Жиынтық бағалауға арналған əдістемелік ұсыныстар Қазақстан тарихы 6-сынып


ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР



бет2/8
Дата05.12.2022
өлшемі465,47 Kb.
#161201
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1 !15-БЖБ Қазақстан тарихы 6-сын қаз
2 5190762500303361851, sikca-sorulan-sorular, docx1538507230, Аминдер.Амин қышқылдары, 3BE840B3-8663-48BD-A1BE-ADCD9BD9AFF0, 3 сағ ЖМБ төм 11 кл

ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР




«VI – IX ғасырлардағы Қазақстан» бөлімі бойынша жиынтық бағалау




Тақырып

Қазақстан аумағындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер Көне түркі жазуы

Оқу мақсаты

6.3.1.2 VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау
6.2.3.1 Көне түркі жазуының тарихи маңызын түсіндіру

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетеді

  • Көне түркі жазуының тарихи маңыздылығын сипаттайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

20 минут



Тапсырма



  1. Кестені толтырыңыз.



Мемлекеттің атауы

Мемлекеттердің
дамуындағы ерекшеліктері

Мемлекеттердің дамуындағы
ұқсастықтар

Түрік қағанаты







Батыс түрік
қағанаты




Түргеш қағанаты




Қарлұқ қағанаты







  1. Деректен үзінді оқи отырып, төмендегі сұраққа жауап беріңіз.

Күлтегін жырынан үзінді




Түркі халқы үшін Түн ұйықтамадым, Күндіз отырмадым.
Інім Күлтегінмен бірге, Екі шадпен бірге,
Өліп-тіріліп ұлғайттым. Біраз ұлғайтып,
Біріккен халықты от-су қылмадым. Сөйтіп, Тәңірі жарылқады.
Бағым болғандықтан, Сәті түскендіктен
Өлімші халықты тірілттім.
Жалаңаш халықты тонды, Кедей халықты бай қылдым. Аз халықты көп қылдым, Тату елге жақсылық қылдым. Төрт бұрыштағы халықты Бәрін бейбіт қылдым,
Тату қылдым,
Бәрі маған бағынды.

Білге қағанның мемлекетті нығайтудағы рөліне екі дәлел келтіріңіз.



Көне түрік жырының тарихи маңызына үш дәлел келтіріңіз.













Бағалау критерийі

Тапсырма


Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетеді



1


Түрік қағанатының дамуының ерекшелігін көрсетеді;

1


Батыс түрік қағанатының дамуының
ерекшелігін көрсетеді;

1

Түргеш қағанатының дамуының
ерекшелігін көрсетеді;

1

Қарлұқ мемлекетінің дамуының
ерекшелігін көрсетеді;

1


мемлекеттердің дамуындағы
ұқсастықтарды жазады;

1

Көне түркі жазуының тарихи маңыздылығын сипаттайды

2


Білге қағанның мемлекетті нығайтудағы ролі туралы 1-дәлел келтіреді;

1


Білге қағанның мемлекетті нығайтудағы
ролі туралы 2-дәлел келтіреді;

1

Көне түркі жазуының тарихи
маңыздылығына 1-дәлел келтіреді;

1

Көне түркі жазуының тарихи
маңыздылығына 2-дәлел келтіреді;

1

Көне түркі жазуының тарихи
маңыздылығына 3-дәлел келтіреді.

1


Жалпы балл

10

«VI – IX ғасырлардағы Қазақстан» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нəтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика


Білім алушының аты-жөні



Бағалау критерийлері

Оқушылардың оқу жетістігі деңгейлері

Төмен

Орта

Жоғары

Мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетеді

Мемлекеттердің (түрік/батыс түрік/түргеш/қарлұқ) даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетуде қиналады

Мемлекеттердің (түрік/батыс түрік/түргеш/қарлұқ) даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен
айырмашылықтарын көрсетуде қателіктер жібереді

Мемлекеттердің даму
ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетеді

Көне түркі жазуының тарихи маңыздылығын сипаттайды

Білге қағанның мемлекетті нығайтудағы рөліне 1/2 дәлел келтіруде, көне түркі жазуының тарихи маңыздылығына 1/2/3 дәлел келтіруде қиналады

Білге қағанның мемлекетті нығайтудағы рөліне 1/2 дәлел келтіруде, көне түркі жазуының тарихи маңыздылығына 1/2/3 дәлел келтіруде қателіктер жібереді

Білге қағанның мемлекетті нығайтудағы рөлін, Көне түркі жазуының тарихи маңыздылығын сипаттайды


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет