1- билет.
1.Күн жүйесі – Күннен, оны айнала қозғалатын 8 үлкен планетадан (Болпан, Шолпан, Жер, Қызылжұлдыз, Есекқырған, Қоңырқай, Уран және Нептун ), планета серіктерінен, мыңдаған кіші планеталардан (астероидтардан), шамамен 1011 кометадан және толып жатқан метеорлық денелерден құралған ғарыштық денелер жүйесі. Күннен ең алыс орналасқан планетаға дейінгі орташа қашықтық шамамен 40 а.б. немесе 6 млрд. км-ге тең.
Күн жүйесінің төрт ішкері планетасы (Жер тобындағы планеталар – Меркурий, Шолпан, Жер, Марс) аса үлкен емес, олар тығыз тасты заттар мен металдардан құралған.
Планеталардың Күн төңірегіндегі жолы «орбита» деп аталады (латынша орбита -із, жол).
Күнге ең жақын айналатын планета -Меркурий, онан кейін Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, ең соңында Плутонның орбитасы өтеді (б-сурет).
Жер басқа планеталардың тұйық жол жасап айналып жүруі Күннің Тарту күшіне байланысты.
2.Жер қабатының құрылымы — диаметрі 6357-6378 км-ге тең эллипстік (дөңгелекке жуық) шаршы нысандас Күн жүйесіндегі Күннен әрі қарай санағанда үшінші ғаламшар.
ғаламшар.
Жер негізгі 3 геосферадан тұрады:
жер қыртысы,мантия,ядро.
Жердің ішкі өзегін ядро деп атайды. Жердің ядросын радиусы 3486 км-дей құрайды. Ол сыртқы және ішкі ядроға (субядроға) бөлінеді. Бұл екеуінің арасында сыртқы ядро құрамына кіретін аралық белдем бар. Ядро шекарасында бойлық сейсмикалық толқындардың таралу жылдамдығы 13,6 км/с-тан 8,1 км/с-қа дейін кемиді, субядро шегіне тау 11,2 км/с-қа дейін артады. Субядродағы сейсмикалық толқындардың таралу жылдамдығы тұрақты.
Жердің келесі қабаты — мантия (гр. мантіон—жамылғы). Мантия жоғарғы (900 км-ге дейін) және төменгі (900—2900 км) мантияға бөлінеді. Мантия жер көлемінің 83%-ын, жалпы салмағының 67%-ын құрайды. Жоғарғы мантияның 250—300 км тереңдігінде қаттылығы мен беріктігі төмендеу, тұтқыр қабат орналасқан, оны астеносфера деп атайды.
Жердің ең беткі жұқа қатты қабығы — жер қыртысы. Жер қыртысы деп - литосфераның жоғарғы қабаты, жер бетіндегі барлық сулар - гидросфера, жерден 20 шақырым биіктікке дейінгі атмосфераның төменгі қабатын және бүкіл тірі ағзалардың өмір сүру аймағын айтамыз. Географиялық қабықтың пайда болуынан ірі табиғи кешендері материктер мен мұхиттар пайда болды. Дүние жүзінде 6 материк немесе құрлық бар. Олар: Еуразия, Африка, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Аустралия, Антрактида. Мұхиттардың саны 4: Тынық, Атлант, Үнді, Солтүстік мұзды мұхиттары.
Жер қабығының құрамы
Жер қабығы тау жыныстарынан құралады да,олар минералдардан түзіледі. Минералдар деп жер қабығының физика химиялық табиғи процестерден пайда болған өзінің химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері тұрақты қосындыларды айтады.
3.«Дүниетану» оқу пәнінің мақсаты – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан оқушылардың бойында адамның табиғи және әлеуметтік ортасы, табиғат пен қоғамның байланысы мен өзара тәуелділігі туралы білімдер жүйесін қалыптастыру.
Пәннің міндеттері:
- оқушыларда қоғам және табиғат құбылыстары мен объектілерінің өзара байланысы мен тәуелділігі туралы түсініктер қалыптастыру;
- оқушыларда табиғи, әлеуметтік пен технологиялық ортадағы өзін ұстау және өмір қауіпсіздігі нормаларын қалыптастыру;
- оқушылардың бойында табиғи және әлеуметтік шынайылықты тану әдістерін: бақылау, эксперимент, сауал және т.б. тәжірибелерінің қалыптасуын қамтамасыз ету;
- оқушылардың танымдық әректеін дамытуды қамтамасыз ету;
- оқушылар бойына қазіргі қазақстандық қоғамға тән ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесін дарыту;
- оқу пәні арқылы оқушының бойында өзін қоршаған ортаға, қоғамның табиғи және мәдени құндылықтарына адамгершілік, ізгілікті тұрғыдағы қатынастарды қалыптастыру.
БИЛЕТ 2
1.Сұлба жәнегеографиялық карта, глобус. Бағдарлау.
Сұлба. Сұлба дегеніміз – өзіміз төбесінен қарағанда көргендей етіп нәрсені бейнелегенсызба. Сұлбада жердегі обьектілер шартты белгілермен бейнеленеді. Шартты белгілер заттардың өздеріне ұқсас. Сұлбада солтүстік жоғарыда, оңтүстік төменде болады. Көкжиектінұсқар- мен (стрелка) көрсетеді. Сұлбада обьектілердің қашық- тығын өлшеуге болады. Олар бір-бірінен қандай тұс татұрғанын айтуға болады. Сұлбаадамныңтабиғаттызерттеп, шаруашылықтыжүргізуіүшін, туризм үшін, өзөлкеңдітаныпбілуүшінқажет.
Достарыңызбен бөлісу: |