1-Тапсырма: сізге кез-келген қызмет көрсететін, әсіресе
автобуста жаныңызда отырған адамдармен танысу. Сіздің
мақсатыңыз - сұрақ қою арқылы немесе өзіңіз жайлы айтып
беру арқылы әңгіме құрушы адамның атын білу, оның қай
жерде тұратынын немесе оның өмірі туралы бір фактті білу.
Қарапайым мысал келтіретін болсам, маникюрға барған кезде
алдымен «Қандай түспен бояймыз? Қалай ойлайсыз, қараға
бояйын ба немесе аққа бояйын ба?» деп жұмысына байланысты
cұраймын. Себебі, ол міндетті түрде жауап беруі керек. Ары
қарай онымен сөйлесе отырып, өзім туралы айта бастаймын.
«Аз уақыт бұрын осы жаққа көшіп келгенмін. Осы жерге, бұл
салонға бірінші рет келіп тұрмын. Егер маған жұмысыңыз
ұнаса, тұрақты клиентіңіз болатын шығармын. Сіз осы жерде
жұмыс істеп жатқаныңызға көп болды ма?» деп сұрақ қоямын.
Бұл адам туралы факт білудің бірінші сұрағы. «Айтпақшы,
менің атым-Сабира» Ол да өз атын айтады. «Номеріңізді алып
қояйын, келесі жолы маникюрға келетін болсам, сізге
хабарласуым мүмкін» деп номерін білесіз. Осылай кете береді.
Жігіттермен де танысқыңыз келсе дәл осылай шешуге
болады. Кафеге барсам да, дүкенге барсам да мен сол жердегі
адамдармен міндетті түрде танысып, әңгімелесіп кетемін. Мен
үшін ол әдетке айналып кеткен. Мені танымайтын жаңа
адамды көрсем, өзімен-өзі бір сұрақтар пайда болады.
Некеге дейін...
14