Билет № 27 1.План және карта. Тұрған жерді және жүру бағытын тұсбағдармен анықтау.
Бұрынан жақсы таныс жерде тұсбағдар мен картаның көмегінсіз-ақ, ойланбастан, үйреншікті дағды бойынша жүре бересің. Ал бейтаныс жерде өзіңе қажетті бағытты тауып жүру оңай емес. Ол үшін алдымен түрлі әдістерді қолданып немесе картаны пайдалану арқылы бағдарлап алуға тура келеді.
Бейтаныс жерді бағдарлау үшін ең алдымен көкжиек тұстарын табу керек, содан кейін барып өзінің тұрған жеріңді анықтайсың. Көкжиектің тұстарын Күнге, Темірқазық жұлдызына ж/е жергілікті белгілерге қарап анықтау тәсілдері сендерге Дүниетану пәнінен белгілі. Көкжиектің негізгі ж/е аралық тұстары бағытты тек тұспалдап қана білдіре алады. Ал тұсбағдардың көмегімен жүретін жолды дәлме-дәл анықтауға болады. Ол үшін тұсбағдармен азимутты өлшейді.
2.Дүниетану сабақтарында ойын тәсілдерін ж/е танымдық материалдарды пайдалану.
Мектеп жасындағы кезеңде ойын ж/е оның рөлі біртіндеп екінші кезекке қарай ысырылады да білім жетекші қызмет атқара бастайды. Алайда бұдан ойын балаларды жетілдіруге әсер етпейді деген ой тумауы керек.
К.Д.Ушинский оқытудың бастапқы сатысын мазмұны н/е формасы жөнінен қызықты етіп үйлестіру керектігін дәлелдеп берді. Сондай-ақ қызығушылықты теріс пайдаланудың балаларға зиянды әсері болатынын да ескертті. Сондықтан барлығы да белгілі мөлшерде жүргізілуі керек.
Мұғалім дүниетану сабақтарында сабақтың мақсатыны, оның мазмұнына, оқушылардың біліміне, оқытуда қолданылатын әдістер мен тәсілдерге байланысты ойын, жұмбақ, викторина ж/е т.б. ретінде пайдаланады.
Қызықты материалдарды сабақтың барлық кезеңдерінде: сұрау кезінде, жаңа материалды оқып үйренгенде, бекіту кезінде пайдалануға болады. Оюъектілердің біреуінің контурын пайдалана отырып, ойын ұйымдастыру оқушыларда бақылағыштықты, объектіні басқаларының ішінен бөліп көрсетуді, қысқаша сипаттама бере білуді қалыптастырады.
Сабақтағы материалдарды бекіту үшін географиялық, топографиялық н/е биологиялық лотоны пайдалануға болады. Бұл үшін мұғалім бір топ оқушыға карточкалар таратып беріп, объктілердің біреуін атайды, оқушылар оны тауып, дұрыс атап берсе, сол оқушы жеңіп шығады. Осы ойынды тақтаға да өткізуге болады.
1.1-4 сыныптардағы дүниетану пәнінің мазмұны ж/е әдістері.
1-2 сыныптан балалар күздің негізгі белгілерімен: күннің қысқаруымен, салқын түсуімен, ағаштар мен бұталардың жапырақтарының түсінің өзгеруімен, жапырақтардың түсуімен; құстардың қайтуымен; адамдардың күздегі жұмыстарымен танысады. Балалар өз бақылауларын шартты белгілердің, суреттердің көмегімен «Айналадағы дүниені бақылау күнделігіндегі» картинкаларды бояу арқылы жүргізеді.
Бірінші сынып оқушылары көктемнің ерте белгілерін: күннің ұзаруын, аяздың әлсірегенін, қардың еруін, сүңгі мұздардың пайда болуын бақылауды жалғастырады.