Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.
Досжан қолына шелек алып, құдыққа қарай беттеді. Құдық басында кісі көп екен. Жетпістегі Қалтай қария бүкшеңдеп су тартып жатыр. Бір-екі бала анадайда состиып қарап тұр. Досжан оларға алара бір қарады. Ол қарияның шелегін сұрап алды. Атын суғарып берді. Бағила әжейдің шелегін суға толтырып, үйіне дейін апарып берді.
Қариялар Досжанға алғыс айтып, батасын берді.
Берілген жоспарға сүйеніп, мазмұнда.
Жоспар:
Құдық басында
Досжанның көмегі