңы кітабының, VIII-том, ШЕШЕНДІК СӨЗДЕР
ЫРЫС АЛДЫ — ЫНТЫМАҚ

Орта жүз Қаракесек Қазыбек он жеті жасар, кіші жүз алшын Қара жігіт он алты жасар кезніде үш жүз бас қосып, ел ағасы деп Төле бидің алдына бармаққа сөз байлапты. Аталған күнде Төле бидің аулына келіп түсіпті. Үй тігіліп, мал сойылыпжатады. Төле сөз бастайды:
— Уа, әлеумет, құс ұшса қанаты талатын, ат жүрсе тұяғы тиетін, ит арқасы қиян, қашық жерден келіп отырсыңдар, сендерден бір сөз сұрайын: «Осы аттың күші қай жерінде?» — депті. Сонда біреу отырып «аттың күші алдында»,— дейді, біреуі: «Аттың күші артында», енді біреуі: «Аттың күші алдында да емес, артында да емес, ортасында»,— дейді. Төле ортасында дегенге қадала бір қарайды да:
— Аттың күші не алдында болмай, артында болмай ортасында болатын себебі қалай? — дейді.
— Бас басшы, арт қосшы, астында төрт тіреуі бар ортасы арқалық емес пе? Күш ортасында болатын себебі сол,— дейді. Соңғы айтушыға Төле:
— Бұрынғылар айтқан екен: «Би үшеу болса дау төртеу болады»,— деп. Үш ел үш жаққа тартып, дау бітімі бытырамау үшін бір төбе би атап қойса қалай болар еді? — депті. Содан кейін төбе билікке үш жүз талас болыпты. Ұлы жүз: «Біз боламыз, өйткені үлкен ағамыз»,— дейді. Кіші жуз: «Біз боламыз, үйткені кенжелік-ата жолымыз бар»,— дейді. Сонда манағы аттың күші ортасында деген жігіт айтады: — Аға төреші болмайды, алдында қаймығары жоқ, іні төреші болмайды, артында қайырылары жоқ. Айбар қылар алдында ағасы бар, қаймығарлық артында інісі бар — екі жағынан да хаупі зор, сол себепті билікті әділ айтатын төбе билік орта жүзге лайық,— дейді, Төле би жігіттерден сонда жөн сұрайды: «Аттың күші басында» деген ұлы жүз, «аттың күші артында» деген кіші жүз, ал «аттың күші ортасында» деген орта жүз Қаракесек Қазыбек болып шығады сонда:
— Қой асығы демеңдер,
Қолыңа жақса саңа ғой.
Жасы кіші демеңдер,
Ақылы асса аға ғой,—
деген бұрынғылардың айтуы бар еді. Уа, жаным Қазыбек, төбе биліктің абыройын саған бердік, айтқан сөздерің жоба болсын,— деп Төле оң жағына отырғызып, батасын береді,
Төле бидің ауылы бір көлдің жағасында екен. Ел арасындағы әлгі даулы мәселені кеңескелі Төле, Қазыбек, Қаражігіт үшеуі көлдің жиегіндегі бір көгал жерге барып отырған кезде суға бір топ аққу келіп қоныпты. Төле айтыпты: «Бір ауыз сөз айталық: басын біріміз, ортасын біріміз, аяғын біріміз. Сөзіміз бір жерден шықса, кейінгі билігіміз бен елдік бірлігіміз де бір шығар»,— дейді. Сонда Қазыбек отырып: «Ақсақал, басын өзіңіз бастаңыз!» — депті. Беттері көлге қарап отыр екен.
— Бұл көлдің алар ма еді қуын атып,— дейді Төле.
— Жазым болып жүрмесін суын атып,— дейді Қазыбек.
— Үлкен жиын, үлкен той боп жүрмесін.
Суда жүрген перінің қызын атып,— дейді Қаражігіт.
— Сөзіміз бір жерден шықты, «Ырыс алды — ынтымақ» деген ғой! Бір жағадан бас, бір жеңнен қол, бір ау- ыздан сөз шығарып, еншалла, артымыз бәтуәлі болады екен,— деп Төле қарт қуанып қалыпты, үш жүздің баласы сонымен ынтымақтасып тарқапты.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет