Жер туралы ғылымдар • геология • жанартаулар 1 1-бөлім: Жанартау анатомиясы



Pdf көрінісі
бет5/12
Дата07.02.2022
өлшемі1,02 Mb.
#86843
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
kktwig-zhanartaular

• Ұсынылатын фильм
- Деректер: Жанартаудың атқылауы 
• Ұсынылатын жаттығулар
- Оқушылардан ең жақын жанартаудың қай 
жерде орналасқанын сұраңыз.
- Оқушыларға 2010 жылы болған 
Эйяфьятлайокудль жанартауының 
атқылауын зерттеп, ол жайлы 500 сөздік 
есеп жазуды тапсырыңыз.


ЖЕР ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМДАР • ГЕОЛОГИЯ • ЖАНАРТАУЛАР
3
Қосымша сұрақтар
С1. Қандай жағдайларда жанартауды белсенді, ұйқыдағы және сөнген деп айтамыз?
Үнемі атқылайтын немесе соңғы 10 000 жылда кем дегенде бір рет атқылаған жанартауды “белсенді” деп 
санауға болады. Егер жанартау өткен кезде белсенді болып, соңғы уақытта атқыламаса “ұйқыдағы жанартау” 
деп аталынады. Соңғы 10 000 жылда жанартау атқыламаса, ол “сөнген” болып есептелінеді. 
С2. Сөнген жанартаулар қайтадан белсенді бола ала ма?
Жанартаудың толықтай сөнгенін анықтау өте қиын, себебі көптеген жанартаулар ұзақ уақыт бойы тыныш 
болуы мүмкін. Жанартау толықтай сөнген болса, оның магмалық қоректену көзі болмайды, сондықтан 
қайтадан атқылауы екіталай. Эдинбург сарайы сөнген жанартаудың үстінде орналасқан.
• Жанартаулар қалай атқылайды?
Магма Жер бетінің астындағы ошақтарда жинақталады, оның өзінің айналасындағы жыныстарға қарағанда 
тығыздығы аз болғандықтан, жоғары көтерілуге мәжбүр болады. Магма жоғары қысым үстінде болады және 
ақыр аяғында лава түрінде желдету құбыры мен жер бетіндегі тесіктер арқылы сыртқа шығады. Атқылаудың түрі 
жанартаудың түрі мен магманың құрамына байланысты. Тесіктің бетінде жыныстар қатып қалып, бірнеше, тіпті 
ондаған жылдарға дейін атқылауды болдырмауы мүмкін. Ал енді бір жанартаулар үнемі атқылап отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет