Жиынтық бағалаудың спецификациясы


  Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты



Pdf көрінісі
бет2/34
Дата14.05.2020
өлшемі0,58 Mb.
#68499
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
33 17-OSh SOCh 1178 aza 1179 tili T1 8kl

1. 

Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты 

 

 

Тоқсандық  жиынтық  бағалау  оқу  бағдарламасы  мен  оқу  жоспарының  мазмұнына 

сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға 

бағытталған.  

Тоқсандық  жиынтық  бағалау  оқу  жоспарындағы  тоқсан  ішінде  меңгеруге  тиісті  оқу 

мақсаттарына жету деңгейін тексереді.  

 

2. 

Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар   

 

 



«Қазақ  тілі  (бірінші  тіл)»  пәні  бойынша  (орта  білім  беру  мазмұнын  жаңарту 

аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (5-9 сыныптар)  

 

3. Күтілетін нәтижелер   

 

Тыңдалым  және  айтылым:  білім  алушы  қарым-қатынастың  әлеуметтік-тұрмыстық, 

әлеуметтік-мәдени,  оқу-кәсіптік  салалардағы  мәтіндерін  түсінеді;  сөйлесу  тәртібінің, 

бағалаудың  ашық  және  жабық  түрде  берілген  нысандарын  таниды;  әртүрлі  өмірлік 

жағдаяттарда  ауызша  тілдік  қарым-қатынасты  жүзеге  асырады;  тілдік  қарым-қатынастың 

әртүрлі  мақсаттары  мен  тактикаларын  іске  асыру  үшін  түрлі  тілдік  құралдарды  пайдалана 

отырып, әңгімеге бастамашы бола алады және диалогты қолдайды; проблемалық сипаттағы 

ақпаратты жинақтай отырып, монолог құрастырады; өз пікірін қорғайды және дәлелдейді; өз 

пікірін  білдіре  отырып,  әңгіме  нысанасына  қатысты  сөйлеушінің  көзқарасын  бағалайды; 

тақырыбы/жалғасы/соңы бойынша мәтін мазмұнын болжайды; өз сөздерін ресімдеу кезінде 

грамматикалық, стилистикалық нормаларды сақтайды. 

Оқылым: білім алушы әртүрлі типтегі, жанрлар мен стильдердегі мәтіндерден негізгі 

және  егжей-тегжейлі  ақпаратты  (мәтіндік,  сандық,  графикалық)  түсінеді  және  өзінше 

түсіндіреді; мәтіннің астарлы мағынасын түсінеді; зерттеп, шолып, таңдап, белгілеп оқуды, 

арнайы  ақпарат  алу  үшін  оқуды,  талдамалық  оқуды,  белгілі  бір  мақсатпен  оқуды  қоса 

алғанда,  оқу  стратегияларын  пайдаланады;  әртүрлі  дереккөздерден  қажетті  ақпараттарды 

алады,  оларды  талдайды  және  жинақтайды;  қарым-қатынастың  әлеуметтік-тұрмыстық, 

әлеуметтік-мәдени  және  оқу-танымдық  аяларына  қатысты  мәтіндердің  құрылымдық, 

лингвистикалық және стилистикалық ерекшеліктерін салыстырады; дәлелдер мен фактілерді 

ажырата отырып, ақпараттың өзектілігі мен құндылығы тұрғысынан мәтінді бағалайды. 

Жазылым: білім алушы естіген және оқыған ақпараттарын жинақтай отырып, әртүрлі 

типтегі,  жанрдағы  және  стильдегі  мәтіндерді  жазады;  ақпаратты  ұсынудың  әртүрлі 

нысандарын  пайдалана  отырып,  мәтін  құрастырады  (оның  ішінде,  баспа);  ұсынылған 

ақпаратты  талдау  және  бағалау  қабілетін  көрсете  отырып,  өзінің  проблемалық  сипаттағы 

мәтінін  (мақала,  эссе,  хат  және  т.б.)  жазады;  әртүрлі  типтегі,  жанрдағы  және  стильдегі 

мәтіндердің құрылымдық-композициялық, тілдік ерекшеліктерін салыстырады; анықтамалық 

материалды  пайдалана  отырып,  мәтіндерді  түзетеді  және  редакциялайды;  белгілі  бір 

тақырып  бойынша  қарапайым,  күрделі  және  жан-жақты  жоспар  жасайды;  орфографиялық, 

грамматикалық және стилистикалық нормаларды сақтайды. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет