Күн жүйесіндегіорталық жұлдыз,жер шарықатарлығаламшарлароны тынымсыз айналып жүреді.
2
Проксима Центавр
Центавр шоқжұлдызы
Күнгежақын жұлдыз.
3
Сүмбіле
Үлкен арлан шоқжұлдызы
Күнді айтпағанда жерден қарағандағы ең жарық жұлдыз.
4
Жетіқарақшы
Кіші Аю (шоқжұлдыз)
Солтүстіктен көрінетін жетектеуіш жұлдыз.
5
—
Кеме шоқжұлдызы (Carina)
Гипергигант. Ондағы ең жарық жұлдыз күннен 5 млн есе жарық.
6
Антарес
Сарышаян (шоқжұлдыз)
Жерге жақын аса жарық және алып жұлдыз. Үлкен телескоппен қарағанда нүкте емес, диск болып көрінеді.
7
Барнард жұлдызы
Жыланшы шоқжұлдызы (Ophiuchus)
Өз өсінде айналуы ең тез жұлдыз есептеледі.
8
—
Түлкі шоқжұлдызы
Алғаш ашылғанпульсаржұлдызы.
(1967 жылы)
ІII. Сабақтыты бекіту: Сұрақ-жауап: 1. Жұлдыз деген не?
2. Ғаламшармен жұлдыздың қандай айырмашылығы бар?
3. Күн жүйесіне нелер кіреді?
4. Ғарыш кеңістігіндегі денелерді ата. IV. Үйге тапсырма: 1. «Жетіқарақшы» туралы баяндама дайындау.
Сабақ: 7 Тақырыбы: Күн
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Күн және оның тіршілік үшін маңызы туралы мағлұмат беру. Күн туралы білімдерін толықтыру. Дамытушылық: Танымдық қызығушылықтарын арттыра отырып, ойлау, сын тұрғысынан айту қабілеттерін, танымдық қызығушылықтарын, бақылай білу, талдау, қорытынды жасай білу дағдыларын дамыту. Тәрбиелік:Өз беттерінше тапсырма орындауға, тиянақты болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар: АКТ.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Әдіс тәсілдер: «Ой қозғау», «Үш қадамды сұхбат», «РАФТ», «Ассоциация». САБАҚ БАРЫСЫ: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару
Табиғат! Тіршіліксің тұнып тұрған. Сен-күнсің! Көтерілген күліп қырдан. Сен-Көлсің, Сен-Ормансың, Сен-Бұлақсың, Адамды сұлулыққа құнықтырған. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: «Үш қадамды сұхбат» стратегиясы арқылы сұралады. 1-сұрақ беруші, 2- жауап беруші ІІІ. Жаңа сабақ: Қызығушылығын ояту. Ой қозғау. «Ассоциация» құру «Күн» деген сөзді естіген кезде ойларыңа не келеді,көздеріңе не елестейді, нені сезесіңдер? Алдарыңдағы күннің сәулелеріне ойларыңды жазып, тақтаға іледі.