Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде) 3-сынып



бет10/30
Дата07.02.2022
өлшемі0,67 Mb.
#89324
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30
Байланысты:
aza -tili-zhb

Бағалау критерийі

Білім алушы:

  • Өзгенің пікіріне қатысты көзқарасын білдіреді

  • Сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды

  • Қаратпа сөздерді орынды қолданады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

20 минут

1-тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Мәтіндегі айтылған пікірлермен келісесің бе? Неліктен?

Бірде белгілі ғұлама Альберт Эйнштейн «Қолыңызды бір минут ыстық оттың үстінде ұстап тұрсаңыз, бұл минут сізге бір сағаттай болып көрінеді, ал сүйікті ісіңізбен айналысуға өткізген бір сағатыңыз бір минуттай болып өте шығады» деген екен.


Біздің өміріміздегі ең қымбат нәрсе – ол алтын уақытымыз. Ол ешқашан қайта айналып келмейді. Сондықтан да адамдар өз уақытын үнемдей білуі керек. Өзгелердің де уақытын бағалауы қажет. Уақытты босқа өткізбеу үшін күн тәртібін жоспарлап үйрену қажет. Осы қасиетті бойыңа жас кезіңнен қалыптастыру керек. Әрбір минутыңды үнемдеп, пайдалы жұмсауға дағдылан. Сонда ғана табысқа қол жеткізіп, өз қабілетіңді, күшіңді толық жұмсай аласың.

  • Мәтіндегі «алтын уақыт» деген сөз тіркесі қандай мағынада қолданылып тұр? А) уақыттың құны

В) уақыттың қадірі

  1. уақыттың пайдасы

  2. уақыттың бөлшегі



2-тапсырма
Уақытты тиімді пайдалану үшін не істеу керек? Тыңдарманның назарын аудару үшін дауыс ырғағын, қаратпа сөздерді қолдана отырып, әңгімеле.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет