Жиынтық бағалауға арналған əдістемелік ұсыныстар
Қазақстан тарихы 6-сынып
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 6-сынып білім алушыларына «Қазақстан тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) 6-сыныптың
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныстар жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері мен мектеп әкімшілігіне, мектеп білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.
МАЗМҰНЫ
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 4
«VI – IX ғасырлардағы Қазақстан» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 4
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 7
«X ғасыр – XІІІ ғасырдың басындағы Қазақстан» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 7
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 11
«XIII – XV ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 11
«Қазақ халқының қалыптасуы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 14
«Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 17
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 21
«Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 21
«XVI – XVII ғасырлардағы экономика мен мәдениет» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 24
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«VI – IX ғасырлардағы Қазақстан» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып
|
Қазақстан аумағындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер Көне түркі жазуы
|
Оқу мақсаты
|
6.3.1.2 VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау
6.2.3.1 Көне түркі жазуының тарихи маңызын түсіндіру
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
Мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетеді
Көне түркі жазуының тарихи маңыздылығын сипаттайды
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Қолдану
|
Орындау уақыты
|
20 минут
|
Тапсырма
Кестені толтырыңыз.
Мемлекеттің атауы
|
Мемлекеттердің
дамуындағы ерекшеліктері
|
Мемлекеттердің дамуындағы
ұқсастықтар
|
Түрік қағанаты
|
|
|
Батыс түрік
қағанаты
|
|
Түргеш қағанаты
|
|
Қарлұқ қағанаты
|
|
Деректен үзінді оқи отырып, төмендегі сұраққа жауап беріңіз.
Күлтегін жырынан үзінді
Түркі халқы үшін Түн ұйықтамадым, Күндіз отырмадым.
Інім Күлтегінмен бірге, Екі шадпен бірге,
Өліп-тіріліп ұлғайттым. Біраз ұлғайтып,
Біріккен халықты от-су қылмадым. Сөйтіп, Тәңірі жарылқады.
Бағым болғандықтан, Сәті түскендіктен
Өлімші халықты тірілттім.
Жалаңаш халықты тонды, Кедей халықты бай қылдым. Аз халықты көп қылдым, Тату елге жақсылық қылдым. Төрт бұрыштағы халықты Бәрін бейбіт қылдым,
Тату қылдым,
Бәрі маған бағынды.
Білге қағанның мемлекетті нығайтудағы рөліне екі дәлел келтіріңіз.
Көне түрік жырының тарихи маңызына үш дәлел келтіріңіз.
Бағалау критерийі
|
Тапсырма
№
|
Дескриптор
|
Балл
|
Білім алушы
|
Мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетеді
|
1
|
Түрік қағанатының дамуының ерекшелігін көрсетеді;
|
1
|
Батыс түрік қағанатының дамуының
ерекшелігін көрсетеді;
|
1
|
Түргеш қағанатының дамуының
ерекшелігін көрсетеді;
|
1
|
Қарлұқ мемлекетінің дамуының
ерекшелігін көрсетеді;
|
1
|
мемлекеттердің дамуындағы
ұқсастықтарды жазады;
|
1
|
Көне түркі жазуының тарихи маңыздылығын сипаттайды
|
2
|
Білге қағанның мемлекетті нығайтудағы ролі туралы 1-дәлел келтіреді;
|
1
|
Білге қағанның мемлекетті нығайтудағы
ролі туралы 2-дәлел келтіреді;
|
1
|
Көне түркі жазуының тарихи
маңыздылығына 1-дәлел келтіреді;
|
1
|
Көне түркі жазуының тарихи
маңыздылығына 2-дәлел келтіреді;
|
1
|
Көне түркі жазуының тарихи
маңыздылығына 3-дәлел келтіреді.
|
1
|
Жалпы балл
|
10
| «VI – IX ғасырлардағы Қазақстан» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нəтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийлері
|
Оқушылардың оқу жетістігі деңгейлері
|
Төмен
|
Орта
|
Жоғары
|
Мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетеді
|
Мемлекеттердің (түрік/батыс түрік/түргеш/қарлұқ) даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетуде қиналады
|
Мемлекеттердің (түрік/батыс түрік/түргеш/қарлұқ) даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен
айырмашылықтарын көрсетуде қателіктер жібереді
|
Мемлекеттердің даму
ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетеді
|
Көне түркі жазуының тарихи маңыздылығын сипаттайды
|
Білге қағанның мемлекетті нығайтудағы рөліне 1/2 дәлел келтіруде, көне түркі жазуының тарихи маңыздылығына 1/2/3 дәлел келтіруде қиналады
|
Білге қағанның мемлекетті нығайтудағы рөліне 1/2 дәлел келтіруде, көне түркі жазуының тарихи маңыздылығына 1/2/3 дәлел келтіруде қателіктер жібереді
|
Білге қағанның мемлекетті нығайтудағы рөлін, Көне түркі жазуының тарихи маңыздылығын сипаттайды
|
6
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«X ғасыр – XІІІ ғасырдың басындағы Қазақстан» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып
|
X ғасыр - XIII ғасырдың басындағы Қазақстан территориясындағы саяси процестер
Орта ғасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына Ұлы Жібек жолының ықпалы
Түріктердің материалдық және рухани мәдениеті
|
Оқу мақсаты
|
6.3.1.3 X ғасыр - XIII ғасырдың басындағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау
6.4.2.1 Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына әсерін анықтау
6.2.2.4 Түркі кезеңіндегі қоғамды бейнелеуде М.Қашғари, Ж.Баласағұни және А.Яссауи еңбектерінің тарихи құндылығын түсіндіру
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
Қарахан және Қыпшақ мемлекеттерінің ерекшеліктері мен ұқсастықтарын анықтайды
Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына әсерін көрсетеді
Түркі кезеңіндегі қоғамды бейнелеуде М.Қашғари, А.Яссауи еңбектерінің тарихи құндылығын
сипаттайды
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Білу және түсіну Қолдану
|
Орындау уақыты
|
20 минут
|
Тапсырма
Кестені толтырыңыз.
Мемлекеттер
|
Ұқсастықтары
|
Ерекшелігі
|
Қарахан
|
|
|
Қыпшақ
|
|
Суретпен жұмыс.
Суретті қолданып, Ұлы Жібек жолының Қазақстандағы қала құрылысының, сауданың және қолөнердің дамуына әсерін анықтап, 3 дәлел келтіріңіз:
1.
2.
3.
Кестені толтырыңыз.
Ғұламалар
|
Еңбегінің атауы
|
Еңбегінің құндылығы
|
Махмуд Қашғари
|
|
|
Қожа Ахмет Яссауи
|
|
|
Бағалау критерийі
|
Тапсырма №
|
Дескриптор
|
Балл
|
Білім алушы
|
Қарахан және Қыпшақ мемлекеттерінің ерекшеліктерін, айырмашықтары мен ұқсастықтарын анықтайды
|
1
|
Қарахан мемлекеті мен Қыпшақ мемлекетінің ұқсастығын жазады;
|
1
|
Қарахан мемлекетінің ерекшелігін жазады;
|
1
|
Қыпшақ мемлекетінің ерекшелігін жазады;
|
1
|
Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына әсерін көрсетеді
|
2
|
қала құрылысының дамуы туралы
дәлел келтіреді;
|
1
|
сауданың дамуы туралы дәлел
келтіреді;
|
1
|
қолөнердің дамуы туралы дәлел
келтіреді;
|
1
|
Түркі кезеңіндегі қоғамды бейнелеуде М.Қашғари, А. Яссауи еңбектерінің тарихи құндылығын сипаттайды
|
3
|
Махмуд Қашғаридің еңбегінің атауын
көрсетеді;
|
1
|
Махмуд Қашғаридің еңбегінің
құндылығын көрсетеді;
|
1
|
Қожа Ахмет Яссауи еңбегінің атауын
көрсетеді;
|
1
|
Қожа Ахмет Яссауи еңбегінің
құндылығын көрсетеді.
|
1
|
Жалпы балл
|
10
|
Достарыңызбен бөлісу: |