Жапониядағы Фудзи тауы тәрізді жанартау айналасындағы жер көбінесе ауыл шаруашылығына өте қолайлы болады Жанартау атқылауының тура және негізгі әсерлерінен басқа, оның маңында
тұратын халыққа әсер ететін бірқатар процестер де бар. Жанартаулық
белсенділікке байланысты жер сілкінуі жиі болып тұрады. Жанартаулар лавамен
бірге карбон диоксидін, күкірт диоксидін, хлорсутек және су буын ауаға шығарады.
Бұл өнімдер басқа да байланыстар түзіп, атмосфераның температурасына
әсер етеді, не Жер бетіне қышқылды жаңбыр түрінде жауады. Жанартаулардан
шығатын күл 2010 жылы Исландиядағы Эйяфьятлайокудль жанартауының
атқылауымен байланысты оқиғадағыдай ұшақтар үшін қауіпті болуы мүмкін.
Қосымша сұрақ С3. Ғаламат жанартау дегеніміз не?
Ғаламат жанартаулар қалыпты жанартаулардан мыңдаған есе қуатты, олар 1000 км
3
жететіндей қоқыс пен
магма шығара алады.
Ғаламат жанартаулардың атқылаулары геологиялық өткен шақта тіркелген. Магманың көп көлемі жер бетінің
астында жинақталып, ұзақ уақыт бойы сыртқа шыға алмаса, ақыр соңында мәжбүрлі түрде атқылау тудырады.
Нәтижесінде үлкен аймақтарға зиянын тигізеді, кейде толықтай құрлықты да басып қалуы мүмкін. Бұл
атқылаулардың жойқындығы сонша, бөлінген күл мен газдың көлемі жаһандық сууға алып келуі ғажап емес.