Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік нұсқаулықтар Биология 8-сынып


«Тірі ағзалардың көптүрлілігі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



бет3/18
Дата30.04.2023
өлшемі1,86 Mb.
#175765
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Жиынты ба алау а арнал ан дістемелік н с аулы тар Биология 8-с

«Тірі ағзалардың көптүрлілігі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


Бөлімше Балдырлар, мүктер, қырықжапырақ тәріздестер, ашық және жабықтұқымдылардың ерекшеліктері.
Саңырауқұлақтардың негізгі белгілері.
Даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктердің айырмашылығы. Буынаяқтылар мен хордалылардың ерекше белгілері.


Оқыту мақсаттары 8.1.1.1 балдырлар, мүктер, қырықжапырақ тәріздестер, ашық және жабықтұқымдылар мысалында өсімдіктердің ерекшеліктерін сипаттау

        1. саңырауқұлақтардың негізгі белгілерін сипаттау

        2. даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктерді негізгі белгілеріне қарай ажырату

        3. буынаяқтылар мен хордалы жануарлар кластарын ерекше белгілері бойынша тану



Бағалау критерийі Білім алушы

  • Балдырлар, мүктер, қырықжапырақ тәріздестер, ашық және жабықтұқымдылар мысалында өсімдіктердің ерекшеліктерін сипаттайды

  • Саңырауқұлақтардың негізгі белгілерін сипаттайды

  • Даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктерді негізгі белгілеріне қарай ажыратады

  • Буынаяқтылар мен хордалы жануарлар кластарын ерекше белгілері бойынша сипаттайды



Ойлау дағдыларының деңгейі


Білу, түсіну және қолдану



Орындау уақыты 15 минут


Тапсырма





  1. Балдырлармен салыстырғанда мүктерде болады:

    1. споралар

    2. мүшелер

    3. хлорофилл

    4. камбий




  1. (i) Өсімдіктер дүниесінің бөлімдеріне сай ерекшеліктерін сәйкестендіре отырып, белгілеңіз.

1

Ашықтұқымдылар

А

Топыраққа ризоидтары арқылы бекінеді

2

Жабықтұқымдылар

В

Спордан жүрекше тәрізді өскін өсіп шығады

3

Мүктәріздестер

С

Тұқымы жабық орналасқан

4

Қырықжапарықтәріздестер

D

Қанатша тәрізді тұқымнан таралады

A) 1-А, 2-С, 3-D, 4-B


B) 1-C, 2-B, 3-D, 4-A
C) 1-A, 2-D, 3-B, 4-C
D) 1-A, 2-D, 3-C, 4-B

    1. Аталған өсімдіктердің тобынындағы ағзаларының құрамына кіретін мүшелерін таңдаңдаңыз

      1. ашықтұқымдылар

      2. балдырлар

      3. мүктер

      4. қырықжапырақ тәріздестер



Мүшелер:

        1. Таллом

        2. Өркен

        3. Ризоид

        4. Антеридии

        5. Архегонии

        6. Қауашақ

        7. Өскін

        8. Гаметофит

        9. Спорофит

        10. Тамырсабақ

        11. Жапырағы - вайя

        12. Аналық бүр




  1. Саңырауқұлақтардың жасуша қабықшасының құрамына кіреді:

    1. муреин

    2. крахмал

    3. целлюлоза

    4. хитин




  1. Саңырауқұлақтардың сыртқы бөлігі ... тұрады.

    1. қалпақшадан және жіпшумақтан

    2. түбіртектен және жіпшумақтан

    3. жіпшумақтан және қалпақшадан

    4. қалпақшадан және түбіртектен

  2. Суретте көрсетілген өсімдіктердің негізгі белгілерін даражарнақты және қосжарнақты кластарға тән белгілермен сәйкестендіріп, кестеге толтырыңыз.




Даражарнақты кластарға тән белгілер:

Қосжарнақты кластарға тән
белгілер:










  1. Хордалылар мен буынаяқтылар белгілерін белгілеңіз.




Хордалылар

Белгілері

Буынаяқтылар




1. Желісі бар




2. Сыртқы қанқа

3. Тұйық қан айналым жүйесі

4. Бас сүйегінің жоқтығы

5. 2,3,4-х камералы жүрек

6. Денесі хитинді затпен қапталған

Бағалау критерийі

Тапсырма


Дескриптор

Балл

Білім алушы

Балдырлар, мүктер, қырықжапырақ тәріздестер, ашық және жабықтұқымдылар мысалында өсімдіктердің ерекшеліктерін сипаттайды

1

балдырлармен мүктердің құрылысын салыстырады;

1

2(i)

мүк, қырықжапырақ тәріздестер, ашықтұқымдылар және жабықтұқымдылар мысалында өсімдіктердің ерекшеліктерін анықтайды;

1

2(ii)

ашықтұқымдыларға тән ерекшеліктерді
анықтайды;

1

балдырларға тән құрылысындағы ерекшеліктерді
анықтайды;

1

мүктерге тән құрылысындағы ерекшеліктерді
анықтайды;

1

қырықжапырақ тәріздестерге тән құрылыстарындағы ерекшеліктерді анықтайды;

1

Саңырауқұлақтардың негізгі белгілерін сипаттайды

3

саңырауқұлақтардың жасушасындағы ерекшелігін сипаттайды;

1

4

саңырауқұлақтардың құрылыс ерекшелігін
сипаттайды;

1

Даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктерді негізгі белгілеріне қарай ажыратады

5

даражарнақты өсімдіктің тамырындағы
ерекшелікті ажыратады;

1

даражарнақты өсімдіктің жапырақ жүйкелену
ерекшелігін ажыратады;

1

даражарнақты өсімдіктің сабағының
құрылысындағы ерекшелікті ажыратады;

1

қосжарнақты өсімдіктің тамырындағы ерекшелікті
ажыратады;

1

қосжарнақты өсімдіктің жапырақ жүйкеленуінің
ерекшеліктерін ажыратады;

1

қосжарнақты өсімдіктің сабағының
құрылысындағы ерекшелікті ажыратады;

1

Буынаяқтылар мен хордалы жануарлар кластарын ерекше белгілері бойынша сипаттайды

6

буынаяқтылар кластарының ерекше белгілерін
анықтайды;

1

хордалы жануарлар кластарының ерекше белгілерін анықтайды.

1


Жалпы балл саны

16

«Тірі ағзалардың көптүрлілігі» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика


Білім алушының аты-жөні



Бағалау критерийі

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Орташа

Жоғары

Балдырлар, мүктер, қырықжапырақ тәріздестер, ашық және жабықтұқымдылар мысалында өсімдіктердің ерекшеліктерін сипаттайды

Балдырлар, мүктер, қырықжапырақ тәріздестер, ашық және жабықтұқымдылар мысалында өсімдіктердің ерекшеліктерін сипаттауда қиналады.

Балдырлармен мүктердің құрылысын салыстыруда / мүк / қырықжапырақ тәріздестер / ашықтұқымдылар / жабықтұқымдылар мысалында
өсімдіктердің ерекшеліктерін анықтауда қателіктер жібереді.

Балдырлар, мүктер, қырықжапырақ тәріздестер, ашық және жабықтұқымдылар мысалында өсімдіктердің ерекшеліктерін сипаттайды.

Ашықтұқымдылар, балдырлар, мүктер және қырықжапырақ тәріздестер құрылыстарындағы
ерекшеліктерді анықтайды және ажыратуда қиналады.

Ашықтұқымдыларға / балдырларға
/ мүктерге / қырықжапырақ тәріздестерге тән құрылыстарындағы ерекшеліктерді анықтауда қателіктер жібереді.

Ашықтұқымдылар, балдырлар, мүктер және қырықжапырақ тәріздестер құрылыстарындағы
ерекшеліктерді анықтайды және ажыратады

Саңырауқұлақтардың негізгі белгілерін сипаттайды

Саңырауқұлақтардың
жасушасындағы ерекшелікті сипаттауда қиналады.

Саңырауқұлақтардың
жасушасындағы ерекшелікті сипаттауда қателіктер жібереді.

Саңырауқұлақтардың
жасушасындағы ерекшелікті толық сипаттайды.

Саңырауқұлақтардың құрылыс ерекшелігін сипаттауда қиналады.

Саңырауқұлақтардың құрылыс ерекшелігін сипаттауда қателіктер
жібереді.

Саңырауқұлақтардың құрылыс ерекшелігін толық сипаттайды.

Даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктерді негізгі белгілеріне қарай ажыратады

Даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктер кластарын негізгі белгілерін ажыратуда қателіктер жібереді.

Даражарнақты / қосжарнақты өсімдіктің тамырындағы / жапырақ жүйкеленуіндегі / сабағының құрылысындағы ерекшеліктерін
ажыратуда қателіктер жібереді.

Даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктер кластарын негізгі белгілерін ажыратады.

Буынаяқтылар мен хордалы жануарлар кластарын ерекше белгілері бойынша сипаттайды

Буынаяқтылар / хордалы жануарлар кластарының ерекше белгілерін анықтауда қиналады.

Буынаяқтылар / хордалы жануарлар кластарының ерекше белгілерін анықтауда қателіктер жібереді.

Буынаяқтылар мен хордалы жануарлар кластарын ерекше белгілері бойынша сипаттайды


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет