Жетпісбай бекболатұЛЫ


-бап. Бұқаралық ақпарат құралының баспагерi



Pdf көрінісі
бет52/86
Дата25.01.2022
өлшемі0,95 Mb.
#114026
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   86
Байланысты:
ПособиеПрессСлужба2019 Бекболатулы

      9-бап. Бұқаралық ақпарат құралының баспагерi 
 
       1.  Баспагер  -  бұқаралық  ақпарат  құралының  өнiмiн  өндiрудi  материалдық-
техникалық жағынан қамтамасыз етудi жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.   
 
       2.  Егер  меншiк  иесi  бұқаралық  ақпарат  құралының  әрi  баспагерi  болмаса,  меншiк 
иесi мен баспагердiң құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлiгi жеке шартпен белгiленедi. 
 
      
10-бап. 
Мерзiмдi 
баспасөз 
басылымын 
және 
ақпарат 
 
              агенттiгiн есепке қою, қайта есепке қою 
 
       1.  Қазақстан  Республикасының  аумағында  әрекет  ететiн  мерзiмдi  баспасөз 
басылымы мен ақпарат агенттiгi уәкiлеттi органда мiндеттi түрде есепке қойылуға жатады. 
 
2.  Есепке  қою,  қайта  есепке  қою  үшiн  мерзiмдi  баспасөз  басылымының  және  (немесе) 
ақпарат агенттiгiнiң меншiк иесi не оның уәкiлеттiк беруi бойынша әрекет ететiн тұлға осы 
Заңның 11-бабының талаптарына сай келетiн өтiнiш бередi.  
3. Мерзiмдi баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттiгiн есепке қойған кезде, 
сондай-ақ  мерзiмдi  баспасөз  басылымының  және  (немесе)  ақпарат  агенттiгiнiң  есепке 


қойылғанын 
куәландыратын 
құжаттың 
телнұсқасын 
алған 
кезде 
Қазақстан 
Республикасының Салық кодексiнде айқындалатын тәртiппен алым алынады.  
4.  Мерзiмдi  баспасөз  басылымын  немесе  ақпарат  агенттiгiн  есепке  қою,  қайта  есепке 
қою  туралы  өтiнiш  түскен  күнiнен  бастап  он  жұмыс  күнi  iшiнде  қаралуға  тиiс.  Өтiнiштi 
қараудың  қорытындылары  бойынша  уәкiлеттi  орган  мерзiмдi  баспасөз  басылымының 
немесе  ақпарат  агенттiгiнiң  меншiк  иесiне  есепке  қою  туралы  куәлiк  бередi  не  мынадай 
негiздер бойынша: 
1)  егер  уәкiлеттi  орган  бұрын  сол  атаумен  және  сол  аумаққа  таралатын  не  оның  аты 
бұрын  құрылған  мерзiмдi  баспасөз  басылымының  немесе  ақпарат  агенттiгiнiң  атымен 
айырғысыз дәрежеде ұқсас мерзiмдi баспасөз басылымын немесе ақпарат агенттiгiн есепке 
қойғаны туралы куәлiк берген болса; 
2) егер өтiнiштiң мазмұны осы Заңның 11-бабының талаптарына сай келмейтiн болса; 
3) егер мерзiмдi баспасөз басылымын немесе ақпарат агенттiгiн есепке қою үшiн алым 
төленбесе; 
4)  егер  меншiк  иесiнiң  ауысуына  орай  мерзiмдi  баспасөз  басылымын  немесе  ақпарат 
агенттiгiн қайта есепке қою туралы өтiнiште мерзiмдi баспасөз басылымына немесе ақпарат 
агенттiгiне меншiк құқығын басқа тұлғаға берудi растайтын шарттың нөмiрi мен жылы, айы, 
күнi көрсетiлмесе; 
5)  егер  шығарылуын  бұрын  сот  тоқтатқан  аты  (атының  бiр  бөлiгi)  бiрдей  және 
тақырыптық  бағыты  дәл  сондай  мерзiмдi  баспасөз  басылымы  немесе  ақпарат  агенттiгi 
есепке қоюға мәлiмделген болса немесе аты мен тақырыптық бағытын қайталайтын мерзiмдi 
баспасөз басылымы немесе ақпарат агенттiгi мәлiмделген болса, сондай-ақ шығарылуы сот 
шешiмiмен  тоқтатылған  мерзiмдi  баспасөз  басылымының  немесе  ақпарат  агенттiгiнiң 
меншiк иесi немесе бас редакторы (редакторы) соттың шешiмi заңды күшiне енген күннен 
бастап үш жыл iшiнде өтiнiш берген жағдайда есепке қоюдан бас тартады. 
5.  Мерзiмдi  баспасөз  басылымының  меншiк  иесi  есепке  қою  туралы  куәлiктi  алған 
күннен  бастап  үш  ай  iшiнде  мерзiмдi  баспасөз  басылымының  өнiмiн  шығаруға  кiрiсу 
құқығын 
сақтайды.  
      Ақпарат агенттiгiнiң меншiк иесi есепке қою туралы куәлiктi алған күннен бастап алты 
ай  iшiнде  ақпараттық  сипаттағы  хабарлар  мен  материалдарды  таратуға  кiрiсу  құқығын 
сақтайды.  
       Мерзiмдi  баспасөз  басылымының  және  (немесе)  ақпарат  агенттiгiнiң  шығарылуын  сот 
тоқтата  тұрған  жағдайларды  қоспағанда,  мерзiмдi  баспасөз  басылымының  және  (немесе) 
ақпарат  агенттiгiнiң  өнiмiн  шығару  мерзiмiн  өткiзiп  алған,  сондай-ақ  мерзiмдi  баспасөз 
басылымының және (немесе) ақпарат агенттiгiнiң өнiмiн шығару үш ай бойы тоқтап қалған 
жағдайда,  уәкiлеттi  органның  шешiмiмен  мерзiмдi  баспасөз  басылымын  және  (немесе) 
ақпарат агенттiгiн есепке қою туралы куәлiктiң күшi жойылды деп танылады.  
6. Мерзiмдi баспасөз басылымы және (немесе) ақпарат агенттiгi меншiк иесi ауысқан не 
ұйымдық-құқықтық  нысаны,  атауы,  сондай-ақ  мерзiмдi  баспасөз  басылымының  және 
(немесе)  ақпарат  агенттiгiнiң  аты,  басылымның  не  материалдар  мен  хабарлардың  тiлi, 
таралу  аумағы,  негiзгi  тақырыптық  бағыты  және  шығарылу  мерзiмдiлiгi  өзгерген 
жағдайларда 
қайта 
есепке 
алынуға 
жатады.  
       Ескерту.  10-бап  жаңа  редакцияда  -  ҚР  2009.02.06 
N  123-IV 
(қолданысқа  енгiзiлу 
тәртiбiн 
2-баптан 
қараңыз)  Заңымен,  өзгерiс  енгiзiлдi  -  ҚР  2012.07.10 
N  36-V
  (алғашқы 
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет