Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жер құқық бұзушылық құрамына келесідей диспозициялар бар: 339-бап. Жер учаскелері меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың жер учаскелерін пайдалану жөніндегі міндеттерді орындамауы 1. Жер учаскелері меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың:
1) жерді нысаналы мақсатына сай емес, ал елді мекендер жерінде – функционалдық аймаққа сәйкес емес пайдаланудан;
2) жер қатынастары саласындағы заңнамалық актіде көзделген жерді қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырмаудан;
3) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органды ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде жер пайдалану құқығын иеліктен шығару туралы хабардар етпеуден немесе уақтылы хабардар етпеуден көрінетін жер учаскелерін пайдалану жөніндегі міндеттерді орындамауы –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
340-бап. Уақытша иеленіп отырған жерді одан әрі мақсатына сай пайдалануға жарамды күйге келтіру жөніндегі міндеттерді орындамау Уақытша иеленіп отырған жерді одан әрі мақсатына сай пайдалануға жарамды күйге келтіру жөніндегі міндеттерді орындамау -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді келесі органдар қарайды:
Қоршаған ортаны қорғау министрлігі және жергілікті бөлімшелері.
Қылмыстық құқықтық жауапкершілік. Қылмыстық жауапкершілік мемлекеттің заң шығарушы органы арқылы қылмыстық жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамға қауіпті кінәлі түрде істелген іс-әрекет үшін ғана белгіленеді. Адам қылмыстық жауаптылыққа істеген іс-әрекеттерінде қылмыстық заңда көрсетілген нақтылы бір қылмыстың құрамы болған жағдайда ғана тартылады. Қылмыстық жауапкершілік бұл қылмыстық құқылық норманы бұзудың нәтижесі, қоғамға қауіпті іс-әрекеттің көрінісі болып табылады. Қылмыс істелмесе, қылмыстық жауаптылық та болмайды.