ЖЕР ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМДАР • ГЕОЛОГИЯ • ЖАНАРТАУЛАР
5
• Кенже дамыған және дамыған елдердің жанартауларға қатысты қарсы
әрекеттері неліктен түрліше?
Попокатепетль жанартауы – ірі Мехико қаласына
өте таяу орналасқан белсенді жанартау
Мониторинг жасайтын құралдар мен коммуникация жүйесіне инвестиция жасайтын
ресурстың болуы жанартаудың
атқылауын алдын ала анықтап, дабыл қағуға мүмкіндік береді. Конго Демократиялық Республикасындағы (кенже
дамыған ел) 2002 жылы болған атқылау дабыл қағушы жүйенің болмауы мен жанартау атқылауына үкіметтің
дайын болмауы салдарынан кең көлемдегі зардаптарға алып келді. Бірнеше
апта бұрын Ньирагонго тауы
атқылаған болатын, кішкентай дүмпулер мен жерсілкіністер тізбегі жергілікті халықты үрейлендірмеді, нәтижесінде
300 000-нан аса адамды аз ғана уақыт ішінде аймақтан көшіру мүмкін болмады. Лава, пемза және күл үлкен
аумақты
басып қалып, Гома қаласын қиратты. Инфрақұрылым мен коммуникацияның дамымауы салдарынан
мыңдаған босқын көрші кенже дамыған
Руандаға қарай бет алды, үйсіз қалған 120 000 Конголық халыққа қажетті
көмек көрсетуде қиындықтар туды.
Достарыңызбен бөлісу: