Жетісай ауданының аймақтық қауіпсіздігі



бет2/4
Дата26.04.2023
өлшемі21,53 Kb.
#175535
1   2   3   4
Байланысты:
Сымбатсм219к1 жетисай ауданы (1)

Экология қаупі


Су басу- Ынтымақ ауылдық округі, Әден ата елді мекенінде қыс пен көктемгі толассыз жауын-шашын салдарынан су басу қауіпінің алдын-алу бойынша «Қазсушар» РМК Түркістан филиалы тарапынан қажетті қаражат бөлініп, КС-4 қашыртқысына жалпы ұзындығы 3,8 шақырым қашыртқы қазу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар су тасқынының алдын алу мақсатында Жетісай қаласы, Байтұрсынов көшесі бойынан жаңадан тік дренажды ұңғыма қазу жұмыстарына 2022 жылға жергілікті бюджеттен 40 млн. теңге қаржы қаралып, тиісті жұмыстар қолға алынды. Қазыбек би ауылдық округі, Қазыбек би елді мекенінде 1,3 шақырым, Мақталы ауылдық округі, Мақталы және Жетісу елді мекендерінде 1,7 шақырым су қашырту арықтары қазылған. 2023 жылға аудандық бюджет есебінен су тасқынының алдын алу мақсатында арық-атыздар мен қашыртқылар қазу үшін жалпы соммасы 86 млн. 770 мың теңге бөлініп, Жаңа ауыл, Жылы су, Қарақай, Қазыбек би, Ж.Ералиев, Мақталы ауылдық округтерімен қатар Асықата кентінен қашыртқыларды қазу жұмыстары жүргізілуде.

Террористік қауіптер


Жетісай ауданы Жетісай қаласында орналасқан «Асықата» кенті тұрғындарымен дін саласында діни және құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша жұмыс шеңберінде «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің Жетісай аудандық маманы М. Салиходжаев «Экстремизм және терроризм: ұғымы, мәні, көріністер формасы» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді:
Терроризмнің басты белгілері «зорлық-зомбылық», «үрей туғызушылық», «кінәсіз адамдарға кесірін тигізу». Экстремизм мен терроризмге қарсы күрестің негізгі жолы – олар туралы өз уақытында шынайы мәлімет беру болып табылатынын ескертіп өтті. Террорлық жолға түскен адамдардың еліне пайдасы тиер мұсылман азамат болып қалуы неғайбыл. Себебі дінде адам өлтіру арқылы ізгі мақсатқа жету туралы ұғым мүлде жоқ. Жас ұрпаққа рухани тәрбие беріп, діни сауаттылығын арттыру үшін қазіргі таңда көптеген жұмыстар жүрізілуде. Бала тәрбиесі баршамызға ортақ. Осы орайда, адасқан жастар неліктен адамзаттық құндылыққа қарсы шығады? Өз ұлтын өзі жау көріп, «жанды бомба» болып жарылуын қалай түсінеміз? Бұл сауалдардың жауабы - тәрбиеде кемшін кеткен тұстар бар. Діни сауаты жоқ, рухани тәрбиеден жұрдай осындай жандарды әлдебіреулер жолдан тайдыру арқылы санасын роботқа айналдырып, өз мақсатына қолдануда. Тіпті оларды көндіру үшін түрлі дәрі-дәрмектер мен психотроптық заттардың көмегімен арандату жағдайлары да жиі кездеседі. Егер діни сауаттылықты көтеру істерін бүкіл ел болып жаппай қолға алсақ, адамзатқа қауіп төндірер экстремизм мен терроризмнің алдын алуға болатындығын естен шығармауға тиіспіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет