Жігітпен қалай танысамыз?


Неге әлі ешкімді кездестіре алмай жүрсіз?



Pdf көрінісі
бет5/68
Дата24.12.2021
өлшемі2,08 Mb.
#128510
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Байланысты:
ilovepdf merged

Неге әлі ешкімді кездестіре алмай жүрсіз?


 Неге екенін білесіз бе? Себебі сізде ешқандай таңдау болған
жоқ, сіз салыстыра алмадыңыз, басқа керемет, күштірек адам
бар  екенін  білген  жоқсыз.  Тұрмысқа  шығып  аласыз,  болды
нүктені қою керек, артқа қайтатын қадам жоқ, шығар жол жоқ.
Тұрмыс  құрмай  тұрып,  кез-келген  таксиге  отырғанда,  рөлде
кім отырса да, әңгіме айтып баратынмын. Танысқым келгеннен
емес  немесе  осы  әдетті  қалыптастыру  үшін  емес.  Тек  уақыт
созу үшін. Бірақ қазір мен білімімді жетілдіргеннен кейін жаңа
таныстықтың, социалды шеберліктің маған көп көмектескенін
біліп отырмын. Жаңа адамдармен сөйлескен сайын мен өзімді
бір  жеңіл  сезіне  аламын.  Сіздерге  тапсырма  беремін,
тапсырманы міндетті түрде орындау керек болады.
Қызды таңдайтын жігіт емес, керісінше тұрмысқа шығатын қыз
өзіне  жігітті  таңдауы  керек.  Келген  жігітті  қабылдап,  онымен
өмір бойы көңіл қоса салуға болмайды. Бұл дұрыс емес. 
Көп  ер  адамдармен  танысқан  сайын,  жаңа  таныстықтар
көбейген  сайын  сізде  таңдау  болады.  Сол  көп  нұсқалардың
арасынан  сіз  шертіп  тұрып  таңдай  алатын  боласыз,  өзіңізге
жақын,  жақсы,  нағыз  идеал,  сіздің  бойыңыздағы  мінезіңізге,
түр-әлпетіңізге,  көзқарасыңызға  сай  келетін  жігітті  шертіп
тұрып таңдай алатын боласыз. Не үшін таңдау керек? Себебі,
өмір бойы жаныңызда болатын, оған сіз 100% сене алатын, ол
адаммен  қол  ұстасып,  ешбір  жамандыққа  қарамастан  оны 
  кешіре  алатын  болуыңыз  керек.    Ал  ондай  адам  кез-келгені
бола алмайды. Сізбен сөйлесетін және потенциалды күйеу бола
алатын әр жігітті фильтрациядан өткізу керек.
театрлар,  спектакльдер,  машина  қарататын  жер,  базар,
супермаркет,  концерт,  автобус,  такси,  жай  ғана  көшеде  кетіп
бара жатсаңыз да жаңа таныстар табуға болады.
Некеге дейін...
Таңдайын  деп  жатқан  жігіт  керемет  сынақтан  өту  керек.  Не
үшін?  
11


Күнделікті  таңертең  оянғанда  айту  керек:  «Мен  бүгін  жаңа
адаммен  танысамын,  әлемде  жаңа  танысатын,  менің
потенциалды  күйеуім  болатын  адамдар  миллион.  Мен  соның
біреуін  таңдай  аламын».  Бір  адамға  жабысып  қалу  міндетті
емес. Егер ол сізге ұнамаса өзіңіздің жаныңызды қинамаңыз.
Мен  сіздерге  таныс  қыздың  басынан  өткен  жағдайды  айтып
берейін.  “Жап-жас  қыз  болады.  18  жасында  университетке
оқуға түседі, мұғалімді күтіп отырған кезде, жанына сымбатты
жігіт келіп отырады. Жай ғана сұрақ қояды, бір-екі қалжыңын
айтады. Екеуі сол әңгімеден кейін танысады, номер алмасады,
лекцияға  барады,  сабаққа  кіреді.  Сосын  екеуі  кафеге  барады.
Бір  айдан  кейін  екеуі  жақсы  дос  болып,  сосын  қыз  бен  жігіт
болып  жүре  бастайды.  Олардың  махаббаттары  университетті
бітіргенше  созылады.  Ол  4  жылдың  ішінде  осы  жігітке
тұрмысқа шығамын, менің алғашқы  және соңғы махаббатым,
бұдан  басқа  ешкім  керек  емес,  екеумізде  той  болады  деген
сияқты  армандармен,  бүкіл  достарына,  анасына,  әкесіне
барлығына  айтып  береді.  25  жасында  немесе  университетті
бітіргеннен  кейін    сол  жігітке  тұрмысқа  шығамын  деп
армандаған  шығар.  Бірақ  университетті  бітіргеннен  кейін  ол
жігіт    «уақытша  айырылыса  тұрайық,  мен  әлі  дайын  емеспін,
маған  әлі  көп  нәрсе  жасау  керек»  дейді.  Басында  сирек
хабарласып,  сосын  мүлдем  жоқ  болып  кетеді.  Екеуі
айырылысады. Ол қыз қайғырады, жылайды. Не үшін? Себебі,
бұл  жігіттен  басқа  ешкіммен  сөйлесіп  көрген  жоқ,  танысып
көрген  жоқ,  алғашқы  танысқан  жігіті  де,  махаббаты  да  осы.
«Енді  не  істеймін,  мен  мұндай  жігітті  кездестіре  алмаймын,
мұндай жігіт менің өмірімде болмайды. Мен оған тіпті беріліп
қойған  едім,  ол  жігіт  мені  алады  деп  ойладым.  Мен  жаңа
махаббатымды  таба  алмаймын»  деп  қайғырып,  сол  жігіттен
үмітін  үзбей  күтеді.  Жігіт  оралмайды.      Басқа  қызбен  жүріп
кетеді.  Мүмкін  үйленіп  кеткен  де  шығар.  Қыздың  жасы  да
келіп  қалды.  2-3  жыл  өтіп  кетті.  Әлі  ешкіммен  танысқысы
келмейді.  Танысайын  десе  күші  жетпейді.  Сосын  менің
махаббатым  өзі  келіп  менімен  танысуы  керек  деп  ойлайды.
Қалай? Ол жігіт 18 жасында келіп әңгіме бастағандай, басқалар 
Некеге дейін... 
12


да  солай әңгімені бастап менімен танысады деп ойлайды. Бірақ
жұмыста  да,  көшеде  де  ешкім  жақындамайды.  Қыздың
түрінен-ақ оның дайын емес екені көрініп тұр.”
Көп  әйел  адамдар  солай  бірінші  махаббатымен  тоқталады  да,
егер сол бірінші махаббатымен айырылысып кетсе, одан кейін
ешқандай  қарым-қатынас  бола  алмайды,  қосыла  алмаймыз,
барлығы  осылай  болып  кетеді  деп  қорқады.  Яғни,  оларда
махаббатын табуға болатындай ешқандай формула, ереже жоқ.
Не  үшін?  Себебі,  бірінші  танысулары  кездейсоқ  болды.  Жай
ғана  таныс  арқылы  танысып  қалдыңыздар,  жәй  ғана
университетте  көрісіп  қалдыңыздар  т.с.с.  Әдейі  сонымен
танысып,  әдейі  бір  мекемеге  барып,  соның  көңілін
қарататындай  қадамдар  жасалған  жоқ.  Формула  болған  жоқ.
Сосын  ол  менің  барлық  махаббатым,  барлық  қарым-
қатынастарым  осындай  кездейсоқ  болуы  керек  деп  ойлайды.
Күтіп-күтіп  ешқандай  махаббатын  кездестірмейді,  алғашқы
болған махаббатын ойлайды да, адамда жалғыз бір жұп болады,
бір  ғана  махаббат  болады,  одан  кейін  оны  ұмыту  қиын,
басқаларға  қосылу  қиын  деп  миларына  ережені  сақтайды.
Ондай  заңдылық  жоқ.  Махаббат  деген  -  химия.  Ол  гормон,
өшеді,  оның  барлығын  ұмытуға  болады.  Барлығына  уақыт
емші.  Жай  ғана  ол  адамды  ойламау  керек  және  жаңа
қадамдарды басу керек. Бір жерде отырып күтпеу керек.
Өзіңізге сұрақ қойыңызшы, қалай ойлайсыз егер әр апта сайын,
минимум 5-6 адаммен танысып, солармен әңгіме айтып, жаңа
таныстарыңыз  апта  сайын  өсе  берсе  сіздің  сөйлеу  манераңыз,
сөздеріңіз, нәзіктігіңіз, мінезіңіз немесе мүмкіндіктеріңіз өсер
ме еді, көбейер ме еді? Мен өзіме сенімсізбін деген қыздардың
өзіне  де  сенімділігі  осы  жаңа  әдет  арқылы  қалыптасты.  Ер
адаммен  сөйлескен  кезде  өзіңізді  сенімсіз  сезінбеу  үшін
практика  болу  керек.  Жаңа  адамдармен  кез-келген  жерде
сөйлесіп  кетіңіз.  Бастысы  -  әңгіме  құра  білу,  әңгімені  бастай
білу.
Некеге дейін... 
13


 
             Даяшыларға практика жасап бастау керек. Барлық сізге
қызмет көрсететін адамдармен әңгіме-дүкен құру. Даяшылар,
дүкен сатушылары, хат тасушылар, парикмахер, нейл-стилист,
кірпігіңізді жасатсаңыз, косметологқа барсаңыз, қандай да бір
сіздің  өміріңізде  қызмет  жасайтын  адамның  барлығымен
әңгімелесуге  тырысыңыз.  Мен  өзім  бұл  әдетті  бұрыннан
қалыптастырғанмын.  Қазір  салонға  барсам  үндемей
отырмаймын.  Міндетті  түрде  танысамын,  сөйлесемін,
әңгімелесемін,  маникюрға  барсам  да,  кірпікке  барсам  да,
шашымды қисам да, таксиге отырсам да міндетті түрде әңгіме
айтамын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет