Жер құқық бұзушылықтар үшiн жауапкершiлiктiң түciнiгi. Жер заңдарын бұзғаны үшiн заңды жауапкершiлiктiң түрлері Жер құқық бұзушылық дегеніміз жер құқықтық тәртіпті



бет3/3
Дата21.11.2023
өлшемі2,29 Mb.
#192558
1   2   3
Байланысты:
жер жауапкершилик

Тәртіптік құқықтық жауапкершілік. Аталған жауапкершілікке тек қана жеке тұлғалар тартылады. Оның қолдануы негізі болып тәртіптік теріс қылық болып табылады.
Басқа жауапкершіліктерден ерекшелігі:
1. Тәртіптік жауапкершілік тек жеке тұлғаларға қатысты қолданылады.
2. Тәртіптік жауапкершілік өзге заңды жауапкершілік түрлерімен қатар қолданылады.
3. Тәртіптік жауапкершілік жұмыскердің жұмыс уақыты кезінде жасалған теріс қылық үшін қолданылады. Яғни, жұмыскердің жұмыстын тыс уақытта немесе демалыс уақытында жасалған теріс қылықтары үшін өзге жауапкершілік түрлері қолданылады.
4. Субъектісі тек қана жұмыс істеп жүрген жұмысшы.
5. Тәртіптік жауапкершілік жер заңдарының нормаларына байланысты тәртіптерді орындауға міндетті жұмысшылар мен қызметкерлерге қолданылады.
6. Тәртіптік жауапкершілікте жұмыс істеп жүрген уақтысында жауапкершілк заңдарын бұзғаны үшін қолданылады.
7. Тек қана ұйым әкімшілігін басқару органы қолданылады.
8. Тәртіптік жауапкершілік мүліктік жауапкершілікпен қатар қолданылуы мүмкін.
9. Тәртіптік жауапкершілік ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс және жұмыстан шығару сияқты жазалау шараларын қолданумен ерекшеленеді.
10. Тәртіптік жауапкершілікке тарту Қазақстан Республикасының қолданыстағы Еңбек кодексімен және белгілі бір ұйымның жарғысына сәйкес жасалған ішкі тәртіп ережелерімен реттеледі.
Азаматтық құқықтық жауапкершілік. Азаматтық жауапкершілік Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамалары нормаларымен реттеледі. Бұл жауапкершілік жер заңдарын бұза отырып мемлекеттің мүддесіне, қоршаған ортаға, жердің меншік иесіне, басқа да жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян (шығындар) келтірілген кезде қолданылады.
Азаматтық құқықтық жауапкершілік келесідей ерекшеліктері бар:
1. Бұл жауапкершілік жеке және заңды тұлғалар тартылуы мүмкін.
2.Бұл жауапкершілік басқа заңдылық жауапкершілік түрлерімен қатар қолдануы мүмкін: Мысалы, заңсыз бөтен жерді басып алған тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылады және зардап келтірілген жағдайда оны өтеуге де міндетті..
3. Шығындарды зиянды өтеу туралы тек сот органы арқылы шешіледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет