Жер дауы Қазыбек пен қОҢтажы



бет8/16
Дата18.02.2023
өлшемі66,37 Kb.
#169233
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Байланысты:
Шешендік сөздер (1)

БЕЙБІТ ЕЛДЕ СӘН БОЛАР

Айдаболдың тоқал әйелінен туғанТайкелтір деген бала кезінде түйе іздеп Үйсін Төле шешеннің ауылына келіп, Төленің үйіне түсіпті.
Төле баланың аты-жөнін сұрап білген соң: «Ә, балам, отыр, қон, әкең Айдаболдың сыбағасын жеп кет»,— депті.
Шәй ішіп болған соң, бір жігіт бір тоқтыны алып келіп: «Илаһи, әмиін!» — дегенде, үйде отырған ауыл ақсақалдары бата істей бастапты. Сонда он бір жастағы Тайкелтір: «Мен бұл қойдың батасына қол көтермеймін»,— депті. Отырған ақсақалдар: «Неге олай»,— деп сұрағанда бала: «Е, шешеннің өзінің сөзі бар, «әкеңнің сыбағасын жеп кет» деген. Мен әкемнің сыбағасын жеймін және әкем сыбағасына батаны өзім істеймін»,— депті. Төле баланың сөзінен тосылып, бір құлын алдыртыпты. Сонда бала тоқтамастан былай депті:
Сыбағама келді құлын,
Қалдырмай ас дымын.
Ақсақалдар тойынсын,
Шығармасын үнін.
Бала деп мені басынбай
Байқап бассын жымын.
Қартқа жас азық қашанда,
Сіздерге бұл құлын сыйым.
Іздеп келдім түйемді
Сіздерден алман тиын.
Түйеме тіркеу, қарттарым,
Таппай жүрсе ол қиын.
Әкеме барсам мақтанып
Тіркеуді берсем ел жиын.
Қарттар қарсы болмаса,
Төле атам берсін сыйын,— депті.
Кұлынның етін жеп, жатып, ертең түс кезінде тұрса, ауылдың сыртында бес жүздей адам жиналған. Бала тақырқап «бұл не»деп сұрапты.
Сонда Төле:
Е, Тайкелтір шырағым!
Бейбіт елде сән болар,
Бүлінген елде дау болар.
Даудың түбі жау болар,
Жаудың түбі шаң болар,
Шаңдатып жау айкасса,
Айта жүрер күн болар,—-
дегендей, біз Үйсін, Дулат деген екі ру ел едік. Үйсіннің бір жігіті Дулаттың бір қызымен шатасыпты. Шатасудың соңы қыз екі қабат болыпты. Бертін келе қыз елінен ұялып: «Менде кінә жоқ, жігіт зорлаған соң осылай болдым» депті. Ел азаматтары бұған қызынып «Жігітті бер, таспен атып өлтіреміз»,— деп маған билікке келіп отыр. Егер олардың айтқанын істемесең, Үйсінді Дулаттар шабады, Дулаттардың айтқанын істесем, Үйсіндер мені шабады. Осы дауға не істерімді білмей тұрмын, осының билігін саған берейін шырағым, сен айт»,— депті.
Бала «өзіңіз білесіз» депті.
Екі елдің адамдары жиналып болған соң Төле билікті балаға беріпті.
Сонда екі жақтан отырған талапкер билер: «Е, бала, билік айта аласың ба? Бұл дау тоқты-торым емес, ер құны дау ғой»,— десіпті. Сонда бала жұлып алғандай. «Е, айтпайтын несі бар?» — дей келіп:
«Үлкендердің жасы үлкен,
Жастардың басы үлкен.
Жас — дененің қабы,
Бас — мидың қабы.
Ми адамның қаны.
Ми төрені бере білер,
Даушылар сөзге көне білер.
Айтқанға егер көнбесе,
Жауласып екі ел бүлінер.
Даушылар сөзін көпке берсе,
Көпшілік Төле атама берсе,
Атам сөзді маған берсе,
Менің аузыма құдай салса,
Тура сөзге кім күлер?!

Халық пен Төле атамнан рұхсат болса, бұл дауды мен бітірейін»,— депті.
Халық та, билер де баланың сөзіне риза болып, билікті балаға беріпті. Сонда Тайкелтір қыз бен жігітті шақырып алып, жігіттің қолына қылыш, қыздың қолына қылыштың қынабын береді. Сүт қайнатым уақыт беріп екеуіне бұйырады. Жігітке айтады: «Осы сүт қайнатым уақыт ішінде қалайда қылышты қыздың қолындағы қынапқа сал, егер салмасаң таспен атып өлтіртемін»,— дейді.
Қызға айтыпты: «Сен мына жігіттің қылышын қолындағы қынапқа салғызба, егер салғызсаң дарға тартқызып өлтіртемін»,— дейді. Екі жағы да риза болып, қыз бен жігітті сайыстырып қоя беріпті.
Уақыт бітіпті, бірақ қыз қынапқа қылышты салдыртпапты. Осы кезде қыз жағы жігіттің мойнына арқан салып, таспен атып өлтіруге тарта жөнеліпті.
Сонда тұрып Тайкелтір бала «тоқтаңдар» деп жұртты тоқтатып:
— Бұл жігіт зорлаудан ақ екен, қыздың өзі ықтияр екен, ұялғаннан айтқаны екен, көріп тұрған жоқсыңдар ма: өзі әлсіз, өзі екіқабат бола тұра қолындағы қылыштың қабына қылышты салғызбауға әлі келгенде, денесін қорғауға әлі келмей ме? — деген екен. Сөйтіп өлтіру дегенді қойдырып, жігіт жағынан екі қырық жетінің малын қыз жағына алып бергізіп, екі елді тыныштандырған екен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет