Ұйқыашар жаттығулар Мақсаты



бет1/5
Дата15.12.2021
өлшемі16,6 Kb.
#101362
  1   2   3   4   5
Байланысты:
6704a003-4a53-44b7-ae73-9ccf59e2fd57-Бейнелеу-өнері-негіздері-оқыту-әдістемесімен-344012


Ұйқыашар жаттығулар

Мақсаты:Ұйқыашар жаттығуларын жасауға қызығушылығын арттыру, қимылдық іскерліктерін жақсартуға тырысу, оларды дұрыс және дәл орындай білуге үйрету. Балалардың жалпы физиологиялық жетілуін жақсарту, қимыл қозғалыс арқылы биологиялық қажеттілігін қанағаттандыру, жағымды эмоцияналды көңіл күй ортасын жасау.

1. Велосипед жаттығуы. Қол мен аяқтыжоғары көтеріп. Аяқты кезекпен сермеу.

Бірге керілейік,

Бірге созылайық.

Бірге қолымызды созайық.

Бірге тіземізді ұстайық.

Бірге велосипед тебейік.


2. Қайық жаттығуы.Ішпен жату, қолдар иектің астында. Жоғарытартылып, еңкею, тербелу.

Жерде бұлақ жүреді,

Қағаздан қайық жасайық.

Суға оны жіберіп,

Қайықпен бірге жүзейік.
3. Ауыр тастар көтеру. Алақанды жұмып, қолды жартылай көтеріп - түсіру

4.Шаңғыжаттығуы. 2 аяқты тізеге бүгіп, кезекпен созып - жинау. Табанды төсек үстіне үйкеу.

5. Ашулы мысық. Тіземен тұрып, белді бүкірейтіп, басты төмен түсіру.

6. Мейірімді мысық. Белді бүгіп, басты жоғары көтеру.
II. Жалпы дене жаттығулары.

Жалпы денеге арналған жаттығу – балалардың денсаулығын нығайтып, дене бітімін жақсы қалыптастырады.

1) Арқаға арналған «Ауа - райы» жаттығуы. Балалар бірініңартына бірітұрып, алдыңғы тұрған балаланың арқасына әттүрлі массаждар жасайды.

2) Басқа және қолға арналған массажды қолғаптармен жасалатын жаттығулар

3) Мойынға арналған массажды жөкемен жаттығу
III. Алақан мен аяққа арналған жаттығулар.

Ұсақ саусақ маторикасын дамытуға және майтабанның алдын алуға зор әсер етеді.

1)Алақанға арналған «Кірпі» жаттығуы. Тікенек допты алақанға салып, айналдыру.

2) Табанға арналған жаттығу.

3) Бақайға арналған жаттығу
IV. Нүктелі массаж.

Суық тиюге және тұмауға қарсы жаттығулар жасау арқылы балалардың денсаулығын нығайту, денесымбатын жетілдіру, қимыл – қозғалыс дағдыларын дамыту.


А)Тамағымыз ауырмау үшін, қолымызбен тамағымызды жоғары – төмен уқалаймыз

Б)Түшкіріп, тұмауратпау үшін, нұсқаушы саусағымызбен танауымыздың екі жағын кезектеп үйкейміз.

В) Қолымызды маңдайымызға қойып уқалаймыз.

Г)Құлағымызда ауырмау үшін, нұсқаушы және ортаңғы саусағымызбен құлағымызды алдынан және артынан уқалаймыз.

Керемет балалар, бізге ешқандай суықтию кедергі болмайды (алақанынуқалау)
V. Тыныс алу жаттығулары

Тыныс алу жаттығулары өкпенің жұмысын жетілдіріп, қан айналымын жақсартады. (үрлеуәдісі)


VI. Кедір – бұдыр жолдармен жүріп отыр.

Табанға массаж - өте тиімді пайдалы денені шынықтырудың түрі. Бұлтабан бөлігіндегі активті нүктелерге қалыптасу үшін керек, майтабанның алдын алу үшін пайдалы.


Бүдірлері бар кілемшелерді басып жүру.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет