Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 10-сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт) Нұр-Сұлтан қ., 2019 Құрметті мұғалім!



бет2/14
Дата10.11.2022
өлшемі2,22 Mb.
#157635
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
osh sor kazahskiy-jazyk emn 10-klass kaz

Бағалау критерийі Білім алушы

 Көтерілген мәселенің (қоғамдық-саяси) негізгі ойын


ақытап, ғаламдық мәселелермен байланыстырады
 Интонация: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті
сөйлеу мәнеріне сай қолданады


Ойлау дағдыларының Қолдану


деңгейі
Орындау уақыты 15-20 минут


Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз.


Елбасы: «Ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды»

Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысы «Егемен Қазақстан» газетінде шыққан «Болашаққа бағдар – ұлттық жаңғыру» атты мақаласында жазды.


«Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Оның екі қыры бар. Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту. Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту. Қазір салтанат құрып тұрған жаңғыру үлгілерінің қандай қатері болуы мүмкін? Қатер жаңғыруды әркімнің ұлттық даму үлгісін бәріне ортақ, әмбебап үлгіге алмастыру ретінде қарастыруда болып отыр. Алайда өмірдің өзі бұл пайымның түбірімен қате екенін көрсетіп берді. Іс жүзінде әрбір өңір мен әрбір мемлекет өзінің дербес даму үлгісін қалыптастыруда», - деді ол.


Кәсіби біліктілігіне қарап бағаланатын меритократиялық қоғам жең ұшынан жалғасқан тамыр-таныстықты көтермейтіндігіне тоқталып өткен елбасы, жершілдік мәселесіне де назар аударып өтті:


«Әрине, туған жердің тарихын білген және оны мақтан еткен дұрыс. Бірақ одан да маңыздырақ мәселені – өзіңнің біртұтас ұлы ұлттың перзенті екеніңді ұмытуға әсте болмайды. Осының бәрін егжей-тегжейлі айтып отырғандағы мақсатым – бойымыздағы жақсы мен жаманды санамалап, теру емес. Мен қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын. Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек».



4


  1. «Ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, қоғамда қандай өзгерістер орын алатын еді?» деген сұраққа «ЭСӘТ талдау» әдісі арқылы жауап беріңіз.

Э (экономикалық) С (саяси)
Ә (әлеуметтік) Т (технологиялық)

  1. Мәтіннің негізгі идеясын білдіретін тірек сөздерді сызба түрінде құрылымдап көрсетіңіз.

Мәтіннің
негізгі


идеясы



  1. Елбасымыз өз Жолдауында «Мен қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын. Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек» деген Елбасының осы қағидасымен келісесіз бе? Ойыңызды жазбаша 3-4 сөйлеммен білдіріңіз.

______________________________________________________________________________


______________________________________________________________________________



  1. «Өркениет өмірге келмес бұрын ең бірінші мәдениетттің басын жалмайды» (Хантингтон). «Қалай ойлайсыз, өркениет өрге сүйреп бара ма, көрге ме?» деген сұраққа өз пікіріңізді білдіріңіз. Сөйлеу барысында интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолданыңыз.

5


Бағалау критерийі





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет