Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде) 3-сынып



бет8/30
Дата07.02.2022
өлшемі0,67 Mb.
#89324
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30
Байланысты:
aza -tili-zhb

Жалпы балл

3

16

11
  1. Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі


«Қазақ тілі» пәнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары

Тыңдалым және айтылым





  1. Мәтінді мұқият тыңда. Сұрақтарға жауап бер.







  • Нұрлыбек күшігін неліктен Ақтөс деп атады?




  • Ол күшігінің қандай іс-әрекетіне мәз болады?




  • Сенің қандай сүйікті жануарың бар? Сұрақтарды пайдаланып, сүйікті жануарың туралы әңгімеле.

    • Сен оған қандай ат қойдың?

    • Оның сыртқы сипаты қандай?

    • Оның қандай әдеттері бар?

    • Сен онымен бірге уақытыңды қалай өткізесің?

[6]

Балл қою кестесі


Тапсырма


Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

1


Күшіктің төсі ақ болғандықтан

1




Тауықтарды қуалағанына/ Есік алдындағы тауықтарды қуып, маза бермегені үшін күледі/

1

Сұрақтың мазмұнына сәйкес баламалы жауаптар қабылданады.

Білім алушының ықтимал жауабы: Менің сүйкімді мысығым бар. Оның түсі қара, бауыры ақ. Мен оны Ақбауыр деп атадым. Ақбауыр әлі кішкентай. Ол жіппен ойнағанды жақсы көреді.

1

Сұрақтарға сәйкес жүйелі мәтін құрастырады.

1

Сөйлемдердің құрылымын сақтайды.

1

Сөйлеу кезінде ойын жүйелі жеткізеді.

1

Сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.

Жалпы балл

6




Оқылым



  1. Мәтінді оқы. Сұрақтарға жауап бер. Тапсырмаларды орында.



    • Мәтіннің кейіпкерлерін жаз.

    • Әлім неліктен төмен қарады?

    • Саған қай кейіпкердің іс-әрекеті ұнады немесе ұнамады? Неліктен?




  • Мәтінге ат қой.

  • Мәтіннің негізгі ойына сәйкес келетін мақалды белгіле ().



[5]

Балл қою кестесі





Тапсырма


Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

2

Сәлім, Әлім, қарт



1


Кемінде 2 кейіпкер аталған жағдайда 1 балл қойылады.
Ата/қария/қарт кісі сөздері де қабылданады.

Үлкен кісімен сәлемдеспегеніне ұялды/ Қарттың айтқан сөзінен
ұялды/ Өз ісіне өкінді/

1

Сұрақтың мазмұнына сәйкес баламалы, қысқа және толық жауаптар қабылданады.

Білім алушының ықтимал жауабы: Сәлімнің іс-әрекеті ұнады. Себебі ол қарт кісімен амандасты/ Сәлім, өйткені ол атаға сәлем берді/ Әлімнің танымайтын кісімен сәлемдеспейтіні ұнамады/ Әлім ұнамады, себебі танымайтын
адамдармен амандаспады.

1

Әдепті бала/Достар/Күтпеген қонақ

1

Мәтіннің мазмұнына сәйкес басқа тақырыптар да
қабылданады.

Әдептілік белгісі – иіліп сәлем
бергені

1




Жалпы балл

5






Жазылым

  1. Мәтіннен қаратпа сөздерді теріп жаз. Оларды қатыстырып, қаратпа сөзі бар 2 сөйлем құрап жаз.



Қаратпа сөздер:
Cөйлемдер:
1)
2)

[5]

Балл қою кестесі





Тапсырма


Жауап

Балл



Қосымша ақпарат

3

Балам

1




Ата

1

Балам, мені көшеден өткізіп
жіберші/Иә, балам, оқып жүрсің бе?/ Су бере салшы, балам!/…

1

Тапсырманың мазмұнына сәйкес баламалы сөйлемдер де қабылданады.

Қайырлы таң, ата!/ Ата, қайда бара жатырмыз? Иә, ата, тыңдап тұрмын/

1




Қаратпа сөздің тыныс белгісін дұрыс қояды.

1




Жалпы балл

5





  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.


Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет