«Тірі табиғат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері
Тыңдалым және айтылым
Оқу мақсаты 3.1.1.1 Шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық
сұрақтар қою және жауап беру
Шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық/таңдауына қарай мазмұндау/ сахналау
Бағалаукритерийі Білім алушы
Шығарманың мазмұны бойынша сұрақтар қойып, жауап береді
3.2.3.1Шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді анықтау
3.3.1.1 Мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру
Биік таудың беткейінде үлкен емен ағашы өсіп тұратын.
Бірде өтіп бара жатқан жел еменді құлатпақ болып, бар күшімен үрлей бастады.
Ол қанша күшенсе де, емен былқ етпеді. Керісінше, жапырақтарын қимылдатып, желді мазақ қылғандай болды.
Ызаланған жел найзағай мен жаңбырды көмекке шақырды. Аспанды қап-қара бұлт басып, күн күркіреді. Найзағай ойнап, жаңбыр жауды. Емен одан сайын құлпыра түсті. Еменді құлата алмайтынын түсінген жел оның сырын сұрады.
- Мен туған жерімде өсемін, тамырларыммен туған топырағыма мықтап бекінгенмін. Менің күшті болуымның сыры осында, - деді емен.
(Л.М. Жариковтан аударылып, бейімделген)
Мәтіннің кейіпкерлерін жаз.
Мәтінге ат қой.
Мәтіннің негізгі ойын білдіріп тұрған сөйлемдерді көшіріп жаз.