1-тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Мәтіндегі айтылған пікірлермен келісесің бе? Неліктен?
Бірде белгілі ғұлама Альберт Эйнштейн «Қолыңызды бір минут ыстық оттың
үстінде ұстап тұрсаңыз, бұл минут сізге бір сағаттай болып көрінеді, ал сүйікті ісіңізбен айналысуға өткізген бір сағатыңыз бір минуттай болып өте шығады» деген екен.
Біздің өміріміздегі ең қымбат нәрсе – ол алтын уақытымыз . Ол ешқашан қайта айналып келмейді. Сондықтан да адамдар өз уақытын үнемдей білуі керек. Өзгелердің де уақытын бағалауы қажет. Уақытты босқа өткізбеу үшін күн тәртібін жоспарлап үйрену қажет. Осы қасиетті бойыңа жас кезіңнен қалыптастыру керек. Әрбір минутыңды үнемдеп, пайдалы жұмсауға дағдылан. Сонда ғана табысқа қол жеткізіп, өз қабілетіңді, күшіңді толық жұмсай аласың.
Мәтіндегі «алтын уақыт» деген сөз тіркесі қандай мағынада қолданылып тұр? А) уақыттың құны В) уақыттың қадірі
C) уақыттың пайдасы D) уақыттың бөлшегі
2-тапсырма
Уақытты тиімді пайдалану үшін не істеу керек? Тыңдарманның назарын аудару үшін дауыс ырғағын, қаратпа сөздерді қолдана отырып, әңгімеле.
16