Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар Қазақ тілі



бет6/20
Дата20.12.2023
өлшемі1,71 Mb.
#197901
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Æèûíòû? áà?àëàó?à àðíàë?àí ?ä³ñòåìåë³ê ?ñûíûñòàð ?àçà? ò³ë³
СИЛЛАБУС 2023-2024 Кинетика и электрохимия 4, 471852.pptx
2-тапсырма
Мәтінді оқып, мазмұн бойынша шағын жоспар құрыңыз.
Сол күні қазақтың ең әдемі аруы атағы үшін 21 үміткер сынға түсті. Көркіне ақылы сай қаракөз қыздарымыздың барлығы да жеңістен үмітті. Алайда, елдің ең сұлу аруы атану үшін бойжеткендерімізге жеңіл болған жоқ. Байқауға қатысушыларға қойылған талаптар өте жоғары болды. Бұл сайыста арулар сұлу әрі көрікті ғана емес, сондай-ақ ана тілін құрметтейтін, тарихын, салт-дәстүрін білетін, әдебиет пен мәдениеттен хабары болуы шарт.
Байқау бірнеше кезеңнен тұрды. Мұнда бойжеткендер шығармашылық және зияткерлік белсенділіктерін көрсетті. Сынға түскен аруларымыз сондай-ақ, қазақ эстрада жұлдыздарымен бірге ән шырқап, би билеп, өнерлерін паш етті. Арулардың өнерін белгілі тележүргізуші Айгүл Мүкей, отандық опера примасы Нұржамал Үсенбаева, ақын Айнұр Тұрсынбаева, байқаудың продюсері Баян Есентаева, театр және кино актері Ғани Құлжановтар бағалады.
«Қазақ аруы» байқауының бас жүлдесі 20 жасар маңғыстаулық Гүлназ Жолановаға бұйырды. Ару тәжін Гүлназға байқаудың былтырғы жеңімпазы Әйгерім Қанатбаева табыстады.
Жоспар
Кіріспе бөлім ____________________________
Негізгі бөлім ____________________________
Қорытынды бөлім ________________________


3-тапсырма

  • Сізге досыңыздан хат келді делік. Хатқа жауап жазыңыз. Қажетті бейнелеуіш құралдарды, тура және ауыспалы, көп мағыналы сөздерді қолданыңыз.




Сәлем, Бақытжан!
Хал қалай? Өзім жақсымын. Отбасым аман-есен. Мен өз фирмамды ашқым келеді. Онда шаштараз, сән салоны болады деп ойлаймын. Барлық қағаздарды дайындап жатырмын.
Сенен бір көмек керек. Фирмамды қалай атауды білмей тұрмын. Сенің ойыңша, атау қандай болу керек? Мүмкін, қос атау ма? Немесе тарихи атау ма?



4-тапсырма
Мәтінді мұқият оқып шығып, көлемі шамамен 10-15 сөзден тұратын жинақы мәтін жазыңыз.

«Отан отбасынан басталады» деп жатамыз. Жанұяның береке-бірлігі – әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы. Өйткені ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің. Отбасы – ол да бір шағын ғана мемлекет.


15 мамыр - халықаралық отбасы күні. Атаулы күн  1993 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен бекітілген. Бұл күнді белгілеу түрлі мемлекеттерде қоғамның назарын отбасына аудару қажеттігінен туындаған. Отбасы күні алғаш рет 1994 жылы аталып өтті.
Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі деп білеміз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет