Жер негізгі 3 геосферадан тұрады



бет21/21
Дата29.07.2022
өлшемі103,87 Kb.
#147859
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
30 билет жауаптары. Жаратылыстану

28-билет
1. Масштаб және оның түрі..
2. Дүниетану сабақтарының материалдық базасы.
3. Топсаяхаттың мақсаты, барысы,
1. Масштаб (нем. Maßstab. Maß — өлшеуіш, мөлшер және Stab — таяқ)[1] — сызба, жоспардағы аэрофототүсірудегі немесе картадағы кесінді ұзындығының сол кесіндінің нақты ұзындығына қатынасы. Дерексіз санмен өрнектелген бұл қатынас сандық Масштаб деп аталады. Жоспар мен карталардың сандық Масштабты бөлшек сан арқылы өрнектеледі, алымы бірге тең болса, бөлімі бейнеленген сызықтың неше есе кішірейтілгенін көрсетеді. Сызбада машиналар мен приборлардың ұсақ бөлшектері, көбінесе үлкейтілген мөлшерде көрсетіледі. Бұл жағдайда сандық Масштаб бірден үлкен санмен өрнектеледі. Жоспар мен картадағы ұзындықты өлшеуде қолданылатын сызықтық Масштаб заттың ұзындығын көрсететін, тең бөліктерге бөлінген, жазуы бар түзу сызықтан құралады.
2. Дүниетану” пәніне төмендегідей материалдық-техникалық база жатады:

Альбом (көркем суреттер (1-4 сыныптарға арналған).


Бастауыш сыныптарға арналған географиялық атлас (1-4 сыныптар).
Бастауыш сыныптарға арналған контур карталары (3,4 – сыныптар).
Аудио-бейне құралдар (оқу фильмдері, слаидтар, диафильмдер, магнитофондық жазулар (1-4 сыныптарға).
Өсімдіктердің гербарийлері (1-4 сыныптар).
Жан-жануарлардың макеттік коллекциялары (1-4 сыныптар).
Пайдалы қазбалардың коллекциялары (1-4 сыныптар).
Ұлттық ою-өрнектердің коллекциялары (1-4 сыныптар).
Қазақстанның физикалық, экологиялық және саяси карталары (бастауыш сыныптар үшін).


29-билет ????????????????????????


30- Билет.
1.Карталардың масштабына қарай жіктелуі. Масштабына қарай карталар ірі,орта және ұсақ масштабты болып үш топқа бөлінеді. Масштабы 1:100 000 және одан ірілері – ірі масштабты, 1:200 000-нан 1:1000 000-ға дейін орта масштабты, 1:1 000000-нан ұсақтары ұсақ масштабты карталарға жатады. Ірі масштабты карталар – топографиялық, орта масштабтылары – топографиялық шолу, ұсақ масштабтылары шолу карталары деп аталады. Топографиялық карталар 1:100 000, 1:50 000, 1:25 000, 1:10 000 масштабтарда жасалады. Жер бетінің одан ірі масштабы жасалатын сызбасы план деп аталады. Пландардың масштабы 1:5000, 1:2000, 1:1000 және одан да ірі болып келеді.
Картаға түсірілетін жер бетіндегі денелермен құбылыстар оның мазмұнын құрайды (грекше карта-табақ).

Мазмұнына қарай карталар үлкен екі топқа бөлінеді.Олар: жалпы географиялық карталар және тақырыптық карталар.


Жалпы географиялық карталарда жер бетіндегі барлық обьектілер – жер бедері, жер бетіндегі сулар (өзендер,көлдер,теңіздер), өсімдіктер,елді мекендер, қатынас жолдары, шекаралар, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының кейбір көріністері және т.с.с. бейнеленеді. Олардың ешқайсысы ерекше дараланып көрсетілмейді. Жалпы географиялық карталардың мысалына топографиялық карталар жатады.


Тақырыптық карталар жалпы географиялық карталардың негізінде жасалады. Оларды табиғат құбылыстарының, шаруашылық салаларының халықтық саяси-әлеуметтік жағдайларының жеке бір түрі басқаларынан арнайы ерекшеленіп көрсетіледі. Мысалы: атластарыңдағы дүние жүзінің саяси картасы, оқулықтағы техтоникалық тақталар картасы, климаттық белдеулер картасы- осындай тақырыптық карталар.


2.2. Сыныптан тыс жұмыстың маңызы,формалары.
Сыныптан тыс жұмыс барлық оқушылар үшін міндетті емес болып табылады. Сыныптан тыс жұмыс көбіне сабақтан тыс жұмыстың тікелей жалғасы да болып кетеді, онда оқушылардың, алған мәліметтерін тереңдетіп, кеңейтуге көмектеседі. Мысалы, мұғалімнің тапсырмасы бойынша балалар тірі табиғат бұрышында программалық бақылау өткізеді. Сыныптан тыс жұмыста олар бұл бақылауды жалғастырулары мүмкін, бірақ енді оқу процесі үстінде алған білімдерін едәуір кеңітіп, тереңдететін программа бойынша жалғастырады. Табиғаттану бойынша сыныптан тыс жұмыс балалардың көп қырлы танымдық әрекеті үшін үлкен мүмкіндіктер ашады.
Сыныптан тыс жұмыстың формалары. Олар көбінесе мұғалімнің алдында тұрған тақырыпқа, мақсаттар мен міндеттерге, сондай-ақ оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты. Ең жиі кездесетіндердің қатарына мыналар жатады:
Талқылау. Олар тақырыпты немесе проблемалық мәселені талқылауды білдіреді. Олар өз көзқарасын білдіру және қорғау қабілетін қалыптастырады. Бұл даулар, дөңгелек үстелдер, дәрістер, одан кейін пікірталастар болуы мүмкін.
Байқау. Конкурстық іс-шаралар балаларға жеке қабілеттерін көрсетуге, коммуникативті дағдылар мен ерік қасиеттерін дамытуға мүмкіндік береді (конкурстар, викториналар, КВН көрсету).
Шығармашылық қызмет. Олар шығармашылық бейімділікті анықтауға және дамытуға, эстетикалық талғамға тәрбиелеуге көмектеседі. Педагог балаларға мереке, фестиваль, концерт, көрме ұйымдастыруды ұсына алады.
Ойындар. Олар өмірлік жағдайларды қалпына келтіреді, адамдармен қарым-қатынас дағдыларын дамытады, әлеуметтенуге ықпал етеді және оқшаулану кедергісін жеңуге көмектеседі. Бұл тарихи эпизодты немесе әдеби шығармадан көріністі сахналайтын рөлдік ойын болуы мүмкін.
Сыныптан тыс жұмыстар. Бұған театрға, филармонияға бару, мұражайға немесе ботаникалық баққа экскурсия кіреді.
3.Шағын комплектілі мектепте дүниетану пәнін оқытуда қолданылатын әдістерді бірнеше топқа бөлуге болады.
Сөздік әдістер- баяндау, түсіндіру, әңгімелесі, сөйлету, таратып беретін түрлі карталар. Тапсырмалар бойынша сөйлету.Көрнекілік әдістер. Көрнекілік оқытуда заттар мен құбылыстардың өзіне тән жаратылыс бітімін сезім мүшелері арқылы көзбен көріп, қолмен ұстап, құлақпен тыңдап қабылдауға баулитын дидактикалық үрдісі.Көрнекілікті 12 ғасырда Чехтің ұлы педагогы Ян Амос Каменский еңгізді.Неміс педагогы Дистерберг пен Орыстың ұлы педагогы Ушинский “Көрнекілікті барлық пәндерге қолдану мүмкін және қажет” деген. Көрнекілікті үлгілерін пайдалануға Қазақтың ұлы педагогы Ы. Алтынсарин да зор көңіл бөлген

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет