25- билет
Қорықшалардың ерекшеліктері. Табиғат ерекшеліктері.
Қорықша[1] – жануарлардың, өсімдіктердің жеке түрлері, су, орман, жер нысандары қорғалатын және табиғи ресурстары шектеулі түрде пайдаланылатын аумақ. Ол мемлекеттің табиғи қорық қорының бір немесе бірнеше нысандарын сақтауға және толықтыруға арналады.
Қорықшалардың ерекшелігі - мұнда табиғат нысандарының тек жеке бөліктерін шаруашылыққа шектеп, белгілі бір мерзімде және қорғауға алынған нысандарға зиян келтірмейтін мөлшерде ғана пайдалануға рұқсат етіледі. Қазақстанда қазіргі уақытта жалпы ауданы 4600 мың га 80 қорықша бар. Олар қорғалатын нысандарына байланысты геологиялық, ботаникалық, хайуанаттар қорықшалары т.б. деп бөлінеді.
Жердің жылдық қозғалысы.
Басқа планеталар сияқты Жер де Күнді тұйық сызық құрайтын жолдың бойымен, яғни орбитамен айналады. Жер орбитасы дұрыс шеңбер түзбейді, одан гөрі сәл сопақтау. Сондықтан Жер жылына Күнге бір рет жақынырақ келелі де (3қаңтар), бір рет орбитадағы ең алыс нүктесіне (5шілде) барады. Ең жақын (147 млн км) нүкте мен ең алыс (152 млн км) нүктенің арасындағы қашықтық айырмасы- небәрі 5 млн км. Бұл Жердің Күннен орташа қашықтықтығымен салыстырғанда тым мардымсыз. Сондықтан бұл айырма Жерге Күннен келетін жылу мөлшеріне сезілетіндей әсерін тигізбейді.
Жер Күнді орбита бойымен 365 күн 6 сағатта 1 рет айналып шығады. Жыл есебін оңайлату үшін 1 жылда 365 күн бар деп есептелінеді. Жыл сайын есепке қосылмай қалып отыратын 6 сағат 4 жылда 24 сағатты немесе 1 тәулікті құрайды. Жиналған 1 тәулік әрбір төртінші жылдың ақпан айына қосылады. Сонда 3 жыл 365 күннен, ал төртінші жыл 366 күннен тұрады. 366 күннен тұратынжыл “кібісе жылы” деп аталады.Ақпан бұл жылы 29 күнмен, ал қалған 3 жылда 28 күнмен бітеді.
Дүниетану сабақтарында тәжірибелер.
Дүниетану сабақтарында оқушылардың танымдық қабілетін арттыру үшін қолданыла-тын негізгі әдістің бір-тәжірибе. Оқушыларға табиғат обьектілерінің қасиеттерін , табиғат құбылыстарының мәнін таныстыру қажет болған жағдайларда тәжірибелер жасаудың үлкен танымдық мәні бар. Дүниетану сабақтарында өткізілетін тәжірибелер кейбір табиғи құбылыстарды класс жағдайларында қолдан қайта жасауға мүмкіндік береді. Пайдалы қазбалардың қасиеттерімен ,сүзу арқылы суды тазартумен , топырақ қасиеттерімен , тұқымның өнуін бақылаумен т. б материалдармен танысу үшін тәжірибелер жасау қажет. Тәжірибелер мұғалімнің көрсетуімен немесе оқушылардың жаппай қатысуымен өткізіледі. Мұғалім тәжірибе жасау үшін төмендегідей дайындық жұмыстарын жүргізеді.
1 .Тәжірибеге қажетті құралдарды дайындау
1)Тәжірибеге қажетті материалдарды іріктеу
2)Мұғалім күні бұрын тәжірибені бастан аяқ толық өткізіп байқауы керек .
3)Тәжірибе өткізу кезінде оқушылардың өзін қалай ұстау керектігі жөнінде қауіпсіздік ережелерімен таныстырады .
Достарыңызбен бөлісу: |