ІV. Сабақтыты бекіту: Сабақты бекіту ретінде жер, күн, ай, түнтоптарына бөлінеді.
Күн: Топ басшысы емтихан алады (билет бойынша)спикер бағалайды жұлдыз, төртбұрыш, үшбұрыш
Жер: Кластер жасайды топтар бірін бірі бағалайды басбармақ арқылы
Түн: Күн мен түннің ауысуының жердегі тіршілік атаулыға қандай әсері бар? (пайымдау жасайды)
Ай:Суретпен көрсету
V. Үйге тапсырма: А тобы: Жер ананы қорға (сурет салу)
Б тобы: Жер-Ана (Ой-толғау жазу)
С тобы: Энциклопедиядан қызықты дерек іздеу
VІ. Бағалау: Топ басшыларымен, мұғалім бағалауымен жүргізу (сумативті)
Сабақ: 4 Тақырыбы: Жердің Күнді айнала қозғалысы
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға Жердің Күнді айнала қозғалысы, жер бетіне жарық пен жылудың таралу заңдылықтарына тоқталу. Күн тоқырауы, күн мен түннің теңелуі, поляр күні, поляр түні, жылулық белдеулер туралы түсініктер қалыптастыру.
Дамытушылық:Қосымша материалдар арқылы интеллектуалдық деңгейін көтеріп, оқушының пәнге қызығушылығын арттыру, тілін дамыту.
Тәрбиелік: Табиғатты сүйе білуге, мамандық таңдауға, экологиялық көзқарасқа, эстетикалық талғамын арттыруға, патриоттық сезімге, дүниетанымдылыққа баулу.