Жиынтық бағалаудың спецификациясы


Талас өңіріндегі көне жазбалар – ежелгі түркі жазу мәдениетінің бастауы



Pdf көрінісі
бет7/34
Дата14.05.2020
өлшемі0,58 Mb.
#68499
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34
Байланысты:
33 17-OSh SOCh 1178 aza 1179 tili T1 8kl

Талас өңіріндегі көне жазбалар – ежелгі түркі жазу мәдениетінің бастауы 

Бүгінгі таңда қазақ және өзге де түркі елдері алдында өзекті мәселелердің бірі ретінде 

руникалық түркі жазба ескерткіштерін зерттеу болып табылады. Орталық Азиядағы алғашқы 

ірі көшпелі ғұндар империясы біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ ғасырдың соңында құрылды. Ғұн 

тайпалары  алтай  тілдес  тайпалар  қатарына  жатқанымен,  оның  құрамында  әртүрлі  тілдерде 

сөйлейтін  тайпалық  одақтар  мен  шағын  рулар  да  бар  еді.  Осындай  тайпалық  одақтардың 

түрлі жағдайларға байланысты әлсіреуі нәтижесінде Орта Азия территориясында түркі тілдес 

тайпалық одақтарының бірігу үдерісі басталды. 

Заманымыздың  І  мыңжылдығының  басынан  Еуразия  даласында  біртіндеп  этникалық 

өзгеріс орын алды. Оның негізгі көрінісі ретінде бұл аймақтарда түркі тілдес тайпалардың 

бас  қосуын,  өз  алдына  мемлекет  құрып  дамудың  жаңа  бір  үдерісін  бастан  кешуін  ерекше 

айтуға болады. 

Тарих  толқынында  өз  ізін  жоғалтпай,  үнемі  даму,  ұлғаю,  ірілену  сияқты  үдерістерді 

бастан кешкен біздің көне түркі тіліміз қазіргі уақытта өмір сүріп отырған бүкіл түркі тілдес 

халықтардың  тікелей  сабақтастығының  жемісі  болып  табылады.  Тілдің  пайда  болуы  мен 

қалыптасуындағы осындай үзіліссіз, динамикалық дамудың негізінде пайда болған қазақ тілі 

де түркі ата тіліміздің негізгі бір бұтағын құрайды. 

 

2-



мәтін 

Орталық  Азияны  және  Оңтүстік  Сібірді  мекендеген  түркі  тілдес  ру-тайпалар  бірігіп,    

VІ  ғасырдың  орта  шенінде  Түрік  қағанаты  мемлекетін  құрғаны  тарихтан  белгілі.  Осы 

қағанаттың құрамына енген тайпалық одақтар бір кездерде өз елі мен жерінің бостандығы, 

тәуелсіздігі үшін жойқын соғыстарды басынан кешті. Ұрпаққа өнеге болар атақты Күлтегін, 

Тоныкөк,  Білге,  Бумын  қағандар  әрі  тарихи,  әрі  әдеби  дастан  жырлардың  кейіпкерлеріне 

айналды. Ардақты есімдерді ел жадында сақтау үшін, сол заманның данагөй білімдарлары ер 

есімдерін өркениеттің белгісі болып табылатын түркілік сына жазуымен тас бетіне түсірді. 

Түркі тайпаларынан қалған бұл ескерткіштер көне дәуірдің қоғамдық мәдени әрі әдеби 

тұрмыс-салт  өмірлерінен  хабар  беретін  жәдігер  қазына  ретінде  бүгінгі  күні  барлық  түркі 

тектес  халықтарға  ортақ  мұраға  айналды.  Түркі  даласының  бар  сырын  бойына  сіңірген 

таңбалы тастар сан ғасырларды аттап, еш өзгерместен бүгінге жетіп отыр.  

Болашақ ұрпаққа мұра етіп қалдырылған көне түркілік жазба ескерткіштер кең байтақ 

Қазақстанның  барлық  аймақтарынан  табылып,  ескерткіштер  саны  жыл  санап  өсіп  жатыр. 

Осы көне көз жәдігерлерге үлкен сезіммен қарап, оның ішкі мазмұны мен сырын ұғыну қазақ 

халқының негізгі міндеттерінің бірі. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет