V. Үйге тапсырма: 1. М. Бехайм туралы мәнжазба дайындау.
VІ. Бағалау: Оқушыларға тарқатылған критериалды бағалау бойынша топтық бағалау.
Сабақ: 3 Тақырыбы: Жердің өз білігінен айналуы
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Жердің өз білігінен айналуы арқылы күн мен түннің ауысатыны туралы түсінік беру.
Дамытушылық:Теориялық ойын, сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелік: Өз беттерінше тапсырма орындауға, тиянақты болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар: АКТ, бейнефильм
Сабақ түрі:Аралас сабақ
Әдіс тәсілдер: топтық, жұптық жұмыс, СТО
САБАҚ БАРЫСЫ: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын орындау сабаққа аудару.
Қызығушылықты ояту. Психологиялық жағдайды қалыптастыру:
Терең дем алып, дем шығарыңдар.
Бір-біріңе қарап, жымиып, маған қараңдар.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Топтық тапсырмалар: 1-топ: Екі жақты түсіндірме күнделігі «Жерді біз әке-шешемізден мұраға емес, балаларымыздан қарызға алдық» деген экологЛи Таболтаның сөзін қалай түсінесің? (әркім өзі жазады, ішіндегі ең дұрысын таңдайды.) кімдікі ең жақсы соған топ басшы жұлдыз береді.
2-топ: «Глассарий» жасау(мұғалім дұрыс жауаптарға жұлдыз береді)
Жер-шар тәрізді дене
Глобус- жердің барынша кішірейтіліп жасалған дәл үлгісі
3-топ: Қос шеңберде мазмұндау (1 оқушы ортада тыңдап тұрады, қалған 3 жұп бір-біріне мазмұндайды, тоқтату арқылы бірнеше рет ауысады) (спикер бағдаршам түстерін береді)