жиынтық бағалаудың нəтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийлері
|
Оқу жетістіктерінің деңгейі
|
Төмен
|
Орта
|
Жоғары
|
Қазақ халқы қалыптасуының негізгі кезеңдерді сипаттайды
|
Қазақ халқы қалыптасуының негізгі кезеңдерін (андронов/сақ/түркі/моңғол) сипаттауда қиналады
|
Қазақ халқы қалыптасуының негізгі кезеңдерін (андронов/сақ/түркі/моңғол) сипаттауда қателіктер жібереді
|
Қазақ халқы қалыптасуының негізгі кезеңдерін сипаттайды
|
«Қазақ» этнонимі туралы пікірлерді талдайды
|
«Қазақ» этнонимі туралы пікірлерді(Радлов/ Уәлиханов/Құдайбердіұлы/ Кәрібаев/ Бернштам/ Рузбихан) сәйкестендіруде қиналады
|
«Қазақ» этнонимі туралы пікірлерді(Радлов/ Уәлиханов/Құдайбердіұлы/ Кәрібаев/ Бернштам/ Рузбихан) сәйкестендіруде қателіктер жібереді
|
«Қазақ» этнонимі туралы пікірлерді сәйкестендіреді
|
16
«Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып
|
Қазақ хандығының құрылуы
|
Оқу мақсаты
|
6.2.3.4 М.Х.Дулатидің «Тарихи-Рашиди» еңбегінің маңыздылығын түсіндіру
6.3.1.9 Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызын анықтау
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
М.Х.Дулатидің «Тарихи-Рашиди» еңбегінің маңыздылығын сипаттайды
Қазақ хандығының құрылуының маңыздылығын факторлар арқылы сипаттайды
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
|
Орындау уақыты
|
20 минут
|
Тапсырма
Мәтінді қолданып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и Рашиди» еңбегінен үзінді
Бұл уақытта Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол Жошы тегінен тараған сұлтандарға көп зардап шектірді. Жәнібек хан мен Керей хан одан қашып, Моғолстанға барды. Есен-Бұға хан оларды жылы шыраймен қабылдап, Моғолстанның батыс шебін құрайтын Шу және Қозыбасы округтерін берді.
Кейбір жошылық сұлтандар Әбілхайыр хан тарапынан төніп келе жатқан қатерді алдын-ала сезіп, оны болдырмауға тырысты. Сол мақсатпен олар Керей хан, Жәнібек сұлтан және сол сияқтылар азғантай адамдары мен Әбілхайыр ханнан қашып, Моғолстанға келді.
Сол уақытта Моғолстан хандығын билеу кезегі Есенбұға ханға жеткен еді. Есенбұға хан оларды қатты құрметтеп, оларға Моғолстанның бір шетін бөліп берді. Олар осы жерден қауіпсіз жайлы қоныс тапты. Қазақ сұлтандарының билігі 870 жылдан (хижра бойынша) басталады. Аллаға бәрі мәлім.
(М.Х.Дулати. Тарих-и Рашиди. Алматы 2003, 305-306-беттер)
Керей мен Жәнібек бастаған қазақ елін Моғолстан билеушісі не себепті құшақ жая қарсы алды?
Еңбектің маңыздылығын 2 дәйекпен түсіндіріңіз.
Кестеде Қазақ хандығының құрылуының салалар бойынша тарихи маңызын дәлелдеңіз.
Саяси маңызы
|
Экономикалық маңызы
|
Әлеуметтік-этникалық маңызы
|
1
2
|
1
2
|
1
2
|
Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызы
|
Бағалау критерийі
|
Тапсырма
№
|
Дескриптор
|
Балл
|
Білім алушы
|
М.Х.Дулатидің
«Тарихи-Рашиди» еңбегінің маңыздылығын сипаттайды
|
1
|
Керей мен Жәнібек бастаған қазақтарды Моғолстанның билеушісінің қарсы алу себебін көрсетеді;
|
1
|
еңбектің маңыздылығын бірінші дәйекпен
түсіндіреді;
|
1
|
еңбектің маңыздылығын екінші дәйекпен
түсіндіреді;
|
1
|
Қазақ хандығының құрылуының маңыздылығын факторлар арқылы сипаттайды
|
2
|
Қазақ хандығының құрылуына ықпал
еткен 1-саяси факторды кестеге жазады;
|
1
|
Қазақ хандығының құрылуына ықпал
еткен 2-саяси факторды кестеге жазады;
|
1
|
Қазақ хандығының құрылуына ықпал
еткен 1-экономикалық факторды кестеге жазады;
|
1
|
Қазақ хандығының құрылуына ықпал
еткен 2-экономикалық факторды кестеге жазады;
|
1
|
Қазақ хандығының құрылуына ықпал
еткен 1-әлеуметтік-этникалық факторды кестеге жазады;
|
1
|
Қазақ хандығының құрылуына ықпал
еткен 2-әлеуметтік-этникалық факторды кестеге жазады;
|
1
|
Қазақ хандығының құрылуының тарихи
маңызын жазады.
|
1
|
Жалпы балл
|
10
|
Достарыңызбен бөлісу: |