Жер негізгі 3 геосферадан тұрады


-билет 1. Қазақстанның климаты. Ауа температурасының таралуы



бет7/21
Дата29.07.2022
өлшемі103,87 Kb.
#147859
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21
Байланысты:
30 билет жауаптары. Жаратылыстану

16-билет
1. Қазақстанның климаты. Ауа температурасының таралуы.
2. Мұхит пен теңіздердің адам өміріндегі маңызы. Мұхит жануарлары мен өсімдіктері..
3. Өзіндік жұмыс, оның түрлері және пәндерді оқытуда өзіндік жұмысты ұйымдастырудың әдістемесі-.
1.Климат дегеніміз-белгілі бір жердегі ауа райының көп жылдық режимі,яғни осы жерде болуға тиісті ауа райы жағдайларының жиынтығы мен оның бір ізбен өзгеріп отыруы.Қазақтанның климаты шұғыл континентті.Қазақстан климаттық жағдайлар солтүстіктен оңтүстікке қарай ғана емес,батыстан шығысқа қарай да өзгереді.Бұл климат қалыптастырушы факторлар әсерімен түсіндіріледі.Қазақстанның климаты шұғыл континенті.Қазақстан климатының қалыптасуына арктикалық,қоңыржай теңіздік және тропиктік ауа масалары әсер етеді.Қазақстандағы ең суық ай – қаңтар,ең жылы ай – шілде.
Қазақстан аумағында солтүстіктен оңтүстікке созылып жатуына,сонымен бірге атмосфера циркуляциясының ерекшелігі мен жер бедерінің түрлілігіне байланысты температураның таралуы да әркелкі.Ауаның орташа жылдық температурасы республикада жазық және аласа таулы бөлігінің барлық жерде шамалы жылы, солтүстік температура 0,4°-тан,қиыр оңтүстігінде+13,7°-қа дейін көтеріледі.Биік таулы аймақтарда жоғары көтерген сайын ауаның орта температурасы төмендей береді.
2.Мұхиттың адам өміріндегі маңызы оразаң зор.Себебі мұхытты көлік қатынасы ретінде пайдалануға болады.Теңіздер мен мұхиттар арзан және қолайлы жол қатынасы болып табылады.Көптегенижолаушылар,жүктер теңіздер мен мұхиттар арқылы тасылады.Арктика мен Антарктиданың суық суларынан кит, итбалық,морж т.б теңіз сүтқоректілерін аулап,азық қылады.Соынмен қатар көптеген елдерде теңіз балдырлары тамаққа пайдаланады(мысалы теңіз капустасы).
Мұхитта жануарлар мен өсімдіктердің түрлері өте көп және ол алуан түрлі болып келеді.Мұхит суында 150 мыңдай жануар түрлері және 10 мың балдыр түрлері бар.Жалпы алғанда жануарлардың түрлері құрлыққа қарағанда суда көбірек болады.Мұхиттан жер шарындағы ең ірі жануарларды аулайды.
Өзіндік жұмыс – оқушының күрделі іс-әрекеттерініғ бір түрі немесе оқу жұмыстарының арнайы бір формасы болып табылады. Шағын жинақты бастауыш мектепте оқу-тәрбие жұмыстарының ерекше көңіл аударатын бір саласы – оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстары. Бірнеше сыныппен жұмыс істейтін мұғалімнің негізгі педагогикалық міндеті – жеке сыныппен жұмыс істейтін мұғалімнің алдына қойған міндетпен бірдей. Ол да оқу жоспарын, бағдарлама талаптарын орындауға тиіс.
Өзіндік жұмыстың түрлері сан алуан. Оларды топтастыру - күрделі мәселе. Оның жиі кездесетін бір тобы – сабақ мақсатына қарай қолданылатын жұмыс түрлері:
а) Жаңа білімді меңгеру (материалды жан-жақты талдау, мұғалімнің ауызша баяндауының жспарын, конспектісін жасау т.б. тәсілдерге үйрену).
ә) Жаңа білімді бекіту (түрлі жаттығулар, есеп шығару, түрлі жазбаша, графикалық, практикалық т.б. жұмыстар).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет