Жетпісбай бекболатұЛЫ


-тарау. Журналистiң құқықтары мен мiндеттерi



Pdf көрінісі
бет61/86
Дата25.01.2022
өлшемі0,95 Mb.
#114026
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   86
Байланысты:
ПособиеПрессСлужба2019 Бекболатулы

5-тарау. Журналистiң құқықтары мен мiндеттерi 
 
      20-бап. Журналистiң құқықтары 
 
      Журналистiң:  
 
      1) ақпаратты iздестiрудi жүзеге асыруға, сұратуға, алуға және таратуға;   
 
       2)  мемлекеттiк  органдарға,  барлық  меншiк  нысандарындағы  ұйымдарға  баруына 
және өзiнiң қызмет бабындағы мiндеттерiн жүзеге асыруға байланысты олардың лауазымды 
адамдарының  қабылдауында  болуға,  жабық  шара  өткiзу  туралы  шешiм  қабылданғаннан 
басқа жағдайда өзiн тiркеген орган өткiзетiн барлық шараларға қатысуға;   
 
       3) Қазақстан Республикасының заң  актiлерiнде тыйым  салынған  жағдайларды 
қоспағанда,  жазбалар,  соның  iшiнде  оларды  дыбыс-бейне  техникасын,  кино-фото  түсiру 
құралдарын пайдалана отырып жасауға;   
 


 
       4)  журналистiң  куәлiгiн  көрсету  арқылы  дүлей  апаттар  болған  аудандарда, 
митингiлер  мен  демонстрацияларда,  сондай-ақ  қоғамдық,  топтық  және  жеке  мүдделер  мен 
наразылықтарды өзге де бiлдiру нысандарына қатысуға;   
 
       5)  құжаттар  мен  материалдардың  мемлекеттiк  құпиялар  болып  табылатын 
мәлiметтерi бар үзiндiлерiн қоспағанда, олармен танысуға рұқсат алуға;  
 
      6) алынатын ақпараттың дұрыстығын тексеруге;  
 
      7) алынған ақпараттық материалдарды тексеру кезiнде мамандарға жүгiнуге;  
 
       8)  өзi  дайындаған  хабарлар  мен  материалдарға  қолын  қойып,  шартты  атын 
(бүркеншiк атын) көрсетiп таратуға;  
 
       9)  материалдың  мазмұны  редакциялық  түзетуден  кейiн  журналистiң  жеке  сенiмiне 
қайшы келсе, оған өз қолы қойылып жариялануынан бас тартуға;  
 
       10)  авторлық  және  ақпарат  көздерiнiң  құпиясы  соттың  талап  етуiмен  жарияланған 
жағдайларды қоспағанда, бұл құпияларды сақтауға құқығы бар. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет