Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік нұсқаулықтар Биология 8-сынып



бет2/18
Дата30.04.2023
өлшемі1,86 Mb.
#175765
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Жиынты ба алау а арнал ан дістемелік н с аулы тар Биология 8-с

Оқыту мақсаттары

8.4.2.2 прокариот және эукариот жасушалардың құрылысын салыстыру
8.4.2.1 өсімдіктер мен жануарлардың ұлпаларын классификациялау

        1. биологиялық мысалдарды пайдаланып, полимерлер мен мономерлер арасындағы айырмашылықты сипаттау

        2. көмірсулар мен липидтің құрылымы мен биологиялық қызметтерін сипаттау

        3. нәруыздардың биологиялық құрылымы мен қызметі

Бағалау критерий

Білім алушы

  • Прокариот және эукариот жасушаларының құрылысын салыстырады

  • Өсімдіктер мен жануарлардың ұлпаларын жіктейді

  • Полимерлер мен мономерлердің арасындағы айырмашылықты биологиялық мысалдар арқылы сипаттайды

  • Көмірсулар мен липидтердің құрылымы мен қызметін сипаттайды

  • Нәруыздардың құрылымы мен қызметін сипаттайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну және қолдану

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырмалар



  1. Прокариот жасушасы құрылымында кездеспейтін органоидты көрсетіңіз. А) жасуша мембранасы

В) рибосома С) ядро

    1. цитоплазма




  1. Прокариот және эукариот жасушасы құрылысындағы ортақ құрылымды табыңыз. А) аппарат Гольджи

В) рибосома С) лизосома

    1. ядро

3. Төмендегі суреттер де қандай ағзаның жасушалары берілген, атаңыз.

А.


В.
С.



    1. А және С суреттердегі жасушалардың құрылымын «-», «+» белгілеңіз.



Жасуша құрылымы

А

С

Жасуша қабырғасы







Хлоропласт







Цитоплазма







Митохондрия










      1. Cуретте берілген жасушалар қай ұлпаға жатады және оның қызметін жазыңыз.



  1. Ұлпа түрі: Қызметі:




  1. Ұлпалардың түрі мен құрылысын және қызметін сәйкестендіріңіз.




Ұлпа түрлері

Құрылысы

Қызметі

Бұлшықет ұлпасы (A)

Жасушалары бір-біріне тығыз жанасады, жасушаралық заттары нашар
дамыған (1)

Қоректік,тасымалдау және қорғаныш қызметтерін атқарады (d)

Дәнекер ұлпасы (B)

Ұлпа ұзындығы 1-45 мм, кейбірі 12 сантиметрге жететін көп ядролы ет
талшықтарынан тұрады (2)

Зат алмасуды реттеуге қатысады (e)

Эпителий ұлпасы(C)

Жасушааралық заттар
қызметіне байланысты әр

Жиырылу және жазылу
қызметін атқарады (f)




түрлі болып келеді (3)







      1. Полимерге жататын қосылысты белгілеңіз.

        1. амин қышқылдары

        2. глюкоза

        3. сутегі

        4. крахмал




  1. Мономер мен полимердің айырмашылықтарын сипаттаңыз. Биологиялық мысалдар келтіріңіз.

Мономер

Полимер







Мысалдар









6 (i). Кестені толтырыңыз, тұжырымдаманы сәйкестендіріңіз.



Көмірсулар

Майлар

Нәруыздар












Тұжырымдамалар.

  1. Өсімдік жасушаларында қорға жиналатын зат – крахмал.

  2. Энергетикалық қызмет атқарады, себебі оның 1 грамы ыдырағанда 38,9кДж энергия түзіледі.

  3. Мақта талшығында 98 пайыз целлюлоза болады.

  4. Адам және жануарлардың асқорыту жүйесінде ферменттер маңызды рөл атқарады.

  5. Тасымалдау қызметін гемоглобин атқарады.

  6. Тері, шаш және көздің нұрлы қабықшасында меланин түс береді.




  1. Биологиялық есеп.

1 грамм нәруыз тотыққанда түзілетін энергия 1 грамм көмірсу тотыққандағы энергиямен бірдей. Не себепті ағза нәруыздарды – энергия көзі ретінде тек аса қажет жағдайда ғана пайдаланады? Түсіндіріңіз?



Бағалау
критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Прокариот және эукариот жасушаларының құрылысын салыстырады.

1

прокариот жасушасы құрылымында
кездеспейтін органоидты көрсетеді;

1

2

прокариот және эукариот жасушасы құрылысындағы ортақ құрылымды
анықтайды;

1

3 (і)

суреттер арқылы жасуша құрылымына
сәйкес ағзаларды анықтайды;

3

(ii)

А және С суреттер арқылы жасуша құрылымынан жасуша қабырғасының бар жоқтығын анықтайды;

1

А және С суреттер арқылы жасуша
құрылымынан хлоропласты анықтайды;

1

А және С суреттер арқылы жасуша құрылымынан цитоплазманың бар
жоқтығын анықтайды;

1

А және С суреттер арқылы жасуша құрылымынан митохондрияның кездесетіндігін анықтайды;

1

Өсімдіктер мен жануарлардың ұлпаларын жіктейді.

4

суретте берілген ұлпаны атап,қызметін жазады;

1

(ii)

ұлпалардың түрлері:
бұлшықет, дәнекер және эпителий ұлпаларының құрылысын және қызметтерін сәйкестендіреді;

1

1

1

Полимерлер мен мономерлердің арасындағы айырмашылықты биологиялық мысалдар арқылы
сипаттайды.

5

полимер болатын қосылысты анықтайды;

1

(i)

мономер мен полимерге сипаттама береді және мономер мен полимерге мысал келтіреді;

3

Көмірсулар мен липидтердің құрылымы мен қызметін сипаттайды.

6(i)

берілген тұжырымдамаларға сәйкес көмірсу,май және нәруыздар қасиеттері мен қызметтерін сәйкестендіреді;

3

Нәруыздардың құрылымы мен қызметін
сипаттайды.

(iі)

нәруыздың биологиялық маңызын түсіндіреді.

5

Жалпы балл саны

25

«Жасушалық биология. Молекулалық биология.» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика


Білім алушының аты-жөні



Бағалау критерийі

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Орташа

Жоғары

Прокариот және эукариот жасушаларының құрылысын салыстырады.

Прокариот және эукариот жасушаларының құрылысын салыстыруда қиналады.

Прокариот жасушасы құрылымында кездеспейтін органоидты көрсетуде / жасушаларының құрамындағы ортақ құрылымды белгілеуде / суреттердегі ағзаның жасушаларының құрылымын: жасуша қабырғасын / хлоропласт / цитоплазма / митохондрияны қай ағзада болатынын
анықтауда қателіктер жібереді.

Прокариот және эукариот жасушаларының құрылысын дұрыс салыстырады.

Өсімдіктер мен
жануарлардың ұлпаларын жіктейді.

Өсімдіктер мен жануарлардың ұлпаларын жіктеуде қиналады.

Өсімдік ұлпасының түрлерін анықтауда / негізгі / тірек / өткізгіш ұлпалардың қызметін анықтауда / Жануардың ұлпасының түрлерін / қызметін сурет арқылы анықтауда / бұлшықет
/ дәнекер / эпителий ұлпаларының құрылысын / қызметін сәйкестендіруде
қателіктер жібереді.

Өсімдіктер мен жануарлардың ұлпаларын жіктейді.

Полимерлер мен мономерлердің арасындағы айырмашылықты биологиялық мысалдар
арқылы сипаттайды.

Полимерлер мен мономерлердің арасындағы айырмашылықты биологиялық мысалдар арқылы сипаттауда қиналады.

Полимер болатын қосылысты анықтауда / мономер мен полимерге сипаттама беруде / мысал келтіруде қателіктер жібереді.

Полимерлер мен мономерлердің арасындағы айырмашылықты биологиялық мысалдар арқылы сипаттайды.

Көмірсулар мен липидтердің құрылымы мен қызметін сипаттайды.

Көмірсулар мен липидтердің құрылымы мен қызметін сипаттауда қиналады.

Өсімдік жасушасының қабырғасы қандай көмірсудан тұратынын / буынаяқтылардың қаңқасы неден тұратынын анықтауда
қателіктер жібереді.

Көмірсулар мен липидтердің құрылымы мен қызметін сипаттайды.

Нәруыздардың құрылымы мен қызметін сипаттайды.

Нәруыздардың құрылымы мен қызметін сипаттауда қиналады.

Нәруыздардың қасиеттерін анықтауда / тұжырымдамаларға сәйкес көмірсу / май / нәруыздың қасиеттерін / қызметтерін сәйкестендіруде / нәруыздардың биологиялық
маңызын түсіндіруде қателіктер жіберді.

Нәруыздардың құрылымы мен қызметін сипаттайды.

8


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет