23-билет ????????????????????????
24-билет
Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау Заңы.
Қазақстан Республикасының 1997жылы 15 шілдеде қабылдаған қоршаған ортаны қорғау туралы заңы 19 тараудан, 89 баптан тұрады. I тарау жалпы ережелер деп аталады. Мұнда қоршаған орта және оны қорғау, қоршаған ортаны қорғау обьектілері, табиғи ресурстар, табиғатты пайдалану, қоршаған ортаның сапасын нормалау, қоршаған ортаның мониторингі, қоршаған ортаны ластау, экологиялық талаптар, экологиялық қауіпсіздік, эколкгиялық жүйе сияқты мәселелерді қарастырады.
Табиғат пен оның байлықтары Қазақстан Республикасы халықтарының өмірі мен қызметінің, олардың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы мен әл-ауқатын арттырудың табиғи негізі болып табылады.
Осы Заң қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделері үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілейді, сонымен бірге экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және өзге де қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсері болғызбауға, алуан түрлілікті сақтау мен табиғатты ұтымды пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған.
Қазақстан қорықтар саны,атын ата. Қорықтар қай облыста орналасқан?
Мемлекеттiк табиғи қорық — табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ, оның қызметiнiң мақсаты өзiнiң аумағындағы табиғи процестер мен құбылыстардың табиғи барысын, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi объектiлерiн, өсiмдiктер мен жануарлардың жекелеген түрлерi мен қауымдастықтарын, әдеттегi және бiрегей экологиялық жүйелердi сақтау мен зерделеу және оларды қалпына келтiру болып табылады. Қазақстанда қазіргі уақытта 10 қорық ұйымдастырылған. Қазақстандағы қорықтардың барлық ауданы 1 610 973 га.
Ақсу-Жабағылы қорығы.
Ақсу-Жабағылы – Орталық Азия мен Қазақстанның ішінде алғаш ашылған қорықтардың бірі. 1926 жылы гидробиолог А. Л. Бродский қорық құрылымының басы-қасында болады. Мемлекеттік қорғаудағы табиғи қорық Батыс Тянь-Шаньдағы Талас Алатауы жотасының батыс бөлігінде орналасқан. Ақсу-Жабағылы теңіз деңгейінен 1300 метрден 4200 метрге дейінгі биіктіктегі таулы өңірді алып жатыр. Қорық сан алуан жануарлар мен өсімдіктерге бай. Оның аса үлкен емес аймағының өзінен Еуропаның, Солтүстік Африканың, Алдыңғы және Орталық Азияның түрлі ландшафтарына тән жануарларды кездестіруге болады.
Ақсу-Жабағылы емдік қасиеті бар мекен саналады. Себебі ол жақтың ауасы таза және дәрілік өсімдіктерге өте бай. Онда 200-ден астам дәрумен болатын өсімдік түрлері өседі. Қорықтың өсімдік қоры жалпы алғанда 1737 түрге ие.
Достарыңызбен бөлісу: |