Жетенова Алмаш Молдашовна Бастауыш сынып мұғалімі Ә. Бөкейханов атындағы лицей-мектебі



бет1/4
Дата28.11.2016
өлшемі0,72 Mb.
#2737
  1   2   3   4

Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі



Баяндама

«Білім берудегі модернизациялау жағдайындағы деңгейлік оқыту»

Орындаған: А.М.Жетенова

Шахтинск


2015-2016 оқу жыл



Жетенова Алмаш Молдашовна

Бастауыш сынып мұғалімі

Ә.Бөкейханов атындағы лицей-мектебі

Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы

Бастауыш мектеп-оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін,ерекше құнды,қайталанбас кезең.Сондықтан бастауыш білім –үздіксіз білім берудің алғашқы басшысы,қиын да жауапты жұмыс.Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай,оны жалпы дамыту,яғни, сөйлеу,оқу,қоршаған орта жөнінде дұрыс дұрыс көзқарас қалыптастыру,жағдайларды обьективті түрде бақылап,талдау жасауғаүйрету,ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге ,дәлелдеуге,сөйлеу мәдениетіне үйретеді.Бастауыш сынып оқушысының жеке тұлғасын қалыптастыру,оның рухани әлемін байыту,сабаққа ынта жігерін арттыру,жеке дарындылығын дамыту –бүгінгі негізгі мәселелердің бірі.

Оқушыларға тәрбие берумен қатар білім беруде мұғалімдерге үлкен талап қойылуда.

Біліктілікті арттыру барысында біз оқытуда қолданатын жеті модульмен танысып, үйрендік.

Біліктілікті арттыру барысында алған іс тәжірибемді қорытындылап, саралай келе, өз сабағымда осы әдіс тәсілдерді қолдандым. Сабақта оқушыларды топқа бөліп, жұмыс жүргіздім және жақсы жетістіктерге жеттім. Күнделікті сабағымды дамыта оқыту технологиясын пайдаланып өткізіп отырдым. Жеке тұлға қазіргі уақытта қоғам үшін белсенді түрде , яғни аз уақытты қамтып, жоғары дәрежеде дамуы қажет.Балаға өз бетінше ойлана білуге, сыртқы ортамен қарым қатынас жасауына ықпал етеді.Қарым қатынас жасау барысында ,жоспарлауға, мақсат қоя білуге, қойған мақсаттарды міндетті түрде жүзеге асырып, қорытынды жасайды. Семейге келіп, курстан өтпес бұрын, сабақ беру әдісін де басты рөлді атқаратын мұғалім,яғни мен болдым. Оқушы тек тыңдаушы, ой қосушы. Сабақ басталған сәттен бастап, үй тапсырмасын сұраймын, өткенді қайталауға оқушыларға тек сұрақ жауап арқылы немесе таратпа қағаздар арқылы анықтап алатынмын. Әрі қарай жаңа сабақ. Жаңа сабақты түсіндіремін, мысал келтіремін. Оқушыларға сұрақ қойылады, сол сұрақтың жауабын оқушылар тек мұғалімнің көмегімен ғана шешетін емес, басты рөлді бүкіл сабақ барысында мен-мұғалім атқарып келдім.

Енді бұл жолы үйренген жеті модульдың ішіндегі сын тұрғысынан ойлау модулін қолдануды жөн көріп, білім берудің сапасын жақсарту мақсатында «Сын тұрғысынан ойлау» модулін өз сабақтарымда қолдандым.

Сын тұрғысынан ойлау модулінің мені қызықтырғаны баланың өзі ізденіп дәлелдеуі. Ол бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші,ойланушы, өз ойын дәлелдеуші,ал мұғалім осы әрекетте бағыттаушы, ұйымдастырушы.

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз-сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып,өз ойын еркін және зерттей талпындырып , тұжырым жасау.


Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз - ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естігенін, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау, өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Оқушылардың осындай қабілеттерін дамытуға әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.Сабақтарымда жаңа материалды талдауға зор көңіл бөлемін.Өйткені, талданбаған шығарма оқушы жүрегіне жетпейді.Талдау дегеніміз ізденіс(бірлескен ).Ізденіс арқылы әр баланың көңіл күйін бақылауға, ой пікірін байқауға мүмкіндік аламыз.

Курстың қашықтықтан оқыту екінші кезеңінде өзімнің сыныбыма сабақ беру кезінде үш оқушыны бақылауға алдым. Таңдап алған оқушылар, олар оқу деңгейі әртүрлі оқушылар. Яғни дарынды оқушы Арыстанбек, үлгерімі орта оқушы Даулетияр, үлгерімі төмен оқушы Нұржан. Үлгерімі әртүрлі бұл оқушыларды таңдап алған себебім, үш оқушының оқу деңгейі , мінез құлықтары, сабаққа қатысы да әртүрлі. Енді осы оқушыларды топқа бөліп, топтық тапсырма берсем қаншалықты сабаққа қатысып, үлгерімі ортта мен үлгерімі төмен оқушылардың топпен жұмыс кезінде қаншалықты өзгеретіндерін бақылап көру.

Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді.

Выготскийдің білім беру моделі оқушының диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды. Сондықтан, оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің рөлі ерекше. Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың білім алуына соншалықты әсер ететінін айтады. Барнс білім берудің мұғалімді селқос тыңдағанда ғана емес, вербальды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында жүзеге асатынын көрсетті. Қазірдің өзінде сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігін көрсететін жеткілікті дәлелдер бар. Олар:

∙ оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді;

∙ басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың түсінулеріне көмектеседі;

∙ оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуге көмектеседі;

∙ мұғалімдерге оқушыларға білім беру барысында олардың оқушылары қандай деңгейде екендігін түсінуге көмектеседі (Нұсқаулық 38,39б ).

Нұсқаулыққа сүйеніп, біліктілікті арттыру кезінде қолданған әдіс- тәсілдерді қолдануды жөн көрдім.

Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың білім алуының ажырамас бөлшегі болып табылады және әңгімелесудің үш түрі бар. Олар: әңгіме- дебат, топтық әңгіме, зерттеушілік әңгіме(Нұсқаулық 39б) .

Тақырыпқа байланысты берілген өлеңді екі топқа,оқулықта берілген өлеңді мәнерлеп, мағынасын ашыңдар деген тапсырма бердім. Екі топта өлеңді жақсы оқып талдап отырды. Мен Нұржанға өлеңді оқыған кезде нені түсіндің, не жайында жазылған деген де, өзінің ойын жетк ізуге тырысты, қасындағы отырған Шұғыладан , сен Нұржанның жауабына қанағаттанасың ба дегенімде, мұғалім дұрыс айтты ғой, бірақ мен тағы басқаша айтайыншы деп, әрі қарай өз ойын жалғастырды. Ол зор ынтамен сабаққа араласты.

Мұндағы мақсатым: оқушылар сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға, өзінің сөзін,ойын жалғастыра алуға және толық жеткізе білуге, мәнерлеп оқуға, мағынасын ашып, талдауға үйрету. Әрбір оқушы өз ойын білдіруге тырысты. Оқушылардың жауабынан кейін Арыстанбек тағы қол көтеріп, «менін қосарым бар» деді. «Ол ағаш басында да,жерде де өмір сүре береді. Қырғауыл тауыққа да ұқсайды.» -деп өте маңызды мағлұмат берді. Соңында жазған рефлексияда Ғазиз - «Сабақ қызықты өтті. Мен көп сұрақтарға жауап бердім, бірақ менін қосарым бар еді дегенде мұғалім тоқтатты» деп жазғанын оқып, келесі сабағымда оқушының ойын айтуына шектеу қоймау керек екендіігін ойладым. Жаңа сабақты өткенде, мысалды, қызығып тыңдап отырғандарын байқадым. Ой толғау ретінде «Сонда біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз қандай деп ойлайсыңдар?» деген сұраққа бірден «Түлкі мен қырғауыл » деп жауап берді.Арыстанбек мен үшін күтпеген сұрақ қойды:. «Апай,сіз неге бұрын бізді топқа бөлмедіңіз? Бізге топпен отырып,сабақ оқыған күнде ұнайды.»-деді. Мен сасқанымнан, «ия балалар,Арыстанбектің сұрағы өте орынды.Мен бір ай сендерді оқытқан жоқпын,ал мені қайда болды деп ойлайсыңдар? деп өздеріне сауал қойдым. Оқушылар бір дауыспен «Апай,сіз оқуда болдыңыз ғой.» деді. «Өте дұрыс айтасыңдар. Еліміздің болашағы сендерсіңдер ғой.Қазір гі кезде білім алудың жаңаша әдіс тәсілдерін қолданып, сабақтарда өздігімізден білім алуға ұмтылуымыз қажет.Сол себептен мен Семей қаласында курста оқып,жаңа әдіс тәсілдерін үйреніп келдім.Енді барлығымыз бірігіп, ізденіп , білім алуға, шығармашылықпен жұмыс атқара отырып, алға қарай дамуымыз керек.» деп,ойымды тұжырымдадым.

Топтарда бос ешкім отырған жоқ, бәрі тегіс талдап талқылап өз ойларын айтып, жұмыс істеп жатқаны мені таң қалдырды және қуантты. Мен күн өткен сайын оқушылардың ашылып, өз бетімен жұмыс жасай алатын қабілеттерінің артып келе жатқанын сезіндім. Оқушылар да өздеріндегі өзгерістерді байқай бастады.

Білім беруді, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған бағалау формативті немесе оқыту үшін бағалау болып табылады. «Оқыту үшін бағалау» дербес тұжырымдама ретінде 1999 жылғы зерттеу нәтижелері туралы мұғалімдерді және әдістеме жасаушыларды ақпараттандыру мақсатымен 1989 жылдан бастап жұмыс жүргізген Ұлыбритания академиктерінен құралған Бағалау Реформасының Тобы автор болған осы аттас кітапша жарияланғаннан кейін белгілі болды. (мұғалімге арналған нұсқаулық, 55 бет.)

Мен ана тілі пәнінен бір тарауды аяқтағаннан кейін тақырып бойынша алынған тест тапсырмасын алдым,бұл тест негізгі тараудағы авторлардың шығармаларын дәл атап, негізгі ойын анықтауға өте тиімді. Оқушылар өздері белгілейді. Нақты бағасы бағаланған соң, оқушының қатемен жұмыс жасап,оның келешекті білімді тиянақты ұғынып, түсініп қабылдауына бағыт бағдар берген дұрыс деп ойламын.

Себебі болашақта қандай жағдайда да алған білімінің нәтижелігіне көз жеткізуіне , сонымен қатар алған білімді өмірде қолдана алуына, нақты білімін дәлеледеп, өзіне анықтауына қажет деп есептеймін. Осыған сүйене келе мен осы өзін өзі бағалау әдісін бұрын соңды қолданып көрдім ба, және қалай қолданып көрдім деген ой туындады. Бірақ мен осы өзін өзі бағалау әдісін тек кей сабақ кезінде ғана, оның үстіне жеңіл түрде қолданғанымды түсіндім.

Бүгінгі сабағымызда оқушыларды өз - өздерін бағалайтындарын, өздеріңді толығырақ танытуға, жақсы қасиеттерді бойларыңа сіңіруге, жаман қасиеттерден аулақ болуға, табиғатқа, адамзатқа деген сүйіспеншілікке, сұлулықты, әсемдікті.  сезінуге көмектеседі деп ойлаймын. Әр топқа үстел үстіне жұлдызшалар тастадым. Енді осы геометриялық фигураларды не үшін бергеніме , қалай қолданады, яғни осы фигуралар арқылы өздерін қалай бағалайтындарын түсіндіріп өттім. Ол үшін бүгінгі сабаққа жақсы қатып отырулары керек екендерін айтып өттім.

Үй тапсырмасын жақсы орындап келген оқушы бір жұлдызша алады. Өткенді қайталауға қойылған әр сұраққа нақты әрі толық жауап берсе қайтадан бір жұлдызшаны алып отырады. Сабақ соңында алған жұлдызшаларын санап шығады. Яғни сегізден он жұлдызға дейін жинаса, бес алғаны. Бес жұлдыздан, жеті жұлдызға дейін жинаса төрт, бір жұлдызшадан төрт жұлдызшаға дейін жинаса үш алғандары. Мен өзін өзі бағалау әдісін қолданған себебім, күнделікті дәстүрлі бағаламай өздерінің қаншалықты сабақты меңгергендерін, қаншалықты біліп, түсінгендерін өздері біліп, өздеріне өздері қаншалықты баға қойып бағалайтындарын байқамақ болдым.

Алдыңғы өткізген сабақтарымда өзін өзі бағалау әдісінде оқушылар, мұғалім мен өзіме тек бес деген баға қоямын деп айтатын. Ал бұл жолы өзін өзі бағалау кезін де оқушылар, мен мына сұраққа дұрыс жауап берген жоқпын, білмей қалдым мен жұлдызша алмаймын, немесе осы сұрақты мен білем, дұрыс жауап бердім сондықтан мұғалім мен тағы бір жұлдызшаны аламын деген оқушылардың жауаптарына қарағанда бұл әдісте, тиімді әдістердің бірі екенін және оқушыға да тиімді екенін байқадым. Яғни осы кезде оқушылардың жауапкершіліктері артқандарын байқадым.

Менің сыныбым бастауыш болғандықтан мен өзін - өзі бағалау әдісін тек осы түрде ғана қолданып көрдім.

Егер жоғарғы сынып болған жағдайда мен өзін өзі бағалау әдісін қолданбас бұрын көптеген критериларды қарастырар едім . Келешекте өзі өзі бағалау әдісін қолданбас бұрын, критерий құрып алып бағалау керек екенін түсіндім. Яғни өз өздеріңе бес қоясыңдар, тек мына жағдайда ғана егер, берілген тапсырманы мүдірмей, нақты орындаған кезде, сұраққа толық жауап беріп мысал арқылы дәлелдейтін болсаңдар ғана өте жақсы баға аласыңдар деп айтып өттім.

Осы өзін - өзі бағалау әдісін әлі де болса өз сабағымда, яғни болашақта қолданып көрсем жақсы нәтиже беретініне сенімдімін. Демек оқыту үшін бағалау мен оқытуды бағалауды қолдану әр оқушы үшін де және мұғалім үшін де тиімді болмақ. Болашақта осы әдісті қолдана отырып, оқушылардың жауапкершіліктерінің де, сенімділіктерінің де артқанын, жүзеге асыру барысында жоғары нәтиже беретінін байқауға болады.

Бүгінгі уақыт талабы мәдени деңгейі мен шығармашылық қабілеті жоғары шәкірт әзірлеу. Сондықтан да шәкірттеріміздің ішкі сырын жасырын ұстайтынын ескерсек, олардың іскерлік дағдыларын және білім құмарлық талап –жігерлерін жетілдіруіміз қажет. Себебі, адамгершілігі мол, иманды, тәрбиелі оқушы кез-келген мемлекеттің байлығы.
Осы тұста «Ерекше қабілетті оқушы деген кім?» деген сұраққа жауап беретін болсақ...

Алдымен ол өз ойын еркін жеткізе алатын, талдай білетін, дәлелдермен қорғау шеберлігі жоғары дамыған оқушы. Ал ең басты ерекше қабілетті оқушы мұғалімнің көмекшісі.

Қазақстанның көркеюі үшін талантты да қабілетті оқушыларды тауып, оларды білім беру барысында дамыту өте маңызды. Қазіргі уақытта білім беру саласын да жоғарғы жетістіктерді анықтайтын және ынталандыратын бірқатар өңірлік, ұлттық, халықаралық сайыстар мен бағдарламалар жүргізіледі.

Талантты және дарынды оқушыларға білім беруді дамытудың инклюзивті тәсілі негізінде осындай балаларды анықтау туралы ой - пікірлер мен зерттеулер жатыр. Аталған тақырып оқушылардың қажеттіліктерін түсінуге қатысты ой - пікірлерді, барлық оқушыларды кеңінен оқытуға ықпал ететін оқу бағдарламаларын кеңейту және барлық оқушылардың осындай қажеттіліктерін қанағаттандыратын білім беру мен оқытудың сараланған стратегияларын таңдау жөніндегі идеяларды қамтиды. (Мұғалімге арналған Нұсқаулық 13 - 14 бет)

Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу,оның одан әрі дамуына бағыт бағдар бере білу ерекше қиын іс. Демек, оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығуын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі техниканы пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу-ұстаздардың басты міндеті.

Дарын-адам бойындағы асқан талант, ерекше қабілет.

Ия, бүгін қоғам алдында тұрған міндет, әрбір ұстаз алдында тұрған міндет. Дарынды балаларды іздеу, оларды тәрбиелеу мен оқыту қоғам үшін бүгінгі таңда ауадай қажет.

Дарынды балалармен жұмыс істеуде мұғалім өзі бірінші болып ізденеді. Дарындылық деген не? Дарынды бала деп қандай баланы айтамыз? Осы сұрақ мені көп ойландырады.

Менің сыныбымда 23 оқушы бар. Сыныбымдағы дарынды оқушыларды анықтау үшін осы барлық балаларды зертеу мүмкін емес. Аз уақыттың ішінде мен сыныбымда оқитын бір оқушыны бақылауға алдым. Ол сыныптың оқу озаты Жақанов Арыстанбек. Осы оқушыма эксперементтік зерттеу жұмысын жүргізуді ойладым.

Біліктілікті арттыру кезінде өткізген сабақтарымда осы аталған оқушымды да дарындылар қатарына жатқыза отырып, сабақ кезінде қосымша тапсырмалар мен шығармашылық тапсырмалар беріліп отырды.

Математика сабағында дарынды деп таныған оқушыға шығармашылық есептеп беріліп отырды.

Болашақта осы дарынды балаларды одан әрі дамыту үшін, жоспар құрып, сол жоспармен жұмыс жасап оқушылардың қабілеттерін дамытпақпын және өткізетін жұмысты жоспарлап отырмын. Яғни, дарынды оқушылардың ата - анасымен тығыз байланыс орнату; мектеп психологімен бірлесіп жұмыс жасау; суреттер бойынша әңгіме құрау; берілген тақырыпқа өлең шығару; оқушының ғылыми ізденіс жұмыстарымен айналысуы, міне осы және тағы басқа да жұмыс жоспарын құрып, құрылған жоспармен жұмыс жүргіземін. Енді мен өзімнің сыныбымдағы Жаканов Арыстанбек деген оқушым туралы айтқым келеді. Мен Арыстанбектің бойындағы өзге оқушылардан ерекше қасиеттерінің барлығын байқадым.Сауат ашу кезеңінде ол еш қиналмай,бағдарламаға сай тақырыптарды оңайшылықпен меңгеріп отырды. «Әліппе» кезеңінде де әріп пен дыбыстарды жете ажыратып,буынға дұрыс бөліп оқып,сөздер мен сөйлемдерді ежіктемей шапшаң оқып кетті.Өтіп жатқан жаңа әріптерге байланысты алдын ала тақпақ,жаңылтпаштарды жаттап келіп,мәнерлеп айтып отырды.Қысқасы,басқа оқушылар бағдарламаға сай түгел әріптерді желтоқсан айында меңгеріп,аяқтағанда,Арыстанбек ана тілі бойынша тапсырмаларды орындап,еш кедергісіз алға жылжыған. Басқалардан бір саты алда болды.Үйде анасы да өте зор көмек көрсетіп отырды.Әрине, ата-ананың көмегінсіз жетістікке жету қиынырақ болар еді. Жаттығулар орындағанда тапсырмаларды күрделендіріп,түрлендіріп беріп жүрдім.

Көктем айында зияткерлік сайысқа қатысып,жүлделі орынға ие болып,дипломмен марапатталды.Ана тілі сабақтары бойынша деңгейлік дамытатын,ізденіске жетелейтін,ынталандыратын тапсырмалар берген кезде,зор қызығушылықпен орындайды.Мысалы: 1-ші тапсырма - «Образға кіру»Жансыз заттардың, өсімдіктердің, жануарлардың орындарында өздері қандай күй кешетіні, қандай қызмет атқаратынын сезіну. Мен-Гүлмін. (Қасықпын, Шыршамын, Бағдаршаммын, Доппын) деген әр түрлі тақырыптарда әңгіме құратып,ойын өрбіту. Мысалы, Арыстанбек өз ойын былай деп білдірді. -«Мен гүлмін.Мені адамдар жақсы көреді.Мен хош иістімін,жан жағыма хош иісімді таратамын. Мереке кезінде,қуанышты сәттерде адамдар мені бір біріне сыйға тартады. Менің анам гүлдерді өте жақсы көреді.Біздің үйде терезе алдында бөлме гүлдері көп,анам екеуміз оларға қамқорлық көрсетіп,бағып қағамыз.» Өз ойын нақты жауаптармен жеткізген.

2-ші тапсырма. Рөлге бөлініп, диалогтік оқуда Арыстанбек кез келген кейіпкердің бейнесін рөлмен ойнап, диалог құрып,сомдап көрсете алады. Іс-әрекетімен, бет мимикасын өте ойнаған кейіпкеріне келтіріп ойнайды.

3-ші тапсырма: Шығарма тақырыбына байланысты суреттер салу.

Бұл жұмысты ол еш қиындықсыз орындайды.Өйткені Арыстанбек «Балалар орталығы» атты мектепте де қосымша өз өнерін яғни бейімділігін дамытып жүр.Арыстанбек жазба жұмыстарын сол қолымен орындайды.Бірақ біліп,көрмеген адам оның сол қолымен жазатынын аңғармайды да. Ол жазуды өте таза ,мөлдіретіп отырып,каллиграфиялық талаптарға сай жазады.Мен Арыстанбекке тәуелсіз жобамен айналысуға мүмкіндік бердім.Жұмысты бәрінен бұрын аяқтап отырады.Оның «креативтігін» дамытуға уақытын жұмсап,оқылып жатқан тақырыпқа байланысты сурет салғыздым.Атап айта берсем атқарылған жұмыс түрлері өте көп те , оған қаншама уақыт кетейін деп тұр.Сондықтан да қысқа да нұсқа етіп алдым.

Арыстанбекпен «Вертикальді жетістіктерді» дамыту жұмысын жоспарлап,дүниетану пәні бойынша сыныпта оқытылатын тақырыптан кеңірек,әрі дамытуға болатын ыңғайлы жоба ұйымдастырдым. Оқулықтан тыс , қосымша әдеби оқулықтардан, ғылыми журналдармен танысып,оқып,көп материалдар алдық.Ата-анасының, әжесімен атасының іс-тәжірибесінен алынған ақпарат материалдар болды. Соларды іріктеп,сұрыптап,зерттеп ,қорытындылар шығарып отырдық.Баланың қызығушылығы аясында жұмыс жасай отырып,туыстарын және сыныптас оқушының анасын да іске тартып,жұмылдырдық.

Пияз қабығының шаш күтіміндегі маңызын дамыту мақсатында Досбек деген оқушының анасын іске жұмылдырдық.Пияздың қабығын аздаған суға бұқтырып,бір рет қайнатып алып,сығып алып ,суын шаштың түбіне жақты.Күтілетін нәтиже –шаштың түсі өзгерді,әдемі қоңыр түске енді.Шаш түбінің қатаюын жақсартты және қайызғақтан арылды.Тұмау тиіп ауырған кезде де анасы ылғи да пияздың сөлімен емдегеннен кейін тез жазылып кеткен.Күнделікті ас мәзіріне де пиязды қолданған.Әжесі немерелерін оскаридадан (іш құрттарынан) арылту мақсатында пияздың сөліне қант қосып, аш қарынға ішкізгенде нәтижесін көрген.

Ауылдағы атасы бұзаудың іш өтуін тоқтатуға да пияздың сөлін ішкізген.Міне, осындай зерттеулерден кейін пияздың адам ағзасына ,денсаулығына тигізетін әсерінің зор екеніне көзіміз жетті десем де әбден болады.Сонымен дарынды оқушымның өз потенциалын дамытуға көмектестім,ынталандырдым.Өз өзін реттей алады,өзіне баға бере алады.Басқаның іс әрекетін сыни тұрғыдан бағалай алатын дәрежеге жетті. Және де Арыстанбекке ата- анасы, ата- әжесі,оқушымның анасы және мен тәлімгер болдық.

Осы дарынды оқушыммен жұмыс жасаған кезде барлық тәлімгерлер көмекші ретінде болып,пияз туралы ақпараттар жинауда,зерттеу жүргізгенде көп көмектерін тигізді.Дарынды оқушыммен жұмыс негізінде Блум таксонамиясын нұсқаулыққа алдым. 3 жоғары ойлау дағдылары –анализ,синтез,бағалау.Оқушының ерекше жетістіктері мен табыстарын ескере отырып, әріптестермен бастауыш сынып отырысында, және мектеп ішілік жиында талқыланды. Ғылыми жоба тыңдалынып Қарағандыдағы облыстық Кіші Ғылыми Академиясына зерттеу жұмысын жіберу туралы шешім қабылданды.Мектеп психологының көмегімен оқушының потенциалдық мүмкіндіктер диагностикасы құрылды.Зор сенім білдіріп, сәттілік тілеп атқарды.

Ойымды жинақтай келе айтайын дегенім,Арыстанбекке өз басым үлкен үміт артамын. Ғылыми жобаны бастамас бұрын,баланың ата- анасымен сөйлесіп, отбасылық жағдайын анықтап алып ,осы жұмысты оған табыстағанымда ол өз тарапынан ақтап шықты.Барлық пәннен « бес» деген нақты бағамен қорытылды.

Кез келген сабақ маңындағы проблемаларды еркін ,жеңіл шеше алады.Ойлау, шешім қабылдау қабілеті өте жоғары деңгейде.Және де оқу жылдамдығы төмен тұрған Даулетиярға да өз көмегін көрсетіп отырды.Кітапханаға бірге ертіп апарып, оқытып отырды. Жыл аяғында Даулетияр да өз жетістігімен мақтана алды. Мектеп қабырғасында

-Әр дарынды баланың ынтасын, дарындылығын қамти отырып, шығармашылық жұмыстарын таратуға мүмкіндіктер беру;

-Дарынды баланы бақылауға, дұрыс бағыт беруге, жеке тұлғалық дамуына мүмкіндік туғызу.

Ойымды тұжырымдай келе, оқушыларға «топтық жұмыс, жұптық жұмыс», «мен топта өз пікірімді айта аламын», «топ басшысы болғым келеді», «топ мүшелеріне көмектескім келеді», «мен өзімді еркін сезіндім» , «өзгелердің пікірімен сана алдым»деген пікірлер ,яғни болшақта маған ,яғни ұстазға көп дайындықты,аса ізденушілікті қажет ететіндігін түсіндім.

Олай болса, еліміздің болашақ ұрпағына сапалы білі мен саналы тәрбиені қалыптастыруда,сол тұлғаның қабілеті мен танымдылығының, қабілетінің дамуына СТО әдістердің ықпалы өте зор. Оқушыда өзіндік сыни көзқарас, қоршаған ортамен қарым қатынасы,кез келген жағдайдан шығу жолдарын ойлап табу,белгілі келісімге келу,сенімділік,ынтымақтастық,жауапкершілік сияқты қабілеттерінің шыңдалуына, қалыптасуына мүмкіндік береді, дамытады. Білім беруде, сабақ беру мен бүгінгі білім берудегі жаңалықты, жаңа әдіс тәсілдерді, яғни жеті модульді сабақ үрдісіне енгізу,пайдалану, қолдану мұғалім үшін күтірмейтін мәселе.

Осы курстан алған тәжірибемді мектепте қолданған кезде, әр оқушының сабақтан алған әсерлерін көру, менің педагогикалық іс тәжірибеме қосқан үлкен жетістіктерім бірі болды десем, артық айтқандық емес.

Мен өзім оқып үйрнеген әдіс тәсілдерді білім беруде жиі қолданып,оның тиімділігін өзге әріптестеріммен бірге үйреніп,қолдануды парызым деп есептеймін.



Пайдаланылған әдебиеттер: Диалогтік оқыту жолында.4 th edition,york Dialogas.

Мектепте ынталандыру жөніндегі нұсқаулық.Hantbook on motivation at school

Барнс(1971 )

Атамұра Ана тілі. Қайырбекова А.



Әлихан Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі

Бастауыш сынып мұғалімі

Жетенова Алмаш Молдашовнаның қысқа
мерзімді жоспары





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет