қанағатты болып келісе салатын нұсқа болып тұр. Сізге бір
жері ұнамай тұрса да, сіз келісіп, көніп жүрсіз. Себебі, сізде
салыстыратын ешкім жоқ. 5-6 жігіт сізді ұнатып, қамқор
болып жүрген (ухажер) болса, біреуі күндіз-түні алақаныңда
ұстайды, біреуі өмір бойы үлде мен бүлдеге ораймын дейді,
үшіншісі ауырған кезде хабарласып, түрлі дәрілерді әкеледі,
төртіншісі қыдырғыңыз келген жерге апарады, жалпы 5-6
нұсқаның ішінен ең нашары сол болса сіз түсінетін едіңіз. «Бұл
маған боқтайды, басқа қыздармен ұстап алдым» немесе «мен
бұдан сыйлық күтемін, ал ол сыйлық сыйламайды, мүлдем
өзгермеймін деп айтады. Мен ойланайыншы, анау 4 жігіт менің
асты-үстіме түседі, олар әлдеқайда жақсы. Үйленгеннен кейін
мен үшін өзгергісі келмейтін мына жігітпен боламын ба?
Немесе 4 жігіттің біреуін таңдайын ба?» деген сияқты әңгіме.
Мен тек мысал келтіріп жатырмын. Міндетті түрде солай
болуы керек деп тұрған жоқпын.
Сізге бір сүйкімді, сізге ұнайтын, көрікті бір жігіт танысқысы
келген кезде, сізде түсініксіз сезім пайда болады. Ұялып,
қысылып, «жоқ, мен таныспаймын» деп майысып қалуыңыз
мүмкін. Не үшін сізде осындай сезімдер пайда болады? Себебі,
практика жоқ. Жаңа адамдармен сөйлесу, танысу практикасы
жоқ. Менде бүгін сіздерге тапсырма болады. Жаңа әдетті
қалыптастырамыз. Қандай әдет? Ол - жаңа адамдармен
сөйлесу, социалды шеберлік, адамдармен керемет сөйлесе білу,
тіл табыса білу, жағымды, тартымды бола білу әдеті. Мұның
барлығы тек қана кітап оқудан, лекция тыңдаудан ғана емес,
көп адамдармен сөйлесу арқылы пайда болатын шеберлік.
Сізбен жігіт танысқан кезде өзіңізді жеңіл, ашық, көңілді,
флиртовать ете алатындай қасиетіңіз болғанын қаласаңыз, өте
көп жаңа адамдармен таныса білуіңіз керек. Тек қана ер адам
емес, оның ішінде әйел адам, аталар, әжелер, кішкентай
балалар, кез-келген жаңа таныс. Адамның өмірде жаңалықтары
болмаса, жаңа нейрондар оянбайды. Адамда өзгеріс болмайды.
Ол су сияқты бір орында тұрып қалады. Жаңа жерге бару
керек. Орталық кітапхана, мәдениет үйі, цирк, парк, зоопарк,
кафе,
Некеге дейін...
10
Достарыңызбен бөлісу: