Сабақ: 18 Тақырыбы: Ғаламшардағы тіршілік
Сабақтың мақсаты: Білімділік:Оқушыларды ғаламшардағы әр түрлі тіршілікпен танысты. Мекен еткен ортаға бейімделгіштігі жайында мағлұмат беру.
Дамытушылық:Оқыту кезінде оқушыларға түрлі тапсырмалар мен жұмыстар бере отырып оқушылардың ойлау қабілеттерін, қиялдарын, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік:Оқушыларды өз беттерінше жұмыс жасауға, тапсырылған жұмысты жылдам орындауға және алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар:Табиғат туралы бейнефильм.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ.
Әдіс тәсілдер: сұрақ-жауап.
САБАҚ БАРЫСЫ: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Жаңа сабақ: Ғаламшардың тіршілік ортасы «биосфера» қабатында таралған. Яғни, биосфераны тіршілік қабаты дейді. Бұл сөз грек тіліне шыққан (биос-тіршілік). Жер ғаламшарында тіршіліктің пайда болғанына 4,5-5миллиард жылдан асты.
Ғаламшардағы тіршілік ортасын 4 ке бөліп қарастырамыз.
1.Бактериялар
2.Саңырауқұлақтар
3.Өсімдіктер
4.Жануарлар
Жер бетінде. Жануарлардың 1 500 000. Құстардың 9800. Өсімдіктердің 500 000. Балықтардың 25 000түрі бар.
Ғаламшардағы тіршілік иелерінің бірі адамдар. Адамдарда өздерінің тұратын ортасына,табиғатына, климатына қарай бейімделген.