• Ұсынылатынфильмдер - Қауіп: Жанартау күлі - Помпейдің соңғы күні • Кейбір атқылаулардың жойқын болуының себебі неде?
Жанартаудың магмалық қорек көзі көп болғанда, оның ішіндегі газ
сыртқа шықпай, жинақтала береді. Газдардың бұлай жинақталуы
жанартаудың ішінде қысым тудырады, бұл соңында жойқын күшпен
сыртқа шығады. Қысымның кенеттен сыртқа шығуы жанартаудың
күшін арттыра түседі, мысалы 1980 жылы АҚШ-тағы Сент-Хеленс
тауында осындай жарылыс болды. Жойқын атқылаулар жабысқақ
емес магмалардан туындамайды, себебі одан газ оңай шығып
кете алады. Жарылысты атқылау болған кезде, күл, газ және
жанартаулық бомбалар атқыланып, олар ылдиға қарай үлкен
жылдамдықпен ағын түрінде жылжиды. Олардың температурасы
өте жоғары болады және көп жерді басып қалады. Сондықтан, олар
қауіпті болып саналады. Мұндай атқылаулар Кариб аралдарына
жататын Монтсеррат деп аталатын аралда халықтың кең ауқымды
аймақтан эвакуациялануына себеп болды.
Жанартау атқылауынан пайда болатын пирокластикалық
материалдар, күл және жыныстардың қалдықтары тәрізді
өнімдер жаңбыр немесе мұз суларымен араласып, көшкін не
көшкін ағындары түрінде болатын сел тасқынын тудырады. Олар
пирокластикалық ағын тәрізді ұзақ жерге дейін таралып, алғашқы
атқылаудан кейін тағы да қайталануы мүмкін.