Жиын дегеніміз не?



Дата29.11.2019
өлшемі7,61 Kb.
#52765
Байланысты:
Новый документ

8-билет

Жиын дегеніміз не?

Жиын — математиканың маңызды ұғымдарының бірі. Жиын немесе жиынтық ұғымы қарапайым математикалық ұғымға жатады. Сондықтан Жиын ұғымының анықтамасы берілмейді. Ол аксиомалық жолмен енгізіледі.

Жиын -математикада — нақты немесе абстрактылы объектілердің кез келген дәлме-дәл кесімді жиынтығы; 2) қандай да бір объектілердің ортақ нышандарымен біріктірілген және біртұтас бүтін ретінде ұсынылатын біртекті элементтер жиынтығы.


2)Жиынның құрылымдық тип-массивті айырмашылығы қандай?


Құрылымдық типтердің бірі – массив. Массив - базалық деп аталатын бір типті элементтердің бекітілген санынан тұратын байланысқан мәліметтер жиынтығы. Массивті анықтау үшін оның базалық типін, және де массивтегі элементтердің санын және оларды номерлеу әдісін көрсету жеткілікті. Массивтің жеке элементтеріне қатынас жасауға болады – ол үшін массив атауы мен қажетті элементтің номерін (индексін) көрсету жеткілікті.

Массивті сипаттау келесі түрге ие:

Type

s=array[i] of a



Мұндағы ARRAY және OF - массив және осыдан мағынасы бар резервтелген сөздер; s – массив атауы; i – индекстер типі (тік жақшаға алынады); a – массив элементтерінің типі (базалық тип). Массив элементтері кез-келген типті мәндер бола алады. Массивті индекстеу үшін Turbo Pascal-да мәліметтер типі қолданылады. Бұл бүтінсанды типтерлің кез-келгені (LongInt-тен өзгесі), Char және Boolean, сол сияқты саналатын және аралық типтер (LongInt негізіндегі аралық типтен өзгесі) бола алады. Нақты типтер массивтерді индекстеуге жарамайды. Төменде массивтерді сипаттау мысалдары.

Var


a1:array [byte] of Boolean;

a2:array [char] of Boolean;

a3:array [Red, Yellow, Green] of char;

a4:array [1..100] of integer;

Мұндағы а1 - boolean типті 256 (0..255) мәннен тұратын массив. а2 – бұл да 256 boolean типті мәннен тұратын массив, дегенмен, а1 массивінен айырмашылығы ол char типті мәндермен индекстеледі. а1 және а2 массивінің жеке элементтеріне қатынас жасау төмендегідей болады.

а1[90]:=false;

a2[z]:=true;

а1 және а2 массивтерінің мазмұны келесідей бола алады:

1-ші элемент 2-ші элемент 3-ші элемент ... 256-ші элемент

True False True False



(а1 массивінің 1-256 элементтері 0-ден 255-ке дейінгі сандармен белгіленетін болады, ал а2 массивінің элементтері – ASCII кестесінің символдарымен реті бойынша белгіленеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет