19- билет 1) Жер асты суы – жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының аралығындағы су.[1]
Ол шөгінді және борпылдақ тау жыныстары бөлшектерінің арасын, ұсақ кеуектерін, магмалық және метаморфтық жыныстардың жарықтары мен жіктерін, гипс, доломит, әктас жыныстарындағы карст қуыстарын толтырып жатады. Жер асты суы қалыптасу жағдайына, тереңдігіне, арын күшінің мөлшеріне қарай қалқыма су, грунт және артезиан сулары болып 3 топқа бөлінеді. Жер асты суының кен орны – жауын-шашынның, өзен суларының жерге сіңуінен пайда болатын жер асты суларының шоғырланған орны. Судың сапасына, химиялық құрамына, температурасына қарай тұщы, ашқылтым, термальді, шипалы (минералды), өндірістік қазба байлықты су кен орны болып бөлінеді.
2) Биосфера деген түсінік грекше” bios”- тіршілік, ” sfaira”-шар деген мағына береді,яғни Жер шарындағы тіршілік аймағы ретінде ғылымға енгізген австриялық геолог Зюсс болды. Ол 1875 жылы “географиялық қабық “ деген терминді ғылымға енгізгенімен биосфера туралыкөп дерек бермеген,тек қана бұл қабықты “тіршілік қабығы ” деп атаған. Биосфера — тірі азғалар өмір сүретін жер қабаты. Жер бетінен 10—15 км биікке көтерілгенге дейінгі және 2— 3 км құрғақтан немесе мұхиттардың 10 км түбіне дейінгі жерде азғалар тіршілік етеді. Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет Аустрияның атақты геологы Э. Зюсс ғылымға енгізді. Бірақ биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін салған академик В.И. Вернадский болды. Осы ілім бойынша, биосфера +50 %-дан – 50% -ға дейін температурасы болатын термодинамикалық қабат болып саналады.
Биосфераның негізгі үш қабаты.
Биосфера негізінен үш қабаттан құрылады. Олар: атмосфера (газ күйіндегі), гидросфера (су), литосфера (қатты) қабаттар.
Биосфераның бөлімдері:
1. Тропосфера
2. Гидросфера
3. Литосфера
4. Ноосфера
Биосфера туралы ілімнің негізін салушы ұлы орыс табиғат зерттеушісі Владимир Иванович Вернадский. Биосфераның жоғарғы және төменгі шекаралары тіршілікке
жарамды жағдайлардың шегімен анықталады.
Жоғарғы шекара тірі ағзаларды құртып жіберетін әсіресе күлгін сәулелерді ұстап қалатын озон қабатына сәйкес. Бұл қабат орта есеппен жер білігінен 20км биіктікке орналасқан деп есептелінеді. Төменгі шекара жер қойнауында температурасы +100ºС -қа жететін тереңдікте, 3-10 км аралығында. Сонда биосфера қабатының қалыңдығы 20-30км шамасында болады. Биосфера шекарасы.
3)Сабақтың тақырыбы : Пысықтау . Білім деңгейлерін тексеру Сабактын максаты : 1. Өткенді қайталау . Оқушыларды есептерді шығаруға машықтандыру . 2. Оқушылардың логикалық ойлау , есте сақтау қабілеттерін дамыту . Өз бетінше шешім қабылдап , қорытынды шығару , ой - пiкiрiн бiлдiруiн дамыту . Математика пәніне деген қызығушылығын арттыру . 3.Ұжымдылық , зейiншiлiкке тәрбиелеу Қайырымды болуға баулу . Сабактын кернекіліктері : улестiрмелкима - кагаздар , Дидактикалық материалдар заттар , ертегі кейіпкерлерiнiң суреттері . Компьютер , графопроектор , унтаспа Сабактын едiсi : аралас сабак // интеграциялык сабак Пенаралык байланыс : дүниетану .