Жігітпен қалай танысамыз?



Pdf көрінісі
бет3/68
Дата24.12.2021
өлшемі2,08 Mb.
#128510
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Байланысты:
ilovepdf merged

ЖІГІТПЕН ҚАЛАЙ
ТАНЫСАМЫЗ?
 
Егер  сіз  ұзақ  уақыт  бойы  ешкіммен  таныса  алмай  жүрсеңіз
немесе  үнемі  сізге  көңіліңіз  толмайтын  жігіттер  кездесіп
жүрсе, менің  сұрақтарыма өзіңіз үшін жауап беріп көріңізші.
Танысу мәселесі
Сіз бір аптада қанша ер адаммен диалог құрасыз?
Дәл  осы  уақытта  бір  апта  бойы  кімдермен  сөйлесіп
жүрсіз?
Яғни  ол  сіздің  әкеңіз,  ағаңыз,  туысыңыз  емес.  Таныстықтың
жаңа нұсқасы. Ол тіпті дүкендегі сатушы, күзетші де болмауы
керек.
-Сәлем!
-Сәлеметсіз бе?! Маған нан беріңізші, - деген диалог емес.
Ал  менің  кітабымнан  мынадай:  “Әйел  адамның  өмірі  толған
жақсылық, қуаныш, үнемі бәріне күлімсіреп, қуаныш, махаббат


сыйлап  жүріңіздер,  үнемі  аффирмация  айтыңыздар.  Ер  адам
барлық  кезде  де  дұрыс  айтады,  сіз  өзіңізді  өзгертіңіз,  ер
адамды  тыңдаңыз,  қазіргі  қарым-  қатынас  алғашқы  және
соңғы”,  -  осы  секілді  кеңестерді  күтпеңіздер.  Мен  мүлдем
ондайды  айтпаймын.  Менің  айтатын  сөздерім  тек  қана
шындық.  Қатты,  тіке  және  шындық!  Сіздерге  кейбір  айтатын
сөздерім  ұнамауы  да  мүмкін.  Себебі,  ер  адаммен  контакт
тұрғысында қиын тапсырмалар болады. 
  Сізбен  кез-келген  жігіт  танысқысы  келетін  бикеш  болуыңыз
керек.  Ол  сізге  қарағанда,  сіздің  бір  сөзіңізді  естігенде,
көзқарасыңызды  көргенде,  сондай  сәттерде  сізге  жақындап,
танысып,  кездесуге  шақырғысы  келетіндей  болуыңыз  керек.
Қалай сондай бикеш боламыз? Оны мен алдағы тақырыптарда
міндетті  түрде  толықтай    айтып  беретін  боламын.  Қазіргі
әңгіме    әлі  де  жігітін  кездестіре  алмай  жүрген  қыздарға
арналады.
Ал  уақыты  келмеген  болса  ше?  Яғни  ешқандай  жігіт  сізді
қағып  кетпейді,  көріп  қалмайды,  түртіп  қалмайды,  танысып
қалмайды,  тіпті  танысқан  күннің  өзінде  ол  сіздің  мүлдем
көңіліңізге  толмайтын,  талаптарыңызға  келмейтін  жігіт.
Мұндай  жағдайда  не  істейсіз?  Қашан  осы  күн  келеді  деп
жұмысыңызды істеп, өзіңізбен-өзіңіз жүре бересіз бе? Осылай
жылдар  өтеді,  күндер  өтеді,  уақыт  зымырайды.  Сіз  бір  күні
оянасыз да, ойлайсыз: «Менің өмірімде әлі бірде-бір жігіт жоқ,  
мен тұрмысқа шығуым керек, мен біреумен танысып, махаббат
болып, қол ұстасып жүруім керек. Ал менің өмірімде  ешкім
жоқ, маған не істеу керек? Қалай бұны өзгертуге болады?".
Біздің  көбіміздің  ойлайтынымыз  ол  уақыт  өзі  келуі  керек.
Мысалы,  сіз  бағдаршамда  тұрасыз,  сол  кезде  кездейсоқ  бір
жігіт келіп сізге қарап, аяқ астынан ғашық болып: «Қарындас,
сондай сұлусыз! Номеріңізді беріңізші, мен сізге ғашық болып
қалдым»,  -  деп,  осылай  қарым-қатынас  басталып  кетеді  деп
ойлайсыз.  Кей  жағдайлар  болады,  ер  адамның  алдында  келе
жатасыз,  сіздің  танысқыңыз  келеді.  Бірақ  әйел  адам  ондай
бірінші қадам жасамауы керек қой деп көбісі айтады. Мен бұл
кітапта ондай нәрсені айтпауым мүмкін.
Некеге дейін...
7


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет