Жетенова Алмаш Молдашовна Бастауыш сынып мұғалімі Ә. Бөкейханов атындағы лицей-мектебі



бет2/4
Дата28.11.2016
өлшемі0,72 Mb.
#2737
1   2   3   4

Жетенова Алмаш Молдашовна

Қарағанды облысы

Шахтинск қаласы,Әлихан Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі

Бастауыш сынып мұғалімі.

Пәні:Әдебиеттік оқу.2 «Г» сыныбы.

Сабақтың тақырыбы: Үш бидің үлгілері.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға би, шешен сөздерін жан жақты, ауқым түрде меңгерту, өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу дағдыларын қалыптастыру;

Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру, өзіндік ой - пікірін айта білуге баулу,

Тәрбиелік: Жан - жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу;

Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, топтастыру, әңгіме әдістері.

Жаңа технология: Сын тұрғысынан ойлау,Акт,Диалогтік оқыту,жас ерекшеліктері,дарынды балалармен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық,интерактивті тақта,слайд, суреттер, суретті сызба, тірек сызба.

Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану,тарих.

Сабақ барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі

II Психологиялық дайындық кезеңі

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

- Үйге қандай тапсырма берілді?

1. Өтірік өлеңді әуенмен жатқа айту.

2. Сурет бойынша өтірік өлең құрастыру.

- Қане, кім айтады?

4-6 оқушы өтірік өлеңді жатқа оқиды.

Сурет бойынша шығарған өз өтірік өлеңдерін кім оқиды?

3-4 оқушы оқиды.



Аутотренинг

«Мен бәрін орындай аламын»

Мен барлығын жақсы көремін, сол үшін көздеріме рахмет.

Мен барлығын жақсы естимін, сол үшін құлақтарыма рахмет.

Мен барлық жерге барамын, сол үшін аяқтарыма рахмет.

Мен барлық жұмысты атқарамын, сол үшін қолдарыма рахмет.

Мен барлығын білемін, сол үшін басыма рахмет.

- Осындай табиғат сыйлаған дене мүшемізге саулық тілеп, сабағымызға сәттілік тілеймін.



IV Жаңа сабақ.

Қызығушылығын ояту кезеңі.

Үш би.

Мағынаны тану кезеңі (тақырыппен жұмыс)



- Балалар, би, шешен деген сөздерді естігендерің бар ма? Мағынасын қалай түсінесіңдер?

(Оқушылардың ой пікірін тыңдап, толықтырып, жан жақты мағлұмат беру)

Төле тауып айтады,

Қазыбек қазып айтады,

Әйтеке жарып айтады, - деген сөз бар. Оның мәнісі Төле би – ақылды, әділ адам болған. Қазыбек би – шешен, тапқыр, батыл кісі болған. Әйтеке би шешендігімен қоса ел билеген кісі болған. Үшеуі де – халық қамын ойлаған кісі болған.

Оқулықтағы Нұрлан Оразалиннің «Үш би» өлеңін мәнерлеп оқыту. Мәнін түсіндіру.

- Балалар, өздерің ататектеріңді білесіңдер ме? Қай рудан шыққандығын, қай жүзге жататынын сұрау.

- Төле би Ұлы жүзді, Қазыбек би Орта жүзді, Әйтеке би Кіші жүзді басқарған.



Дәптермен жұмыс

-Би дегеніміз кім екен балалар?

-Би - ел билейтін тарихи тұлға.

Дәптерімізге жазып алайық.

Топқа бөліну.

Тапсырмаларды орындау үшін 3 топқа бөлінеміз.



І топ: Мына қамшыны «Төле бидей төре бол!» деп «Төре» тобының басшысына беремін.

ІІ топ: Қаз дауысты Қазыбек бидей тапқырлық танытар деп, «Тапқыр» тобының басшысына беремін.

ІІІ топ: Әйтеке бидей әділ бол деп,«Әділ» тобының басшысына беремін.

Балалар сендерге беріліп отырған қамшының рөлі қандай?

Оқушылар өз ойларын айтады.

Өте жақсы!

Қамшы дегеніміз бүгінгі сабағымызда биліктің символы.

Тапсырманы орындауда мен сендердің жандарыңнан табыламын.

Үш топқа да бірдей «Билер» деген сөзді топтастыру тапсырылады. Осы сөзді естігенде, ойларына қандай сөз келеді, соны топтап жазады.

1-тапсырма. Билерінің айтқан шешендік сөздерін жатқа айтады . Түсініксіз сөздермен жұмыс.

2—тапсырма.

Қара сөзбен жеткізу.



3—тапсырма.

«Билердің бейнесін сомдау»

Сахналық қойылым.

4-тапсырма.

«Мәліметті толықтыр»

Постермен жұмыс

Шешендік сөздерді жалғастыру

Жауаптардың өте керемет балалар!

Міне, бүгін сендер бабаларымыздың асыл сөздерін толық меңгердіңдер. Билерше сөйлеуге тырысып, тапқыр да, елге иелік ететін кемеңгер азамат болыңыздар!

Керемет, міне бүгін сендердің тапқырлықтарыңды, бірлікпен жұмыс жасағандарыңды көріп мен де сендерге риза боп тұрмын.



Ой толғаныс кезеңі

Төле биден – Ұлы жүз,

Бірінші жолын айтып беру, ары қарай ұйқастар құрау арқылы жалғастыру.

Қазыбектен – Орта жүз,

Әйтекеден – Кіші жүз

Видео «Үш би»

Үш би де халық қамын ойлаған, ел бірлігін жақтағын адамдар болған. Үшеуінің жиі-жиі кездесулеріндегі әңгіме арқауы – бүкіл қазақтың басын біріктіру, көп кешікпей жоңғарға қарсы азаттық ұрысқа аттану болатын. Қазір осы кезеңдегі ел өмірінен үзінді көресіздер.Видео көру «Үш би»

Қорытынды кезең (3минут)



Сабақта маған не ұнады?

Сабақта маған не ұнамады?

Қандай қызықты фактілерді білдің?Не туралы білгің келеді?










Бағалау (2минут) Топбасшыларына бағалату. Әр топ басшысы өз топ мүшелерін бағалайды.Сабақ бойында қалай жауап бергенін,жұлдызшамен (5), төртбұрышпен (4) үшбұрышпен(3) қадағалап,әділ бағалануын,бағалау туралы топта талқыланған болатын.Сабақ басында түсіндірілген. Бақылайды.

Қорытынды сөз:Мұғалім:

Қазаққа сөз дарыған,

Бір сөз үшін семіріп,

Бір сөз үшін ауырған.

Асан қайғы айтқандай күшпен емес, сөзбен де маңызды мәселелер шешіледі екен. Сондықтан сөз мәнін түсініп, сөйлеу мәдениетімізге мән беріп, оған жауапкершілікпен қарап, жөнімен мағыналы сөйлей білуіміз керек.



Өтілген сабаққа рефлективтік есеп

Сабақтың тақырыбы: « Үш бидің үлгілері»

Сабақтың мақсаты: : «Үш бидің үлгілері»ө леңінің мазмұнымен таныса отырып,негізгі ойды идеяны ұғатын болады. Оқушыларға би, шешен сөздерін жан жақты, ауқым түрде меңгерту, өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу дағдыларын қалыптастыру;

Оқушылардың сабақ барысында есте сақтауын сөздік қорын дамыту, логикалық ойлауын дамыту. Билерді құрметтеуге, тәрбиелеу. Жан - жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу;



Міндеттері:

1. «Үш бидің үлгілері » өлеңінің мазмұны мен идеясын ашады.

2.Атадан қалған асыл мұра тарауы жайлы мағұламаттары кеңейеді.

3. Өзіндік пікір пайда болады,ойын ортаға салады,өз бетімен жұмыс жасай алады.

4. Өзін еркін ұстайды,өзіндік « мен» пайда болады .

Сабақтың әдістері: ой қозғау,негізгі идеяны суреттеу,диалог әдісі,сто технологиясының стратегиялары,БББ стратегиясы,топқа бөлу,топпен жұмыс, акт- ны қолдану, «кластер - қоңыз» ассоцияция әдісі.

Ұйымдастыру кезеңі:

_амандасу

_оқушыларды түгендеу

_құрал-жабдықтарын тексеру.



Күтілетін нәтиже: - Оқушылардың өмірде кездесетін жағдаяттарға өз көзқарасын білдіріп, баға бере алуы . Сөздік қорын молайтып, шығармашылықпен жұмыс жасау. Топта ынтымақтастықпен өз пікірін ортаға салып, оны дәлелдеу және өзгенің пікірін тыңдап,онымен санасу.Топпен жұмыс арқылы өз өздерін реттеп, оны дәлелдеу . Кез келген жағдайдан шешімін тауып шыға білу.

Топтарға бөліну.5мин.

Сыныпты топқа бөлу ( «аққала,шырша,қар ұлпаларын» / арқылы) аққала,шырша,қар ұлпаларын» / арқылы топқа бөлініп отырады. Топ ережелерін таныстырады.Үй тапсырмасын тексеру үшін әр топқа таратпа материалдар берілді.

Үй тапсырмасын қорытындылап, бағалайды. Жаңа тақырыптың мақсатын ашу үшін «Миға шабуыл» стратегиясын қолданып сұрақтар қойдым. Осы сұрақтарға жауап бере отыра, олар бүгінгі сабақта не өтетінімізді түсінді

Оқушылардың өз беттерімен мазмұнымен танысуға мүмкіндік бердім. Бір біріне өлеңнен түсінген үш би туралы мазмұнын айтты,пікір таластырды.Оқушылардың көздері жайнап, құлшына жауап беруге кірісті.Жаңа сабаққа қызыға кірістік. Өздерің тағы қандай өлеңдер,әңгімелер білесіңдер?» Апай, мен айтайыншы....» деп таласа жауап қатты.Білетін білімдерін ескетүсіріп алып, сабаққа кірістік.оқыдық.


Үш топ та нақты жауап берді.Енді бір екі бала өлеңнің мазмұнын толық айтып берсін дегенімде,бір топтан Ақниет,екінші топтан Мадина жарыса айтуғашықты.Өлеңді өте жақсы қабылдап,қызықты етіп айтып берді.Ой өрістері кеңіп,сыни тұрғыдан ойлана нақты жауаптар айтты. Мен оқушылардың жауабына өте риза болдым.Олардың ойлау қабілетінің одан ары дамығанын ,сыни тұрғыдан реттеп, өзіндік пікірінің қалыптасқанын байқатты.Оқулықтағы келесі тапсырмаға көштік.Топтық жұмыс 
1топ:

2топ:

3топ:
Оқушыларды қимыл қозғалыстар арқылы жаттығу жасату. Сергіту сәтінде би биледі.

Жаңатәсілдер – оқушылардың өзін-өзі реттеуін қамтамасыз ете отырып, диалогтік оқыту, рөлдік ойындарды, сұрақтарды дұрыс қоя отырып нақты жауапты оқушының өзі ізденуіне ықпал жасаймын.

АКТ-сабақ жоспарын, көрнекіліктерін дайындау барысында компьютерді, оқушылардың іс-әрекеттерін фотоапаратқа түсіру арқылы қолдандым.

Жас ерекшеліктеріне байланысты оқыту-тапсырмаларды оқушылардың жас ерекшеліктеріне ескере отырып дайындадым. Мысалы, курс барысында кураторлардың өткізген мастер кластарынан оқушылардың жастарына сай тренингтерді қолдандым. (допүрлеу, лидердітану, өзін-өзіреттеугеарналған «пицца» ойыны)

Бағалау-бастауыш сынып оқушылары болғандықтан ауызша көп мақтау түрлері сабаққа ынталандырып,қызығушылығын оятады Сол мақсатпен формативті бағалауды көбінесе қолдандым. Мысалы, жұлдызшалар,үшбұры

штар,төртбұрыштарды, қолтехникасы, мадақтау .Әр топ басшысыөз топ мүшелерін бағалады.Сабақ бойында қалай жауап бергенін,жұлдызшамен (5), төртбұрышпен (4) үшбұрышпен(3) қадағалап,әділ бағалануын,бағалау туралы топта талқыланған болатын.Сабақ басында түсіндірілген. Топбасшылары өз міндеттерін ойдағыдай атқарды.Өйткені балалар өз алған бағаларына риза болды.Бір- бірлеріне бауырмалдықпен қарасты.



Нәтижесіндеоқушылар:

Оқушылар:Ұйымшылдыққа үйренді, , рөлге бөлініп,сахналауға бейімделеді, өмірде кездесетін жағдаяттарға өз көзқарасын білдіріп,баға бере алды. Топта ынтымақтастықпен өз пікірін ортаға салып, оны дәлелдеу және өзгенің пікірін тыңдап,онымен санасты. Топпен жұмыс арқылы өз өздерін реттеп, оны дәлелдеді . Кез келген жағдайдан шешімін тауып шыға білетін болды.

Қиыншылықтарды жою жолдары:

Оқушының өзін-өзіреттелуіне мүмкіндік бердім.

Әр топта жаңа достармен жұмыс жасайтыны туралы естеріне сала отырып,

бірлікке, ұйымшылдыққа баулыдым.



1.Көшбасшылық сабақ жоспарын құрған кезде әріптестеріммен ақылда са отырып,әр кезеңдерін талқылалап құрдым.Тапсырмаларды орындауда бағыт бағдар беріп отырдым.

2. Сын тұрғысынан ойлануғаКубизм,әңгіме кестесі,т.б.қолдандым.

3.Дарынды және талантты оқушылармен жұмыста Мадина үлгерімі төмен оқушыны оқыта отырып, өзін де оқытты,нәтиже шығарылды.

4.Жаңа әдістәсілдер диалогтік оқыту ,өзін өзіреттеу,топтарда жұмыс жасау,әр топта,шағын топтардағы жұмыс.

5.АКТжоспар жазғанда, көрнекілік дайындағанда,кесте сызғанда,кластер толтырғанда қолданылды.

6.Жас ерекшеліктеріне сай жоспар,тапсырмалар,рөлдік ойындар енгізілді.

7 .Бағалауда формативтік бағалау жүзеге асырылды.Әр топ бір бірін бағалады.Ауызша мадақтау арқылы сабаққа белсене араласты.

Сабақтың тақырыбы: Мәншүк. Сәду Машақов

Сабақтың мақсаты: Ә. Молдағұлова туралы мағлұмат бере отырып өздігінен өлең түйінін тауып,

мазмұнын түсініп, қорытынды жасай білуге үйрету.



Оқу нәтижесі: Мәншүктің ұрыс үстіндегі ерлігі туралы біледі.

Өлеңдегі жаңа сөздердің мағынасын біледі, пайдалана алады.

Мәншүктен үлгі алады.

Сабақ көрнекілігі: Плакаттар, қима қағаздар, суреттер,топқа бөлуге зымырандар суреттері.

Сабақ барысы:

1 .Ұйымдастыру:


  • Сәлемдесу

  • Оқушыларды топқа бөлу (Зымырандар суреті арқылы)

  • Балалар,сәуірдің 12күні қандай мерекені атап өттік?Ғарышкерлер күнін

  • Қазақстаннан шыққан қандай ғарышкер ағаларымыз бар?

  • Тоқтар Әубәкіров,Талғат Мұсабаев,Айдын Айымбетов

  • Дұрыс,ендеше топтарымызға сол батыр ағаларымыздың атын берейік.

  • Психологилық тренинг:

-Бізге күн жарқырап сәулесін мол төгіп тұр. Ауа тап – таза. Көгілдір аспан. Құстар сайрап даланың сәнін келтіріп тұр. Осылардың бәрі өз жақсылығын барлық адамға, барлық тіршілік иелеріне бірдей көрсетіп тұр.

Адамдар сондай болса екен, шіркін... Әрбір тірі жан иесі: кіп – кішкентай құмырсқалардан бастап, құстар да, аңдар мен жануарлар да, адамдар да өз өмірі үшін құлшынып, ұрпағы үшін тіршілік етіп жүр.

Бәрі де осы ашық аспан аясында, бейбіт елде өмірге келгеніне қуанышты, болашағына сеніммен қарайды. Осындай жақсыниетпен бұрынғы қалыпқа келейік.


  • Көз алдымызға неелестеді?

  • Өміріміз қандай екен?

  • Ал осындай өмірде, бейбітшілікте өмір сүріп жатқанымыз кімнің арқасы?

  • Дұрыс,Кеңес Одағының батыры апаларымыз бен аталарымыздың арқасы.

2. Өткенді қайталау: "Миға шабуыл" әдісі.Нығмет Ғабдуллин «Батырдың мінезі»

1топ: Ұлы Отан соғысы кезінде туған ерлікке қатысты қандай нақыл сөздерді білесіңдер? Мәтіндегі оқиға кімдердің арасында құрылған?
2 топ:Баукең өзінің жауынгерлеріне қандай үлгі көрсетті?Ерлігі туралы айт.
3 топ: Бауыржан Момышұлын сипатта. Бауыржаннан басқа қазақтан шыққан Ұлы Отан соғысының қандай батырларын білесіңдер?

Талдау, жинақтау.

Бекіту:

-Сонымен балалар, Бауыржан атамыздың мінезі қандай болған?

-Өжет,қайсар,батыл, айтқанынан қайтпайтын батыр тұлға болған екен. Баукең соғыстан аман –есен еліне оралып,бейбітшілік кезінде де талай ерліктер жасаған.Мысалы,ол кісіге ерен ерлігі үшін үкімет пәтер береді.Бір әжеймен сөйлесе келе оған пәтер берілмей,отбасы тар пәтерде тұрып жатқанын біледі.Баукең көп ойланбастан өз пәтерін әжейге сыйлайды.

-Қалай ойлайсыңдар,бұл ерлікке жата ма?

-Заманымыз тыныш болып,осы Баукең аталарыңнан үлгі алып,жақсы азамат болып өсулеріңе тілектеспін.

3. Жаңа сабақ.

Автормен таныстыру.
Сәду Машақов (1906–1995). 27 қарашада Семей облысының Жаңасемей ауданындағы Воскресеновка селосында туған. 1952 жылы Семей педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. Ұлы Отан соғысы жылдарында армияда үгітші-лектор, Калинин майданында шыққан «Алға, жауға қарсы» газетінің редакторы, 1944–1945 жж. Совет Армиясы Жоғары саяси басқармасының аға нұсқаушысы болып қызмет атқарған.

-Назарымызды экранға аударайық. Слайд көрсету М.Мәметова туралы.

Өзім оқып тұрамын.

-Сонымен ,балалар,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы кім туралы екен?



  • Ия,М.Мәметова – қазақтың қаhарман қызы, Кеңес Одағының Батыры.

Өлеңді оқу

  1. Мұғалімнің оқуы.

  2. Оқушылардың жеке,жұппен оқуы

  3. Жигсо әдісі бойынша түсінгенін бір біріне айтады.

  4. Жаңа сөздермен жұмыс.Ауызша талдау


Қаһар – ашу, ыза.
Қатуланған – ашуланған, кектенген
Жасымаған – көңілі босамаған, әлсіздік көрсетпеген
Қауіп – қорқыныш, қатер.

Максим-пулеметтің аты

Снаряд-өртеніп жанатын жарылғыш оқтың түрі

Пилотка-жауынгердің бас киімі.
Дәптермен жұмыс: 1 - тапсырманы жазу.

Мәншүк Мәметова – пулеметші. Ұлы Отан соғысына қатысқан батыр қыз.




Топтардың тапсырмасы:

1топ: Қызу ұрыстың болып жатқанын өлеңнің қай жолдарынан аңғардық?
2 топ: Мәншүктің пулеметші екенін неден аңғардық?
3 топ: Жауына қалай қараған?
Топтарға проблемалық сұрақ беру:

М.Мәметоваға не үшін КеңесОдағының Батыры атағы берілді?


Мағынаны ажыратып алу.

Венн диаграммасымен жұмыс.Оқушыларға қағаз тарату Б.Момышұлы мен Мәншүктің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажыратады.Диаграмманы топта пікірлесе отырып,толтырады.

Екеуіне ортақ қасиеттер:

Ұлы Отан соғысының батыры,өжет,қайсар,ақылды т.б.

Айырмашылықтары:

Ер азамат,қыз бала,қолбасшы,пулеметші,соғыстан аман оралды,21жасында соғыста қаза тапты.

Қорытынды:

Постер құру.Ой қозғау: «Кластер- қоңыз» стратегиясы. Күн шұғыласын толтырту.Әр топқа тапсырма беру.
Мәншүк

Мәншүк кім?қандай? (ассоциация)туралы сөз жазылған қағазға білетіндерін топта ақылдаса отырып,талдап, толтырады.

Тақтада көшбасшысы топ атынан қорғайды.Көмек беруге болады,топ мүшесі.

1топ:« Батырлық» сөзінен бірнеше сөз тудыру,тез ойланып жазу.
2 топ: «Ешкім де ешқашан ұмытылмайды» Мәншүк туралы шағын әңгіме жазу.
3 топ: Ерлік пен батырлық туралы мақал,нақыл сөздер жазу.


Бағалау парағы



Аты-жөні

Ұпайы

Қорытынды

1











Үйге тапсырма

Мәншүк жайлы мәлімет толықтыру.Реферат дайындап әкеліп,оны қорғау.

Әлия жайлы зерттеу жүргізу.

Рефлексия





Білемін

Білдім

Білгім келеді


1

Туған жылы

Пулеметші

Қаһармандығын

2

Ұлты

«Максим»пулеметі

Атағы,ордендері

3

Соғысқа өзі аттанған

18 жаста

Қайтыс болғаны жайлы,жерленген жері

Вазаға бүршік атып келе жатқан бұтақты салып қою.Жапырақтарға өз ойларын жазып,бұтаққа қадайды.



Мұғалімнің қорытынды сөзі:- Қараңдаршы,балалар,мынау бүршік атып келе жатқан ағаш бұтағы.Күн сайын жапырағын жайып,өсіп,өнеді.Сендер де ақылдарың толысып ,өсіп келесіңдер.Батыр ата мен апаларыңның бойындағы жақсы қасиеттерді өз бойларыңа сіңіріп,өжет,қайсар,батыл,шыншыл азамат болып өсетіндеріңе мен сенімдімін.Осымен сабағымыз аяқталды.

Сабаққа психологиялық дайындық кезеңі



Сабақ кезеңдері



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет